Биохимия пәні бойынша зертханалық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет15/35
Дата20.10.2023
өлшемі0.8 Mb.
#481293
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
МУ БИОХИМИЯ КАЗ

Бензидин сынамасы. 1 мл ақжелкектің сулы экстрактысына 5 тамшы бензидиннің спирттік ерітіндісін және содан соң 2 тамшы 0.5%-дық сутектің асқын тотығының ерітіндісін қосады. Бензидиннің n, n'-дииминодифенилхинонға тотығуының нәтижесінде қара-көк түс пайда болады:



n, n`-диаминодифенил


n, n`-диаминодифенилхинон

СІЛЕКЕЙДЕН АМИЛАЗАНЫ АШУ


Құрал-жабдықтар, реактивтер. Су моншасы; фарфор тілімшесі; шыны құйғы; 100 мл-лік конусты колба; 50 мл-лік цилиндр; 100 мл-лік зертханалық шыны стакандар (2 дана.); 1%-ық крахмал клей­стері; 3%-дық калий йодидіндегі 1%- дық йод; фелинг сұйығы.
Сұйытылған сілекейді дайындау. Ауызды 2-3 рет, тамақ қалдықтарынан тазалау үшін, сумен шаяды. Цилиндрмен 50 мл дистилденген суды өлшеп алып, онымен бөліп-бөліп 3 -5 мин бойы ауызды шаяды да, стаканға жинайды. Жиналған сұйықты (шамамен 50-60 мл) мақтадан өткізіп сүзеді де, фильтратты әрі қарай жұмысқа пайдаланады.
Сілекей амилазасының әсерінен крахмалдың гидролиденуі. Екі сынауыққа 5 мл-ден крахмал клей­стерін құйып, оның біреуіне 5 мл су, ал екіншісіне 5 мл сілекей ерітіндісін құяды. Екі сынауыққа да шыны таяқша салып, бір мезгілде 40°С –тағы су моншасына қояды. 1 мин кейін сұйықтардың әрқайсысынан шыны таяқшаның көмегімен бір тамшы алып, оны алдын ала тілімшеге тамызылған йод тамшысымен араластырады. Сынама алуды 3, 6 және 9 мин өткеннен кейін қайталайды. Сынауықтан алынан сілекей бар сынамалардың йодпен көрсететін түсі көктен көк-күлгінге, қоңыр-қызылға, қызылға және, ең соңында, сарыға өзгереді.
Сілекей бар сынауық ішіндегіге 2 мл фелинг сұйығын құяды да, қоспаны қайнай бастағанға дейін қыздырады. Түзілген малтоза және төмен молекулалы декстриндермен мыс (II) гидроксидінің тотықсыздануы есебінен мыс (I) оксидінің қызыл түсті тұнбасы ттүзіледі. Бақылауға қойылған сынама бірдей жағдайларда мыс (II) гидроксидін мыс (I) оксидіне тотықсыздандырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет