Модуль -V. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары.
Тақырыбы: Бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі
1. Бүйрек нефрондарының азаюынан зәр түзу қызметінің төмендеуі, экскрециялық және инкрециялық функциясының жетіспеушілігі:
a) пиелонефрит
б) бүйрек амилоидозы
в) бүйрек жетіспеушілігі
г) бүйректің қатерлі ісігі
е) нефрит
2. Бүйрек жетіспеушілігіндегі науқастың тыныс алу өзгерісінің түрі:
a) Биото
б) ритмді
в) Куссмауль
г) Чейн- Стокс
е) Грокко
3. «Анасарк» дегеніміз:
a) тобықтағы ісік
б) іш қуысындағы ісік
в) тізеге дейінгі ісік
г) бүкіл денедегі ісік
е) бет әлпетінің ісінуі
4. Бүйрек жетіспеушілігімен науқасты тиімді емдеу тәсілі:
a) оксигенотерапия
б) гемодиализ
в) симптоматикалық
г) гемотрасфузия
е) фитотерапия
5. Уремиялық команың алдын алу шаралары:
a) созылмалы гломерулонефритті емдеу
б) созылмалы гепатитті емдеу
в) созылмалы ишемиялық жүрек ауруларын емдеу
г) гипертония ауруларын емдеу
е) геморрагиялық диатездерді емдеу
6. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен науқасты жалпы қарағанда анықталады:
a) тілі, ерні таңқурай түстес қызарады
б) таңертең бет әлпеті, бүкіл денесінің ісінуі
в) тері жамылғысы қою кофе түстес, бет ұшының «энантемалық» қызаруы
г) ауыз мұрын үш бұрышының көгеруі
е) акроцианоз, еріндерінде герпестік бөртпелер
7. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде биохимиялық қан талдауында көбейеді:
a) холестерин
б) азот қалдығы
в) ақуыз
г) билирубин
е) қант
8. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеуде қолданылатын дәрілер тобы:
a) глюкокортикоидтар
б) бронхолитиктер
в) жүрек гликозиттері
г) анальгетиктер
е) витаминдер
9. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынуы:
а) анафилактикалық шок
б) бауыр комасы
в) уремиялық кома
г) геморрагиялық шок
е) кардиогенді шок
10. Азотты шлактар:
а) альбуминдер, глобулиндер
б) билирубин, холестерин
в) креатинин, зәр қышқылы
г) глюкоза, липопротеидтер
е) холестерин, ақуыз
11. Гемодиализ жүргізуге көрсеткіштері:
а) метастаз берген қатерлі ісік
б) тәулігіне 500 мл зәр бөліу
в) психикалық бұзылыстар
г) гипокалиемия
е) гипергликемия
12. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне әкелетін қауіпті фактор:
a) созылмалы гломерулонефрит
б) созылмалы ишемиялық аурулар
в) созылмалы асқорыту жүйесінің аурулары
г) созылмалы бауыр аурулары
е) созылмалы тыныс жүйесінің аурулары
13. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде бүйрек шумақтарының фильтрациясының көлемін және түтікшелердің реабсорбциялау функциясын анықтайтын тексеру сынамасы:
а) Зимницкий
б) Реберг- Тареев
в) Нечипоренко
г) Үш стакан сынамасы
е) Пастернацкий
14. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде уремияның соңғы сатысында науқастың дем алу түрі:
а) қалыпты дем
б) Биот демі
в) Грокко демі
г) Куссмоуль демі
е) Чейн- Стокс демі
15. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастын биохимиялық кан құрамында креатиннің деңгейі 1,72 ммоль/л , белок мөлшері 40-60гр/ тәулігіне . Сонымен қатар науқаста ұйқышылдық, бас ауру енжарлық байқалады. Бұл көрініс бүрек жетіспеушілігінің қайсы сатысына тән белгілер:
а) декомпенсация
б) уремиялық
в) минимальді
г) созылмалы
е) бастапқы
16. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде уремияның сатылары:
а) комепсация, декомпенсация, субкомпенсация
б) латентті, азотемиялық, уремиялық
в) минимальді, орташа, биік
г) жедел, жеделдеу, созылмалы
е) бастапқы, айқындалу, терминальді
Достарыңызбен бөлісу: |