«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ТӘРБИЕ

Бағдарламаның өзектілігі 
Бүгінгі таңда тәрбие мәселесінде туындап жатқан жағдайлар мен 
өзгерістер бала бойында ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру 
тәсілдерін қайта ойластыруды, қауіпсіз, жайлы орта құруда білім беру 
ұйымдарының мемлекеттік және әлеуметтік институттар арасында өзара 
ынтымақтастық қарым-қатынастардың жалпы парадигмасын өзгертуді талап 
етеді. 
Бүгінде әлемдік өзгерістердің аса қарқынды жылдамдықпен дамуы
коммуникациялық технологиялар, интернет, әлеуметтік желілер және мобильді 
құрылғылардың өскелең ұрпақтың күнделікті өміріне жаппай енуі оның 
көзқарасы мен ұстанымдарын түбегейлі өзгертті. 
Өткен тарихи жадыны сақтай отырып, ұрпақ үшін, халықтың даму тарихы 
үшін, оның болмысы үшін болашақ ұрпаққа мирас етіп қалдыру, ұрпақтар 
сабақтастығы ретінде атадан өскелең ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып 
келе жатқан ұлтжандылық, жалпыадамзаттық қасиеттерді қалыптастыру 
мәселелері барған сайын өзекті бола түсуде.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтар арқылы ұлттық, рухани-адамгершілік 
құндылықтарды бала бойына сіңіруге деген сұраныс артып келеді.
Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдердің арасындағы 
зорлық-зомбылық, жәбір көрсету, буллинг, кибербулинг, темекі шегу, вейп 
эпидемиясының кеңінен таралуы, ішімдікке әуестік және ата-ана мен 
үлкендерді құрметтеу сезімдері, мемлекетшілдік қасиеттері, салт-дәстүр, 
әдет-ғұрыптарды ұстану, қазақ тіліне деген құндылық мәселесінің өзектілігі 
мен аталған жағдайлардың қауіпті динамикасының өсуі бүгінгі таңда рухани 
адамгершілік қолдауды талап етіп отыр.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары педагогтерінің тәрбие жұмысын 
жүзеге асыруға кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі,
балалардың тұрғылықты 



жеріне жақын орналасқан мектептен тыс ұйымдардың және тегін мектеп 
үйірмелері санының жеткіліксіздігі, балалар мен жасөспірімдердің бос 
уақыттарының дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан әлеуметтік желілерге, 
интернетке тәуелділіктің артуы және т.б. тәрбиенің мәселелерін шешуде 
педагогтердің практикалық құзіреттілігін арттыру мәселесі маңызды. 
Осыған байланысты 
қоғам алдында 
ұлттық құндылықтарды бойына 
сіңірген, өзінің елін, жерін, Отанын қадірлейтін, еліміздің әрі қарай дамуына 
серпін беретін терең білімді, озық тәжірибелі және рухани-адамгершілік 
болмысы қалыптасқан жан-жақты кемелденген буын қалыптастыру міндеті тұр.
Сондықтан 
«Біртұтас тәрбие: құндылықтарға негізделген тәрбие ісін 
басқару және жүзеге асыру» атты педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру 
курсының білім беру бағдарламасы 
жүзеге асыру өзекті болып отыр. 
Мақсатты топ: білім беру ұйымдарының педагогтері, мектеп 
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәрбие 
саласының мамандары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет