Біріккен Ұлтар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы



бет1/5
Дата09.06.2016
өлшемі371 Kb.
#124039
  1   2   3   4   5
Біріккен Ұлтар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы

(2003 жылғы 31 қазан, Нью-Йорк қаласы)

 

Мәлімдемелермен және ескертпемен ҚР 2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Заңымен ратификацияландыратификацияланды Мәлімдемелермен және ескертпемен ҚР 2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Заңымен ратификацияланды



 

Кіріспе

 

Осы конвенцияға қатысушы - мемлекеттер,

демократиялық институттар мен құндылықтарды, әдептік құндылықтар мен әділеттілікті бұзатын және тұрақты даму мен құқық тәртібіне нұқсан келтіретін қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне сыбайлас жемқорлық туғызатын проблемалар мен елеулі қауіп-қатерге алаңдаушылық білдіре отырып,

сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен қылмысын басқа да түрлері, атап айтқанда, ақша қаражаттарының жылыстатылуын қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыс пен экономикалық қылмыс арасындағы байланыстарға алаңдаушылық білдіре отырып,

мемлекет ресурстарының елеулі үлесін құрауы және осы мемлекеттердің саяси тұрақтылығы мен тұрақты дамуына қатер төндіруі мүмкін активтердің көп көлемімен байланысты сыбайлас жемқорлықтың жағдайларына алаңдаушылық білдіре отырып,

ендігі жерде сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып, керісінше ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғанына, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғанына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы тек қана халықаралық ынтымақтастықтың және оған қарсы күрестің зор маңызына байланысты екеніне көз жеткізе отырып,

сонымен бірге кең көлемді көп тәртіпті көзқарас сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін қажет екеніне көз жеткізе отырып,

одан әрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу саласында техникалық көмекке ие болу, оның ішінде әлуетті күшейту мен институттар құру мемлекеттер мүмкіндіктерін ұлғайтуда маңызды рөл атқаратынына көз жеткізе отырып,

жеке өзінің әл-ауқатына заңсыз жолмен ие болу демократиялық институттарға, ұлт экономикасы мен құқық тәртібіне елеулі нұқсан келтіретініне көз жеткізе отырып,

заңсыз жолмен ие болған активтердің халықаралық аударымының неғұрлым тиімді түрде алдын алуға, оларды анықтау мен жолын кесуге және активтерді қайтару жөнінде шаралар қолдануда халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға батыл бағыт ұстай отырып,

мүліктік құқықтарды анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу барысында тиісті заң қолданудың негізгі принциптерін растай отырып,

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою - бұл барлық мемлекеттердің міндеті және осы саладағы өздерінің күш-жігері тиімділігін қамтамасыз ету үшін олар жекелеген адамдар мен азаматтық  қоғам, мемлекеттік емес ұйымдар мен қауымдастықтар негізінде қызмет атқаратын ұйымдар сияқты топтардың жария сектордың шектерінен тыс қолдау көрсету жағдайында бір-бірімен ынтымақтасуға тиіс екенін ескере отырып,

сондай-ақ көпшілік істері мен көпшілік мүлкін басқаруға заң алдындағы әділеттік, жауапкершілік пен теңдік, адалдық пен пара алмаушылықты қамтамасыз ету, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу принциптерін ескере отырып,

Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның және Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының жұмысын жоғары бағалай отырып,

осы саладағы халықаралық және аймақтық ұйымдардың жұмысына, Африка одағының, Еуропалық одақтың, Араб мемлекеттері Лигасының, Америка мемлекеттері ұйымының, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының, Еуропа Кеңесі мен (сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы ретінде белгілі) Кеден ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің қызметіне сілтеме жасай отырып,

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі көпжақты құжаттарды, атап айтқанда, 1986 жылғы 30 наурызда Америка мемлекеттері ұйымы қабылдаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Америкааралық конвенциясы, Еуропа қауымдастығының лауазымды адамдарын немесе 1997 жылғы 26 мамырда Еуропа Кеңесі қабылдаған Еуропа одағына мүше мемлекеттер лауазымды адамдарын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияны, 1997 жылғы 21 қарашада Экономикалық ынтымақтастық пен дамыту Ұйымы қабылдаған Халықаралық коммерциялық мәмілелердегі лауазымды адамды да параға сатып алуға қарсы күрес конвенциясын, 1999 жылғы 27 қаңтарда Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті қабылдаған Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияны, 1999 жылғы 4 қарашадағы Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті қабылдаған Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияны және 2003 жылғы 12 шілдеде Африка одағы мемлекеттері мен үкіметтері басшылары қабылдаған Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Африка одағының Конвенциясын қоса алғанда, сенім білдірумен назарға ала отырып,

2003 жылғы 29 қыркүйекте күшіне енген Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық шекарадан тыс ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияның күшіне енуімен құттықтай отырып, төмендегі баяндалғандар туралы келісті:

 


I тарау

Жалпы ережелер

 

1-бап



Мақсаттары

 

 



Мыналар:

а) сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым тиімді және әрекетті алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу;

b) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру, жеңілдету мен қолдау және техникалық көмек көрсету, оның ішінде активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдау;

с) адалдық пен параға сатылмаушылықты, жауапкершілікті, сондай-ақ көпшілік істер мен көпшілік мүлікті тиісті басқаруды көтермелеу осы Конвенцияның мақсаттары болып табылады.

 

2- бап



Терминдар

 

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:



а) «жария лауазымды тұлға» дегеніміз:

і) Қатысушы мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында тұрақты немесе уақытша негізде еңбекке ақылы немесе ақысыз, осы тұлғаның лауазым дәрежесіне қарамастан, қандай да бір қызмет атқаратын кез келген тағайындалатын немесе сайланатын тұлғаны білдіреді;

іі) қандай да бір көпшілікке арналған міндетті орындайтын, мұның өзі Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында анықталатындай және осы Қатысушы мемлекеттің құқықтық істі реттеу саласында қолданатындай, оның ішінде көпшілікке арналған ведомство немесе көпшілікке арналған кәсіпорында, немесе қандай да бір көпшілікке арналған қызмет атқаратын кез келген басқа тұлғаны;

ііі) Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында»«жария лауазымды тұлға» ретінде анықталатын кез келген басқа тұлғаны білдіреді. Соған қарамастан осы Конвенцияның II тарауында көзделген кейбір нақты шараларды қабылдау мақсаттары үшін»«лауазымды адам» дегеніміз Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында анықталатындай және осы Қатысушы мемлекеттің құқықтық тиісті реттеу саласында қолданатындай қандай да бір жария міндетті орындайтын немесе қандай да бір көпшілікке арналған қызметті беретін кез келген басқа тұлғаны;

b) шетелдік жария «лауазымды тұлға» дегеніміз шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында қызмет атқаратын кез келген тағайындалатын немесе сайланатын тұлғаны, шет мемлекет үшін қандай да бір көпшілікке арналған міндетті, оның ішінде қандай да бір көпшілікке арналған ведомство немесе көпшілікке арналған кәсіпорында қандай да бір жария міндетті орындайтын кез келген басқа тұлғаны білдіреді;

с) «бұқаралық халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары» дегеніміз халықаралық азаматтық қызметшіні немесе осындай ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілдік еткен кез келген тұлғаны білдіреді;

d) «мүлік» дегеніміз заттай немесе құқық түріндегі материалдық немесе материалдық емес, жылжымалы немесе жылжымайтын кез келген активтерді, сондай-ақ осындай активтерге немесе олардағы мүдделерге меншік құқығын растайтын заңдық құжаттарды немесе актілерді білдіреді;

е) «қылмыстан түсетін табыстар» дегеніміз қандай бір қылмыс жасау нәтижесінде тікелей немесе жанама сатып алынған немесе алынған кез келген мүлікті білдіреді;

f) «операцияларды тоқтата тұру (бөгеп тастау)» немесе»«тыйым салу» дегеніміз мүлікті беруге, қайта құруға, иеліктен алуға немесе оның орнын ауыстыруға уақытша тыйым салу, немесе осындай мүлікке уақытша ие болуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оған уақытша бақылауды жүзеге асыруды білдіреді;

g) «тәркілеу» дегеніміз соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша мүліктен түбегейлі айыруды білдіреді;

һ) «негізгі құқық бұзушылық» дегеніміз кез келген құқық бұзушылықты білдіреді, оның нәтижесінде табыстар алынады, бұл табыстарға қатысты осы Конвенцияның 23-бабында көрсетілген қылмыс құрамын құрайтын әрекеттер жасалуы мүмкін;



і) «бақылау жеткізілімі» дегеніміз әдісті білдіреді, бұл ретте қандай да бір қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсаттарында бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағынан олардың құзыретті органдарының еркімен және қадағалауымен заңсыз немесе күдік туғызатын жүктің топтарын әкетуге, тасымалдауға немесе әкелуге жол беріледі.

 

3-бап



Қолданылу саласы

 

1. Осы Конвенция оның ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тексеріп тергеуге және қылмыстық ізге түсу және операцияларды тоқтата тұруға (бөгеп тастауға), тыйым салуға, тәркілеуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс ретінде танылған қылмыстардан алынатын табыстарды қайтаруға қолданылады.



2. Егер онда өзгеше көзделмейтін болса, осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсаттары үшін онда көрсетілген қылмыстар нәтижесінде зиян немесе мемлекеттік мүлікке залал келтіруі міндетті емес.

 


4-бап

Егемендікті қорғау

 

1. Қатысушы мемлекеттер мемлекеттің егеменді теңдігі мен аймақтық тұтастығы принциптеріне және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық принципіне сәйкес осы Конвенцияға орай өздерінің міндеттемелерін жүзеге асырады.



2. Осы Конвенцияда өзінің ішкі заңнамасына сәйкес Қатысушы мемлекетке басқа мемлекеттің аумағында осы басқа мемлекет органдарының ғана құзыретіне жататын заңдық іс жүргізу билігі мен функциясын жүзеге асыруға құқық бере алмайды.

 

II тарау



Сыбайлас жемкорлыктың алдын алу жөніндегі шаралар

 

5-бап



Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған

қарсы іс-әрекеттің саясаты мен практикасы

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қоғамның қатысуына жәрдемдесетін және құқық тәртібі принциптерін, көпшілікке арналған істер мен көпшілікке арналған мүлікті басқаруды, адалдықты және параға сатып алмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді және үйлесімді саясатын жасайды және жүзеге асырады немесе жүргізеді.



2. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тәжірибенің тиімді түрлерін орнықтыруға және көтермелеуге ұмтылады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес тұрғысында олардың тепе-теңдігін анықтау мақсатында тиісті құқықтық құжаттар мен әкімшілік шараларды бағалауды мезгілді жүргізуге ұмтылады.

4. Қатысушы мемлекеттер тиісті жағдайларда және өздерінің құқықтық жүйелерінің негізгі принциптеріне сәйкес бір-бірімен және тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен осы бапта көрсетілген шараларды жасауда және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде өзара іс-қимыл жасайды. Бұл өзара іс-қимылға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуды қамтиды.

 

6-бап



Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы

іс-қимыл жөніндегі орган немесе органдар

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес мынадай шаралардың көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жүзеге асыратын органының немесе тиісті жағдайларда органдарының болуын қамтамасыз етеді, ол:



а) осы Конвенцияның 5-бабында айтылған саясатты жүргізу, тиісті жағдайларда осы саясатты жүргізуді қадағалау мен үйлестіру;

b) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша білімдерін кеңейту мен тарату шаралары.

2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында айтылған органға немесе органдарға осындай орган немесе органдардың өздерінің міндеттерін және кез келген тиісті ықпалдан еркін жағдайларда тиімді орындау үшін өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қажетті дербестікті қамтамасыз етеді. Қажетті материалдық ресурстар мен маманданған қызметкерлер құрамын, сондай-ақ қызметкерлер құрамын даярлауды қамтамасыз еткені жөн, ондай даярлау оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажет болуы мүмкін.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына басқа Қатысушы мемлекеттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі нақты шаралар жасау және жүзеге асыруда көмектесетін органның немесе органдардың атын және мекенжайын хабарлайды.

 

7-бап



Жариялы сектор

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес азаматтық қызметшілердің және тиісті жағдайларда сайланып қойылмайтын жария лауазымды адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу, қызмет өткеруі, қызметі жағынан өсуі және өз еркімен орнынан түсу сияқты жүйені құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады, олар мыналар:



а) тиімділік пен ашықтық принциптеріне және мүлтіксіз жұмыс, әділеттілік пен қабілеттілік сияқты объективті мөлшерлемелерге негізделеді;

b) бұған сыбайлас жемқорлық тұрғысынан алғанда ерекше осал саналатын көпшілікке арналған лауазымды атқару үшін кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиісінше рәсімдері және тиісті жағдайларда, осындай лауазымдардағы осындай кадрлардың алмасылуы жатады;

с) Қатысушы мемлекеттің экономикалық жағынан даму деңгейін ескере отырып тиісінше сыйақылар төлеуге және әділетті айлық ақылар белгілеуге жәрдемдеседі;

d) ондай адамдардың көпшілікке арналған міндеттерді дұрыс, адал және тиісті орындау талаптарын қанағаттандыра алатын білім беру мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ұшырасатын қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету үшін оларға мамандандырылған және тиісті даярлықты қамтамасыз етеді. Мұндай бағдарламалар мазмұнында кодекстерге сілтемелер немесе қолданылатын салаларында мінез-құлық стандарттары болуы мүмкін.

2. Әрбір Қатысушы мемлекет сонымен бірге осы Конвенцияның мақсаттарына орай және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес кандидаттарға және жария лауазымдарға-сайлауға қатысты өлшемдерді белгілеу үшін тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет сонымен қатар осы Конвенцияның мақсаттарына және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес оны қолданатын жерлерде көпшілікке арналған лауазымдарға кандидатураларды қаржыландырудың, саяси партияларды, қаржыландыру ашықтығын күшейту үшін тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

4. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес ашықтыққа жәрдемдесетін және мүдделер қарама-қайшылығы туындауының алдын алатын жүйелерді құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады.

 

8-бап



Жария лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексі

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсаттарында әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес басқаларымен қатар өздерінің жария лауазымды тұлғаларының параға сатылмаушылығын, адалдығы пен жауапкершілігін көтермелейді.



2. Атап айтқанда, әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің институциялық және құқықтық жүйелері ауқымында жария міндеттерін дұрыс, адал және тиісті орындауы үшін мінез-құлық кодекстерін немесе стандарттарын қолдануға ұмтылады.

3. Осы баптың ережелерін жүзеге асыру мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес аймақаралық және көп жақты ұйымдардың, мысалы 1996 жылғы 12 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 51/59 қарарының қосымшасында мазмұндалған мемлекеттік лауазымды адамдардың мінез-құлық кодексін назарға алады.

4. Әрбір Қатысушы мемлекет, сонымен қатар өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жария лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін атқару кезінде ол жөнінде белгілі болған сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы тиісті органдарға хабарлауы үшін жәрдемдесетін шаралар мен жүйелерді анықтау мүмкіндігін қарастырады.

5. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жария лауазымды тұлғаларды тиісті органдарға декларациялар, басқаларымен қатар қызметінен тыс әрекеті, айналысатын жұмысы, инвестициялар, активтер туралы және жария лауазымды тұлғалар ретінде олардың міндеттеріне қатысты мүдделерінің қарама-қайшылығы туындауы мүмкін елеулі сыйлықтар немесе пайдалары туралы декларацияларды тиісті органдарға беруге ұмтылады.

6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес осы бапқа орай белгіленген кодекстерді немесе стандарттарды бұзатын жария лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік немесе басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

 

9-бап



Жариялы сатып алулар мен жариялы қаржыларды басқару

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес ашықтыққа, бәсекеге және шешімдер қабылдаудың объективті өлшемдеріне негізделген тиісті сатып алу жүйелерін құру үшін қажетті шаралар қолданады және басқаларымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысында бұл шаралар тиімді болады, мұндай жүйелер оларды қолдану жағдайында тиісінше алдағы көрсеткіштерді көздеуі мүмкін, олар басқаларымен қатар мыналарға да қатысты болады:



а) потенциалды қатысушыларға олардың дайындалуы және тендер тапсырыстарын беруге уақытының болуы үшін саудаласуға қатысуға шақырулар туралы хабарламаны және келісім шарттар жасасу туралы тиісінше немесе лайықты хабарламаны қоса алғанда, сатып алу рәсімдеріне және сатып алуға арналған келісім шарттарға қатысты хабарламаны жариялы тарату;

b) келісім шарттарды, сондай-ақ сауда өткізу ережелерін жасасу туралы өлшемдерін іріктеп алу мен шешімдер және оларды жариялау өлшемдерін қоса алғанда, қатысудың шарттарын күні бұрын анықтау;

с) ережелер мен рәсімдердің дұрыс қолданылуын кейінгі тексеруде көмектесу мақсаттарында жария сатып алулар туралы шешімдер қабылдауға қатысты бұдан бұрын белгіленген және объективті өлшемдерді қолдану;

d) шағымданудың тиімді жүйесін, осы тармаққа сәйкес ережелер немесе рәсімдер сақталмаған жағдайда, белгіленген дау айтудың заңдық және құқықтық қорғау құралдарын қоса алғанда, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін;

е) реттеу шараларын, тиісті жағдайларда, сатып алу үшін жауапты қызметкерлер құрамына қатысты мәселелерді, мысалы, нақты жариялы сатып алулар мүдделерін білдіру туралы талапты, рәсімдерді тексеру мен кәсіби даярлыққа қойылатын талаптарды қозғайды.

2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес жария қаржыларды басқаруда ашықтыққа және есеп берулерге көмектесу жөнінде тиісті шаралар қолданады. Мұндай шаралар, басқаларымен қатар, мыналарды қамтиды:



а) ұлттық бюджетті бекіту рәсімдерін;

b) түсім қаражаттары мен шығыстар туралы есептерді уақтылы беруді;

с) бухгалтерлік есеп пен аудит және онымен байланысты ішкі қадағалаудың жүйелі стандарттарын;

d) тәуекелді басқару және ішкі бақылаудың тиімді және әрекетті жүйелерін;

е) тиісті жағдайларда, осы тармақта белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда түзетуді.

3. Әрбір Қатысушы мемлекет бухгалтерлік кітаптардың, жазбалардың, қаржы ведомстволарының немесе жария шығыстар мен табыстарға қатысты басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қажет етілуі мүмкін және осы құжаттамаларды бұрмалауына кедергі жасайтын азаматтық-құқықтық және әкімшілік шараларды қолданады.

 

10-бап



Жария есептілік

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қажеттілігін есепке ала отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес өзінің жария әкімшілігінің, оның ішінде оны ұйымдастыруға, қызмет атқаруына қатысты, тиісті жағдайларда ашықтықты күшейту үшін қажет болатын шаралар қолданады. Мұндай шараларға, басқаларымен қатар, мыналар жатады:



а) тиісті жағдайларда, жеке өмірін және жеке адам деректерін қорғау пайымдарын тиісінше ескере отырып жария әкімшіліктің, оның ішінде ұйымдастыру, қызмет атқару және шешімдер қабылдау процестері туралы және халық мүдделерін қозғайтын шешімдер мен заң актілері туралы халықтың ақпарат алуына мүмкіндік беретін рәсімдер немесе ережелер қабылдау;

b) тиісті жағдайларда, шешім қабылдайтын құзыретті органдарға жария рұқсат етуді жеңілдету үшін әкімшілік рәсімдерді оңайлату; және

с) жария әкімшілікте сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы мезгілді есеп беруін енгізуі мүмкін ақпаратты басып шығару.

 

11-бап



Сот органдары мен прокуратура органдарына қатысты шаралар

 

1. Сот билігінің тәуелсіздігін және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі шешуші рөлін ескере отырып, әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес және сот органдарының тәуелсіздігіне залал келтірместен, соттар мен сот органдары қызметкерлерінің адалдығы мен параға сатылмаушылығын және олардың арасында сыбайлас жемқорлық үшін кез келген мүмкіндіктерге жол бермеуді нығайту жөнінде шаралар қолданады.



2. Мұндай шараларға соттар мен сот органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданатын ұқсас шаралар өздері сот билігінің құрамына кірмейтін Қатысушы мемлекеттердің прокуратура органдарында енгізілуі және қолданылуы мүмкін, бірақ сот органдары сияқты тәуелсіздікпен пайдаланады.

 

12-бап



Жеке сектор

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттарын күшейту және осындай шараларды сақтамағаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік немесе қылмыстық санкциялардың, тиісті жағдайларда, тиімді, мөлшерлес және тежемелі ықпалын белгілеу жөнінде шаралар қолданады.



2. Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шаралар, басқаларымен қатар, мыналар:

а) құқық қорғау органдары мен тиісті жеке ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

b) кәсіпкерлердің және барлық тиісті кәсіптер өкілдерінің қызметін дұрыс, адал және тиісті жүзеге асыру үшін мінез-құлық кодексін қоса алғанда, тиісті жеке ұйымдардың жұмысында адалдықты қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен рәсімдерді жасауға жәрдемдесу және мүдделер қарама-қайшылығы туындауының алдын алу, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорындар мен олардың және мемлекеттің арасындағы шарт қатынастарында адал коммерциялық тәжірибені пайдалануды көтермелеу үшін жәрдемдесу;

с) тиісті жағдайларда, корпорация ұйымдарын құруға және оларды басқаруға қатысты заңды және жеке тұлғаларды бірегейлеу шараларын қоса алғанда, жеке ұйымдардың қызметіндегі ашықтыққа жәрдемдесу;

d) коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін жария ұйымдар беретін субсидиялар мен лицензияларға қатысты рәсімдерді қоса алғанда, жеке ұйымдар қызметін реттейтін рәсімдермен қиянат жасаулардың алдын алу;

е) шектеулерді белгілеу арқылы мүдделер қарама-қайшылығы туындауының, тиісінше жағдайларда, бұрынғы лауазымды адамдардың кәсіби қызметіне қатысты немесе жеке сектордағы олардың өз еркімен қызметінен түсуінен немесе зейнеткерлікке шығуынан кейін жария лауазымды адамдардың қызметіне қатысты ақылға қонымды мерзімге алдын алу, мұндай қызмет немесе жұмыс мұндай жария лауазымды тұлғаларды олардың қызметте болған кезіндегі міндеттерімен немесе оларды орындауға қадағалауды жүзеге асыруымен тікелей байланысты болады;

f) жеке ұйымдар өздерінің құрылымы мен мөлшерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуда және анықтауда көмек көрсетуге ішкі аудиторлық бақылаудың жеткілікті тетіктерін меңгеруін және осындай жеке ұйымдардың шоттары мен қажетті қаржы ведомстволары аудит пен сертификаттаудың тиісті рәсімдерін қолдануға тиіс болуын қамтамасыз ету.

3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне және бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржы есептілігін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудиттің стандарттарын беруді реттейтін ережелерге сәйкес, осы кез келгенін жасау мақсатында жүзеге асырылатын мынадай әрекеттерге тыйым салу үшін қажет болатын шараларды қолданады:



а) ресми емес есептілікті жасау;

b) ескерілмеген немесе дұрыс тіркелмеген операцияларды жүргізу;

с) болмаған шығыстардың есебін жүргізу;

d) объектісі дұрыс сәйкестендірілмеген міндеттемелердің көрсетілуі;

е) жалған құжаттарды пайдалану; және

f) бухгалтерлік құжаттаманы заңмен көзделген мерзімдерінен бұрын қасақана жою. Әрбір Қатысушы мемлекет пара болып табылатын шығындарға қатысты салық салудан босатудан бас тартады, бұл паралар осы Конвенцияның 15 және 16-баптарына сәйкес және тиісті жағдайларда, сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жәрдемдесу мақсатында келтірілген басқа шығындарға қатысты осындай деп танылған қылмыстар элементтерінің бірі болып табылады.

 

13-бап



Қоғамның қатысуы

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет өздерінің мүмкіндіктері шектерінде және өзінің ішкі заңнамасында негізгі принциптеріне сәйкес қауымдастықтар негізінде міндет атқаратын азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен ұйымдар сияқты жария сектордың шегінен тыс жекелеген адамдар мен топтардың белсенді түрде қатысуларына жәрдемдесу үшін, сыбайлас жемқорлық пен оған қарсы күрестің алдын алуда және қоғамның сыбайлас жемқорлықтың болуы, себептері мен қауіпті сипатын, сондай-ақ ол төндіретін қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету үшін тиісті шаралар қолданады. Бұл қатысуды мынадай шаралар көмегімен нығайтқан жөн:



а) ашықтықты күшейту мен халықты шешімдер қабылдау процесіне тартуға жәрдемдесу;

b) халықтың ақпаратқа тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету;

c) сыбайлас жемқорлыққа қатысты төзімсіздік ахуалын жасауға көмектесетін халықтың ақпараттандырылуы жөніндегі шараларды жүргізу, сондай-ақ мектептер мен университеттердегі оқу бағдарламаларын қоса алғанда, көпшілікке арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;

d) сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты іздестіру, алу, жариялау мен тарату бостандығын құрметтеу, көтермелеу мен қорғау, осы бостандықты шектеудің белгілі бір шектеулері белгіленуі мүмкін, бірақ заңмен көзделген мұндай шектеулер:

і) басқа адамдардың құқықтары мен беделін құрметтеу үшін;

іі) ұлттық қауіпсіздікті немесе көпшілікке арналған тәртіпті қорғау, немесе халықтың денсаулығын немесе адамгершілігін сақтау үшін қажет болып табылады.

2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияда айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі тиісті органдар халыққа белгілі болуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолданады және осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі ретінде қаралуы мүмкін кез келген жағдайлар туралы оларға хабарламалар, оның ішінде домалақ арыз беру үшін осындай органдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

 

14-бап



Ақша қаражаттарын жылыстатудың алдын алу жөніндегі шаралар

 

1. Әрбір Қатысушы мемлекет:



а) банктер мен банктік емес қаржы мекемелеріне, оның ішінде ақша қаражаттарын немесе құндылықтарды аударуға байланысты ресми немесе ресми емес қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлғаларға, сондай-ақ, тиісті жағдайларда, өзінің құзыреті шегінде ақша қаражаттарының жылыстату тұрғысында ерекше осал жерлері болып табылатын басқа органдарға қатысты, ақша қаражаттарын жылыстатудың барлық нысандарына жол бермеу және оларды анықтау мақсатында реттеу мен қадағалаудың барынша ауқымды түрде ішкі режимін белгілейді, сонымен қатар мұндай режим бірінші кезекте клиенттің, тиісті жағдайларда, меншік иесі-бенефициардың жеке басын бірегейлеуге қатысты талаптарға, есептілікті жүргізуге және күдікті мәмілелер туралы хабарламалар беруге негізделеді;

b) Конвенцияның 46-бабы үшін нұқсан келтірместен ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы күрес жүргізетін (оның ішінде мұның өзі ішкі заңға сәйкес келген кезде сот органдары да) әкімшілік, реттеуші, құқық қорғау және басқа органдар оның ішкі заңнамасымен белгіленетін шарттарда ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға қабілетті болуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге осы мақсатта жедел қаржы ақпараты жөніндегі бөлімшені құру туралы мәселені қарайды, бұл бөлімше ақша қаражаттарын жылыстатудың ықтимал жағдайларына қатысты ақпаратты жинау, таңдау мен тарату үшін ұлттық орталық ретінде іс-қимыл жасайды.

2. Қатысушы мемлекеттер олардың шекаралары арқылы қолма-қол ақша қаражаттары мен тиісті айналым құралдарының орын ауыстыруын анықтау жөніндегі және ақпаратты тиісті пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған кепілдіктерді сақтау мен заңды капиталдың орын ауыстыруына қандай да бір кедергілер жасамау жағдайында осындай орын ауыстыруды бақылау жөнінде іс жүзінде мүмкін болатын шараларды қолдану туралы мәселені қарайды. Мұндай шараларға жеке тұлғалар мен коммерциялық кәсіпорындардың қолма-қол ақша қаражаттарының елеулі көлемінің ұлттық шекарадан тыс жерлерге аударымдары мен тиісті айналым құралдарын беру туралы талабы енгізілуі.

3. Қатысушы мемлекеттер, ақша қаражаттарын аудару жөніндегі мекемелерді қоса алғанда, қаржы мекемелерінің талаптарын анықтау үшін тиісті және іс жүзіндегі мүмкін болатын шараларды қолдану туралы мәселені қарайды:



а) қаражаттарды электронды аударуға арналған формуларға және олармен байланысты жөнелтуші туралы дәлме-дәл хабарламаларды және мазмұнды ақпаратты енгізуі керек;

b) мұндай хабарламаны төлемді жүзеге асырудың бүкіл тізбегінде сақтауы керек;

с) жөнелту туралы толық ақпарат болмаған жағдайда қаражаттар аударымдарына терең тексеру жүргізілуі қажет.

1. Осы баптың ережелеріне сәйкес реттеу мен қадағалаудың ішкі режимін анықтаған кезде және осы Конвенцияның кез келген басқа бабына нұқсан келтірместен Қатысушы мемлекеттерге ақша қаражаттарының сыртқа кетуіне қарсы бағытталған аймақтық, аймақаралық және көп жақты ұйымдардың тиісті бастамаларын басшылыққа алу ұсынылады.

2. Қатысушы мемлекеттер ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы күрес мақсатында сот және құқық қорғау органдары, сондай-ақ қаржыны реттеу органдары арасындағы ғаламдық, аймақтық, кіші аймақтық және екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және ынталандыруға ұмтылады.

 

III тарау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет