Бүйрек үсті безі патологиясының визуалді диагностика әдістері


)Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады;бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жи



бет2/5
Дата25.04.2023
өлшемі4.36 Mb.
#472705
1   2   3   4   5

4)Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады;бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.


Бүйрек үсті бездері

Бүйрек үсті безі аурулары

Гипер- және гипофункция жағдайларынан басқа, бүйрек үсті безі қыртысының патологиясында, басқа ішкі секреция бездерінен айырмашылығы, мұнда ағза дисфункциясымен сипатталатын жеке аурулар тобы ажыратылады. Бүйрек үсті безі дисфункциясы кезінде бір гормонның артық өндірілуі және басқаларының тапшылығы көрініс береді. Бүйрек үсті безі аурулары ағзаның функционалдық жағдайына негізделе отырып жіктеледі: гиперфункция, гипофункция, дисфункция.

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ

Аддисон ауруы

Аддисон дерті (morbus Addіsonі; басқаша — қола ауруы — бүйрек үсті бездері жұмысының нашарлауы). Ол туберкулез ауруы (50-85%), аутоиммундық атрофия және басқа паталогиялық процестерден пайда болатын аурулар (амилоидоз,гистоплазмоз, рак метастаздары т.б.) әсерінен өршиді. Аддисон дертімен көбіне 20-40 жас аралығындағы адамдар ауырады. Ауру өте баяу басталып, теріде, терінің шырышты қабатында қола түстес дақтар пайда болады. Қан қысымы күрт төмендейді, электролиттер алмасуы бұзылады.

Классификациясы

I.Біріншілік, екіншілік (гипофизарная), үшіншілік(гипоталамическая) бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі

II. Ауырлық дәрежесі: жеңіл,орташа ауыр, ауыр.

III.Компенсация жағдайы: компенсация, субкомпенсация, декомпенсация.

IV. Асқынуы: асқынған, асқынбаған.

Біріншілік бүйрек үсті безінің созылмалы жетіспеушілігі (Аддисон ауруы)

Этиологиясы:

-Бүйрек үсті безінің қыртысты затының аутоиммунды деструкциясы (80-85%);

-Бүйрек үсті безінің туберкулезі (5-10%);

-Адренолейкодистрофия (адреномиелонейропатия 5%);

-Бүйрек үсті безінің метастатикалық зақымдалуы.

-Бүйрек үсті безінің зақымдалуы диссиминирленген саңырауқұлақты инфекция кезінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет