«біртұтас тәрбие: ҚҰндылықтарға негізделген тәрбие ісін басқару және жүзеге асыру» педагогтердің КӘсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы


Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата08.07.2024
өлшемі487.86 Kb.
#502889
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
ТӘРБИЕ

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 
Бағдарламаның мақсаты 
Курсқа қатысушы тыңдаушыларға білім алушылардың бойына ұлттық 
және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, өз отанын, елін, жерін, 
мекенін қорғай алатын, еңбекқор, білімді, әлемдік заманауи білімдерді игерген 
саналы азаматты тәрбиелеудің интерактивті әдіс-тәсілдері мен жұмыс істеу 
алгоритмдерін үйрету және олардың кәсіби педагогикалық тәжірибелерін 
арттыру.
Бағдарламаның міндеттері 
1. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген 
еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты қалыптастырудың тетіктерін 
меңгерту; 
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді 
құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық 
пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу жолдарын қалыптастыру;
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, 
жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға 
баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастырудың алгоритмін ұсыну; 



4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығы 
мен сана ашықтығы дағдыларын жетілдіру
5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи 
ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу
6. Кәсіби педагогикалық этика және эмоционалды интеллект дағдысын 
қалыптастыру. 
7. Сабақтың тәрбиелік әлеуетін, атап айтқанда, жаратылыстану-
математикалық пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейту алгоритмдерін үйрету.
Күтілетін нәтижелері 
1. Курсқа қатысушылар жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды 
бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты қалыптастырудың 
тетіктерін меңгереді; 
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді 
құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық 
пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу жолдарын біледі;
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, 
жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға 
баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру алгоритмін меңгереді; 
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ой тазалығы 
мен сана ашықтығы дағдыларын қалыптастыра алады; 
5. Курсқа қатысушылар білім алушыларды табиғатқа, табиғи мұраға 
ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға 
тәрбиелей алады; 
6. Кәсіби педагогикалық этика және эмоционалды интеллект дағдысын 
сіңіреді; 
7. Сабақтың тәрбиелік әлеуетін, арттырып, пәндердің тәрбиелік мазмұнын 
күшейту алгоритмдерін жүзеге асыра алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет