Биомассаны анықтау. Құрғақ биомассаның ылғалдылығын және құрғақ биомассаны анықтау


Биотехнологиялық өндірістің лабораториясының антисептикалық жағдайы



бет51/53
Дата11.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#477183
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Лаб

Биотехнологиялық өндірістің лабораториясының антисептикалық жағдайы

Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды факторларды болдырмайтын еңбек шартының жағдайы, зиянды өндірістік факторларға, жұмыс аумағының жоғары шаңдалуы, жоғары немесе төменгі температура, салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалыстығы, шудың және дірілдің жоғарғы дәрежесі электромагнитті және электростатикалық өрістің жоғарғы дәрежесі, ионизацияланған, жылулық сәулеленулер, жарықтың жеткіліксіздігі және т.б. жатады. Тіршілік қауіпсіздігі – бұл қауіпті өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерді жаралануға алып келетін ұйымдық және техникалық орындар мен құралдардың жүйесі.


Нақты қауіпті өндірістік факторлардан қорғану шараларын құрастыру.
Денсаулыққа зиянды физикалық факторға мыналар жатады: жұмыс орнындағы жоғарғы және төмен температурада, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы, қатты шу, ультра дыбыс және әртүрлі шағылысу – жылулық. Сонымен қатар зиянды физикалық фактрларға мыналар жатады: жұмыс орнының шаң тозаң болуы, ауасы таза болмау, жарықтың өте жоғары және төмен болуы, жүру жолдарының тарлығы.
Химиялық қауіпі бар және зиянды факторлар адам организміне әсер етуіне қарай мынадай түрге бөлінеді: улану, жаралану, сенсибилизирлі (алергиялық аурулар). Бұған түрлі газ бен булар жатады.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларға мыналар жатады: микроорганизмдер (бактерия, вирус) және макроорганизмдер (өсімдік, жануарлар) бұлардың әсерінен жарақат және аурулар пайда болуы мүмкін.
Психологиялық қауіпті және зиянды факторларға мыналар жатады: физикалық еңбек (статикалық және динамикалық) және нервнопсихикалық аурулар (нервке күш түсу), (есту және көру мүшелерінің шаршаулары) жатады. Зиянды заттарға адам онымен жұмыс істеген кезде организмнің жарақат алуы, денсаулығының ауытқуы, болмаса бір ауруға әкеліп соғатын зат жатады.
Биотехнология өндірісіндегі микробиологиялық және санитарлық бақылау
1. МБ лабороторияға тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Бөгде заттарда алып кіруге тиым салынады.
3. Қызметтердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі керек.
4. Жұмыс істеу барысында тазалық міндеті түрде сақталуы керек.
5. Жұмыс үстінде тек жұмысқа керекті құрал-жабдықтар болуы тиіс.
6. Жұмыс кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тиым салынады.
7. Жұмысты аяқтап болған соң, жұмыс орнын жинастырып тәртіпке келтіру міндетті шарт.
8. Спиртовканы тек сіріңкемен жағу керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.
9. Электр тогына сақ болуы қажет.
10. Бөлмедегі электр жабдықтарын токқа лаборотория қызметкерінің көмегімен қосу керек.
11.Химиялық және басқа да реактивтер мен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
12.Лабороторияда жұмыс біткен соң ыдыстарды тазалап жуып, орнына қою керек.
13.Лабороториядан шығарда қолды сабындап жуу керек.
14. Лабараторияның еденін әлсін -әлсін ылғалды шүберекпен сүртіп алуы тиіс.
15.Лабороторияда жұмыс жасап болған соң приборларды жуып орнына қойып, электр желісін өшірген жөн.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар
Еңбек жағдайына әсер етуші технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың және олардың механизациясы мен автоматтандырылудың жетілген дәрежесінің сипаттамасы.
Өндірістегі санитарлы-техникалық іс-шаралар
Зертханада тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау – еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндірісті жоспарлау. Зертхана бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері зертхана бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген. Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.
Санитарлы-тұрмыстық бөлмелер
Жұмыс бойынша бөлек тұрған ғимаратта орналасқан тұрмыстық бөлме қарастылған. Барлық жұмыс орындары дәрі-дәрмек қобдишасымен және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті құралдармен жабдықталған. Зертхана территориясында медпункт қарастырылған. Ғимаратта жұмысшылардың тамақтануына арналған асхана бар. Арнайы душ бөлмелері және қол жуғыштар қарастырылған. Ғимараттағы санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болу мақсаты өндірістегі еңбек жағдайының жоғары болуымен қамтамасыз ету.
Зертхана жұмысшылары тәртіпте орнатылғандай арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі және стандартқа сай болады. Зиянды булар, газ, шаң бөлінуі мүмкін бөлімдерде жұмысшыларға жеке қорғану құралдары беріледі. Олар: халат, газқағар, шлем, қорғаныс көзілдерік және т.б. Жеке қорғаныс құралдарын алған жұмысшылар бұл құралдардың қолдану ережесін білуі керек, сонымен қоса бұл құралдардың жөнделгені және жөнделмегенін білуі тиіс. Жеке қорғаныс заттарынсыз, арнайы киімсіз және арнайы аяқ киімсіз жұмысқа жіберілмейді. Жеке және ұжымдық қорғану құралдары еңбек қауіпсіздігінің сәйкесінше стандарттарының талаптарына сәйкес болу керек.
Өртке қауіпті аумақтағы объектілерге статикалық электр зарядын жинайтын темір шегелі аяқ киіммен және киіммен шығуға рұқсат етілмейді. Қондырғыда тағы да маскалардың әртүрлі өлшемдерімен сүзгілеуші газқағар құралдардың апатты кешенді және қосалқы сүзгілеуші қораптар мен шлангалы газқағар құралдардың апатты жабдығы бар.
Одан бөлек қондырғы зақымданушыға бірінші көмек көрсетуге арналған қажетті медикаменттердің медициналық қорапшасымен жабдықталған. Жану аумағы кіші кезінде және өрт аумағының төмен температурасында бастапқы сатыда өрт сөндірудің біріншілік құралдары қолданылады: киіз, өрт сөндіргіштер, су буы, сөндіру көбігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет