өкп[е]лесе дұрысы өкп[ө]лесе
дүни[е]де дұрысы дүн[ү]й[ө]де
жүрг[е]нде дұрысы жүрг[ө]нде
көкейінде дұрысы көк[ө]й[ү]нде
көрс[е]ткенде дұрысы көрс[ө]ткенде
2.2 Билингв орыстардың қазақ сөзін айтуда орыс тілінің фонетикалық заңдарының ықпалы
Қорытынды: 1. Фонетикалық интерференция көбіне үстем тіл орыс тілі болып табылатын билингвтерде кездеседі.
2. А.А.Дарбеева «О билингвизме монголоязычных народов» атты мақаласында: «Степень устойчивости интерференций, динамика их преодаления находится в прямой зависимости от условий возникновения двуязычия, возраста билингвов»,-деп жазады [21,15].
Жүргізілген байқау мен эксперимент нәтижесі (фонетика саласында) осындай қорытындыға сай келеді. Алайда, информанттар жас ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлуге болады: мектеп оқушылары және студенттер.
3. Фонетикалық интерференция тек кездейсоқтық емес, заңды құбылыс. Себебі, олар сөйлеушінің ана тілінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай сипатталады.
3 БИЛИНГВ ОРЫСТАРДЫҢ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ҚАЗАҚ ГРАММАТИКАСЫНЫҢ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
Тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы үшін, оның лексикасындағы алуан түрлң сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлегу, өзгеру ережелері мен мөздередн сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.
Грамматика сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ған, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығанда ғана емес, сонымен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді. Грамматика үшін тілдік единицалардың арасындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік бірліктердің құрылымы да маңызды мәселе болып саналады. Мәселенің осы жағын аңғарта келіп, Р. А. Будагов былай дейді: «...Грамматикада 1) сөздің құрылымы, 2) сөз тіркесінің құрылымы және 3) сөйлемнің құрылымы зерттеледі. [18, 226]
Тілдің лексика-семантикалық және фонетикалық ярустарымен салыстырғанда отырғанда грамматикалық деңгейі жеңілірек деп есептелінеді. Алайда, ғалымдардың зерттеулері интерференция бұл салада да орын алатынын көрсетіп отыр.
Грамматикалық деңгейде интерференцияның тууы ана тілінің (орыс тілі) және қазақ тілінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты пайда болған екі тілдің грмматикалық мағынасы мен грамматикалық формасының сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.
Қазақ және орыс тілдерінің морфологиялық және синтаксистік құрылымдары ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да бар.
Қазақ және орыс тілдері сөз тудыру және сөз түрлендіру тәсілі жағынан, яғни аффиксация тәсілімен тілдің әртүрлі топтарына жатады. Орыс тілі – флективті тілдер тобына, ал қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жатады.
Аффиксация тәсіліндегі айырмашылықтар қазақ тілі мен орыс тілінің грмматикалық құрылымындағы морфологиялық өзгешеліктің негізгісі болып табылады.
Морфологиялық және синтаксистік деңгейдегі интерференция көріністерін қарастыру үшін оқушылар, ҚазҰУ-ң филология факультетінің 1 және 3 курс студерттерінің қатысуымен жазбаша және ауызша түрдегі жұмыстарға талдау жасалды:
1-тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін, мазмұнын қысқартып айту.
2-тапсырма: Мәтінді жақшадағы сөздерді өзгерте отырып оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |