«Білім бөлімі жанында интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектебі» кмм жарқайың ауданы



бет1/15
Дата22.10.2022
өлшемі466.16 Kb.
#463286
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
математика әлемі




Математика әлемі
Авторлық бағдарлама





Байдилдина Алтын Мырзахметовна
бастауыш сынып мұғалімі
«Білім бөлімі жанында интернаты бар
А. Үкібаев атындағы орта мектебі» КММ
Жарқайың ауданы
Ақмола облысы

Державин, 2019 жыл

«Математика әлемі» курсы –жалпы орта білім беретін мектептің 2- сынып оқушыларына арналып құрылған. Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал.

Құрастырушы: бастауыш сынып мұғалімі А.М.Байдилдина, /Ақмола обл. Жарқайың ауданы 2019жыл, 37 бет


№ 1 хаттама 30.10.2019жыл


әдістемелік бірлестік отырысында қаралды

Сараптау комиссиясының төрағасы: Р.Садвакасова


Пікір жазған: С.М.Фазылова

Пікір
Білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қалыптасатыны сөзсіз.Сондықтан бастауыш мұғалімдері aқ парақтай кіршіксіз оқушыға қалай тәлім, білім берсе орта буын, жоғары буынға барған кезде оқушылар сөзсіз білімді нақты игере алады.
А.М.Байдилдина жеке көзқарасы бар,соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын білікті маман.
Авторлық бағдарламада берілген тақырыптар практикада пайдаланылып, сараптаудан өткен, толықтырылған. «Математика әлемі»атты әдістемелік құралда оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған математикалық мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ребустар, математикалық диктанттар енгізілген.
Бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақтан тыс факультатив сабақтарында қолдануға болады. Берілген тақырыптар оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейін ескере отырып құрылған. Сонымен қатар, бастауыш сынып педагогтарының әдістемесі желісінде құрылған.Ұсынылып отырған тақырыптар тәжірибеде кеңінен қолданылу үшін толық сараптаудан өтілген. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өнделген. Оқушылардың ойлауын, зейінін, қызығушылығын арттыруда берілген сабақтарды қолдану тиімді.

Пікір жазушы: Фазылова С.М.


мектеп директорының оқу ісінің орынбасары
Кіріспе
Қазіргі таңда мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері туды. Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған.
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білім берудің басты мақсаты дайын білімді беріп қана қоймай оқушының өзінің білім алуына жағдай туғызу. Бұл тұрғыда бастауыш сыныптан бастап оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту өзекті мәселелердің бірі.
Математика сабақтарында стандарттық емес дамытушылық тапсырмалар шығаруға уақыттың тапшылығы әр мұғалімге белгілі.Берілген құрал сабақтан тыс факультатив уақытында пайдалануға болады. Баланың ойлауын, шығармашылығын дамытуда «Математика әлемі» атты жинағымның көмегі бар деп есептеймін. Балалардың математикаға деген қызығушылығын оятады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет