Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады



бет1/33
Дата10.03.2022
өлшемі3.54 Mb.
#456135
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Биологияға кіріспе пәнінен әдістемелік нускау




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы

«Биологияға кіріспе» пәнінен
6В01505, 6В05101 – «Биология» ББ
2-курс білім алушыларына арналған әдістемелік нұсқаулық

Актобе, 2021



АЛҒЫ СӨЗ


Биологияға кіріспе пәнін оқып, студенттер биологияның тарихи пайда болу сатысын, өзара байланысын қазіргі биологияның фундаментальдық мәселелерді және ғылымның методологиясын таныстырады. Биология мамандарын дайындау саласында ботаника, зоология, анатомия, цитология, гистология, эмбриология, молекулярлық биология, генетика бихимия іргелі пәндер болып саналады.
Курста жалпы биология ғылымының құрылымы, биологиялық мәселелер, тіршілікке тән белгілер, биологияның негізгі ұғымдары мен мағұламаттары қорытындыланып, жүйелі түрде берілген
Тірі организмдердің қасиеттері бойынша биологияның ішінен тірі организмдердің құрылысы туралы ғылымды, организмдердің қызметі туралы ғылымды – физиологияны, клеткалардың микроқұрылымын зерттейтін молекулярлық биологияны, тұқым қуалаушылық пен өзергіштің заңдылықтарын зерттейтін генетиканы және экологияны көрсетуге болады. Ағзалардың өлі табиғатта кездеспейтін көптеген ерекше қасиеттері бар, бірақ ол қасиеттер тек тіршілікке ғана тән. Сондықтан тіршілікке анықтама берудің бірден-бір жолы – олардың негізгі қасиеттерін жүйелеп баяндау.
Пәннің мақсаты:
Тірі табиғат дамуының жалпы заңдылықтарын, тірі жүйе ұйымдастырылуының негізгі кезеңдерін ашып көрсету; тіршіліктің негізгі формаларын оқыту; биологиялық терминологияны үйрету.
Пәннің міндеттері:
- организм тіршілігінің әр деңгейіндегі құрылым жүйесі мәнін айқындау;
- бактерия, өсімдік және жануар жасушасындағы субклеткалы органеллалардың құрылысы мен функциясын оқудың қазіргі кездегі қадамдарын студенттерге таныстыру;
- биологияның басты заңдарын, организмнің функционалды заңдылықтарын, оның біртекті жүйе екенін көрсету.
Биология – тіршілікті жан-жақты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Биология атауы гректің bios – тіршілік, өмір және logos – ілім, ғылым деген ұғымын білдіретін екі сөзінен тұрады. Ол тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Зерттеу нысанына байланысты биология ғылымының салалары өте көп. Ботаника және зоология өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын, даму ерекшеліктерін сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Цитология, гистология, анатомия ғылымдары жасушалардың, ұлпалардың, органоидтердің құрылысын, қызметін зерттесе, физиология, биохимия ғылымдары организмдер тіршілігіне қажетті жасушада жүретін процестерді зерттейді. Генетика – тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын, ал эмбриология организмдердің жеке дамуын қарастырады, олардың тарихи дамуын эволюциялық ғылым зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет