Бұлшықеттердің қызметі



Дата03.04.2024
өлшемі312 Kb.
#497448
Бұлшық ет туралы және тапсырмалар


Дидактикалық материалдар

  1. қосымша


Бұлшықеттердің қызметі:1 - бүгіп, жазып,қозғалысқакелтіру; 2 - дененітікұстапжүругекөмектесу; 3 тыныс алуға қатысу 4 – эмоцияны көрсету; 5 - дауысшығару 6-ішкімүшелержұмыстары 7 – денеге пішін беру 8-қоректену. Бұлшықет ұлпаларының 3 түрі болады: көлденең жолақты, жүрек, бірыңғай салалы.
Бірыңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, мысалы: қарын, ішек, қуық, тамырлар қабырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Ядролары жасушаның ортасында орналасады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтардың тігінен көлденеңіен жолақтары болады. Олардың жасушасы көп ядролы, ядросы орасында орналасқан. Өте жылдам, әрі адамның еркіне сай жиырылады.
Құрылысы:бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан (фасция), қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. Сүйекке сіңір арқылы бекінеді.
1 - бұлшықет талшығының қабықшасы - фасция; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің талшықтары- миофибрил 4 жиырылғыш элементтер- саркомера 5- нәруыз талшықтары-миозин (жуан, қызғылт), актин (жіңішке, ақшыл) Миофибриллдар(миоциттер) бұлшықеттердің ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі.
Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді.Жасуша ядросы көп, әрі жасуша ортасында орналасқан.Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның еркінен тыс, санаға бағынбайды.
Бұлшық еттің құрамында: Бұлшықет талшықтарының 75% су, 20% нәруыздар. Бұлшық ет талшықтары жасушаларының митохондриясынан энергия алып жиырылады. Егерде энергия жетіспесе етте сүтқышқылы жиналып қалады. Ұзақ дене жаттығуларынан кейін бұлшықеттердің ауыруы осыған байланысты.
3-қосымша
1-тапсырма: Диаграммадан бұлшықет ұлпасы түрлерін атап, олардың құрамды бөліктерін атап жазыңыз
а
1.ядроның орналасуы: а)....................................... в) ...............................................с).........................................
2. цитоплазмасының пішіні: а)......................................... в) ................................................с)...................................................
3.денеде орналасуы а).......................................... в) ...........................................с)............................................


2-тапсырма. Бұлшықет ұлпасының қызметтері мен олардың құрылымдық бөліктеріне тән белгілерді сәйкестендіріп орналастырыңыз.

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы

Бірыңғай салалы бұлшықет

Жүрек бұлшықеті










  1. Адам еркіне сай жиырылады

  2. Адам еркіне тыс жиырылады

  3. Көп ядролы

  4. Бір ядролы

  5. Көлденең жолақтары бар

  6. Көлденең жолақтары жоқ

  7. Cүйекке бекінеді

  8. Жүрек бұлшықетін түзеді

  9. Ішкі мүшелерді қаптап жатады

  10. Ұзын цилиндр тәрізді, ұштары доғал

  11. Ұзын цилиндр тәрізді , әр жерден бірігіп торланып жатады

  12. Ұзын ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуандау

  13. Ядросы ортасында орналасқан

  14. Ядросы жасушаның шетінде орналасқан

3-тапсырма. a)Бұлшықеттің құрам бөліктерін жазыңыз.


- -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар




  • Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады;

  • Бұлшықеттіңқұрылысынсипаттайды;

  • Бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Жүрек бұлшықетті суретте ажыратады

Бірыңғай салалы бұлшықетті суретте ажыратады

Көлденең жолақты бұлшықетті суретте ажыратады

Жүрек бұлшықетінің қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Бірыңғай салалы бұлшықетті қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Көлденең жолақты бұлшықетті қызметі мен құрылымдық бөліктерін сәйкестендіреді

Бұлшық еттің құрылым бөліктерін атайды


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет