Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Инокуляция және препаратты сақтау



бет44/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Лаб

Инокуляция және препаратты сақтау.Торфы бар Залалсызданған пакетке диамметрі 5-8 мм жартылай инемен Залалсыздандырылған сұйық инокулятты тез енгізу мақсатта 200-300 мм су.бағ.қысыммен жасайды.
Егу нормасы — 1 гр. препаратта/ 1 млрд.жасуша, ылғалдылығы 55-60%. Пакеттерді торфты жақсылап араластыру үшін 3-5 минут айналмалы барабанға жібереді. Температурасы 5-100о С сақтайды.
Өндірісті бақылау.Сұйық залалсызданған қоректік ортаны 3 тәулік бойы 35-37С° температурада ұстайды және олардан 0,5 % глюкозасы мен 0,5 % сахарозасы бар ЕПА-ға егіу жасайды. Егісті 27 және 37 С° температурадағы термостатқа қояды және үшінші тәуліктен кейін қарайды. Түйнек бактериялары ет-пептонды орталарда өспейді. Сұйық культурада түйнек бактерияларының титрін Горяев камерасындағы есептеу әдісі бойынша, тығыздығын жасушаның концентрациясының белгілі стандарт қатынасымен өлшейді немесе бұршақ қайнатпасы бар Петри табақшасына келесі егісі бар сериялы көбейту әдісімен анықтайды. Залалсыздалған торфтың тазалығын сулы ерітіндісімен анықтайды. (1:10), ЕПА+0,5 % глюкоза + 0,5 % сахарозасы бар Петри табақшасына егуді жасайды. Оларды 27 және 37 С° температурада 3 тәулік бөлек ұстайды, сосын бактерияларды санайды. 107 көбейткенде табақшадағы бөгде микроорганизм үш колониядан асуға болмайды. Ризоторфинде түйнек бактериялары мен бөгде микроорганизмнің мөлшерін сериялы көбею әдісімен анықтайды. 6 айдан кейін ризоторфиннің түйнек бактериясының жасушасының құрамы 2·109 кем болмауы керек, ал бөгде микроорганизм түйнек бактериясының санынан 1 % - тен артық болмауы керек.
Түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарын қолдану
Ең кең тараған әдіс - егу алдында тұқымды түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарымен өңдеу.Бұл үшін тұқымды 2-2,5% су қосып ылғалдайды, ризоторфин қосады және жақсылап араластырады. Кез-келген бұршақ тұқымының гектарлы нормасына ризоторфиннің шығыны 200 гр. Түрлі аймақтарда бұршақ культураларын бөлу кезінде ризоторфинді кең қолдану нәтижесі оның жоғары биологиялық және тұрмыстық эффективтігін көрсетеді.
Культура Астық қоспалары
Соя, дән 2,5-3
Бұршақ,дән 1,0-1,5
Люпин, дән 1,0-1,5
Люцерна,жоңыршқа,шөп 5,0-10




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет