Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер - көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөз әдістері деп аталады. Сөз – көрнекі әдістер ішінде жие қолданылатыны – тәжірибелерді көрнекі көрсету. Ол: оқушылардың тәжірибелік білігі мен дғдысы жеткіліксіз; эксперимент күрделі; эксперимент “қауіпті” болғанда; аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады. Сөз көрнекі сарамандық әдістер Бұл әдістің мәні – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бұған жататындар: оқушылардың эксперименттік (зертханалық жұмыстар, сарамандық тәжірибелер) жаттығулар жасау химиялық есептер шығару, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау. Мұның бәрі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады. Оқушылардың эксперименті – заттармен химиялық реакциаларды танып, білудің негізгі құралы. Ол арқылы оқушылар заттардың құбылысы мен қасиеттерінің арасындпағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнісін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады. Зертханалық жұмыстардың мақсваты – жаңа білім алу, өтілетін оқу материалын саналы түрде игеру, сондықтан олар жаңа материалды оқып – үйрену сабақтарында жасалады. Сарамандық тәжірибелер екі түрлі болады: нұсқаулар бойынша орындалатын тәжірибелер және эксперимент есептері. Нұсқаулар – оқулықта беріледі, тәжіжибе жасаулардың барлық кезеңдері сипатталады, бақылау тәсілдері көрсетіледі, сақтық шаралары ескертілед. Сарамандық тәжірибелер екі түрлі болады: нұсқаулар бойынша орындалатын тәжірибелер және эксперимент есептері. Нұсқаулар – оқулықта беріледі, тәжіжибе жасаулардың барлық кезеңдері сипатталады, бақылау тәсілдері көрсетіледі, сақтық шаралары ескертілед. Іздестіру және зерттеудің жалпы әдістері Іздестіру әдістері мәселе қою, жорамал ұсыну оны тексеру және қорытынды жасаудағы оқушылар белсенділігінің артуымен сипатталады. Оған мәселені баяндау, эвристикалық әңгімелесу, көрнекі құралдарды өздігінен істейтін тәжірибе жұмыстары, кітаппен жұмыс, т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |