Бизнес жүйесіндегі маркетинг


Бизес-жоспардың құрылымы, мазмұны, сипаттамасы



бет4/13
Дата23.09.2022
өлшемі86.85 Kb.
#461210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бизнес негіздері

Бизес-жоспардың құрылымы, мазмұны, сипаттамасы
Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері:
Титул парағы
Мазмұны
Түйін
Кәсіпорын сипаттамасы
Өнім немесе қызмет сипаттамасы
Маркетинг жоспары:
- нарықты талдау;
- бәсекелестікті талдау;
- маркетинг стратегиясы;
- өндірістік шикізат базасы.
Өндірістік жоспар
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы
Қаржылық жоспар (несие қажеттілігін есептеу):
- табыстарды есптеу;
- шығындарды есептеу;
- пайданы есептеу;
- зиянсыздықты талдау;
- есе қайтарымдылық мерзімі.
Титул парағы (аннотация)
Титул парағында кәсіпорынның толық атауы және мекенжайы, жобаның мақсаты, кәсіпкердің есімі және ұсынылатын жобаның мәні көрсетіледі.
Кіріспе бөлімі
Кіріспеде ұсынылатын жобаның ең негізгі жағдайлары, яғни жаңадан құрылатын кәсіпорынның қызметі, оны іске асыру үшін қаражат қажеттілігі, өндірілетін өнімге сұраныс жағдайлары және кәсіпкердің табысқа жету негіздері қарастырылады.
Кіріспе негізінен бизнес-жоспардың ең соңында жазылады да, неғұрлым қысқа және нақтылы инвесторлардың назарын аударатындай мазмұнды болуы қажет.
Нарық және маркетингтік талдау
а) сала жағдайы
Солтүстк Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындардың көпшілігі астық өндірумен айналысады.
Өйткені бұл салада әлі де болса біршама ресурстық потенциалдың сақталғаны (мамандар, тиісті сападағы жер, жер өңдейтін және астық жинайтын техника, тұқымдық материалдар т.б.) байқалады.

Өсімдік шаруашылығының негізгі өнімдері өндірісін талдау нәтижесі республика және Ақмола облысы деңгейінде астық өндірісінің тұрақты өсуін байқатты. Астық өндірісіні көбіне ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының үлесіне келеді.


Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы республикада төмен деңгейде дамуда. Сондықтан өңдеу саласының өндірістік деңгейін, ұдайы өндірісін және болашақта дамуын қолдау салаға біршама қаражаттың құйылуын талап етеді.
б) нарыққа сипаттама
Тамақ өндірісін диверсификациялау жұмыстары, республиканың астанасында және оған жақын орналасқан аудандарда халық санының өсуі астық нарығына және астықты өңдеуден алынатын өнімдер нарығына қолайлы жағдайлар жасайды.
Соңғы жылдары астық өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде шаруа қожалықтарының көпшілігінде қарыздарын өтеп, қаржылық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік туды.
в) бәсекелестік
Нарықтың табысты қалыптасуы көбіне бәсекелестікке қажетті жағдайлардың болуына тікелей байланыстыа екенін ескеру қажет.
Нарық жағдайында көптеген шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзара бәсекелестікте. Сондықтан бизнес-жоспардың мақсатын іске асыру мүмкіндіктерін айқындау үшін құрылатын шаруа қожалығының әлді және әлсіз жақтарына талдау жүргізу қажет.


Шаруа қожалығы мысалында әлді және әлсіз жақтарына талдау
Жобалық шаруа қожалығының әлді және әлсіз жақтарын сипаттайтын төмендегі факторларға талдау жасау қажет:
- шаруашылықтың бюджетке, банкке, серіктеріне қарызының жоқтығы;
- маман қызметкерлер;
- жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- моралдық-психологиялық климат, бәсекелестік төзімділікке тырысу;
- өңделетін шикізаттың болуы;
- жер бонитеті;
- табиғи-климаттық жағдайлар:
· топырақ типі
· ылғал мөлшері 300-330 мм
· пайдалы ауыл шаруашылығы жерінің болуы
- маркетингтік қамтамасыздық (нарық жағдайы, бәсекелестер, тұтынушылар т.б. мәліметтер);
- астық өңдеуге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға өз қаражаттарының жетіспеушілігі.
Нарық бәсекелестігінде шаруашылық неғұрлым төзімді, тиімді болу үшін төмендегідей шараларды іске асыру қажет:
· өнім сапасын көтеру;
· өндірістік шығындарды азайту;
· өнім ассортиментін көбейту;
· қызмет көрсету;
· тұтынушыларды ынталандыру.
г) нарық стратегиясы
Шаруа қожалықтарының қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, өңдеп, тұтынушыларға тиімді өткізуге бағытталады. Астықты тұтынушыларға шикізат қалпында өткізгеннен де ұнға, немесе нан өнімдеріне айналдырып сату өте тиімді екені бүгінгі күні айқын. Өйткені бұл өнімдер тұтынушылардың күнделікті қажетті тауарларының бірі болып есептеледі.
Жоғары өнімділіктегі құрал-жабдықтардың, құнарлы жер ресурстарының, маман қызметкерлерінің болуы сапалы және қауіпсіз өнім өндіруге қажетті жағдайлар жасайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет