Билингвизм жјне интерференция


қазақ және орыс тілдерінің аффиксация тәсіліне байланысты қателерге талдау



бет11/20
Дата19.07.2022
өлшемі319 Kb.
#459737
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Билингв орыстардың қазақша сөйлеу тіліндегі интерференция көріністері

3.1 қазақ және орыс тілдерінің аффиксация тәсіліне байланысты қателерге талдау

Орыс тілі мен қазақ тілінің грамматикаларын салыстыратын болсақ, ерекшелік өте көп. Морфологиядағы септіктерге тоқталсақ, орыс тілінде 6 септік болса, қазақ тілінде олардың саны – 7. Орыс тілінің творительный және предложный септіктерінің сұрақтарына жауап беретін сөздер әрдайым с және о сияқты союздармен келеді. Союз деген түркі тілдеріне тән емес. Қазақ тілінде атау септіктен басқа барлық септік сұрақтарына жауап беретін сөздерге қосымша жалғанады. Мысалы:


Именительный падеж Кто? Что? Друг, книга Атау септік Кім? Не? Ұстаз, кітап


Родительный падеж Кого? Чего? Друга, книгу Ілік септік Кімнің? Ненің? Ұстаздың, кітаптың
Дательный падеж Кому? Чему? Другу, книге Барыс септік Кімге? Неге? Ұстазға, кітапқа
Винительный падеж Кого? Что? Друга, книгу Табыс септік Кімді? Нені? Ұстазды, кітапты
Творительный падеж С кем? С чем? С другом, с книгой Жатыс септік Кімде? Неде? Ұстазда, кітапта
Предложный падеж О ком? О чем? О друге, о книге Шығыс септік Кімнен? Неден? Ұстаздан, кітаптан Көмектес септік Кіммен? Немен? Ұстазбен, кітаппен

Инофондарда септік жалғауларына байланысты жіберілетін интерференция көріністері өте жиі байқалады. Сауалнама әдісімен жүргізілген сұрауларда оқушылар мен студенттер септіктерді шатастырған. Тапсырма ретінде орыс тілінде жазылған сөйлемдер берілді, олардың міндеті сөйлемдерді қазақ тіліне аудару болды. Сауалнама нәтижелеріне келер болсақ:


Я иду в школу – Мен мектепте барамын
Осы сөйлемде нақ осы шақта көрсетіліп тұр. Әдетте, инофондар қазақ тіліндегі күрделі баяндауышты (бара жатырмын) қолданбай, сөйлемді ауыспалы осы шақ мезгілінде жазған.
В школу – мектепте
«Мектепке» деген сөздің орнына «мектепте» деп көрсеткен. Орыс тіліндегі «в» союзының орнына қазақ тілінде семантикасына қарай түрлі септікте тұратынын ескеру керек. «В школу – мектепке» деген морфеме бағытты көрсетіп тұр, ал «мектепте»- орнын көрсетіп тұр. Бұл жердегі интерференция – барыс септігінің орнына жатыс септігін қолдануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет