Бөж тақырыбы: Соғыстан кейінгі жылдары Бауыржан Момышұлының шығармашылығы

бет3/6
Дата21.05.2024
өлшемі1.49 Mb.
#501667
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
бәм нурбакыт

Соғыс тақырыбындағы шығармалардағы солдат жанын түсінуге, сезінуге бастап барар жазушылық шеберлік, стильдік қолтаңба осыған жетелесе керек. Бұл орайда, солдат психологиясын дөп басып, дәл жеткізуге оңтайлы жол ретінде жазушылар таңдаған бiр әдiс шығарма оқиғасын бірінші жақтан баяндатып, лирикалық кейіпкердің аузымен айтқызып, соның ойымен өрбітетін iзденiс өрнегi болып табылады. Сондықтан да соғыс тақырыбына барған әрбiр автор шама-шарқынша өз қаһармандарының жан-дүниесiне үңіле білді. Соның бiрi, әрi бiрегейi жазушы Бауыржан Момышұлы. Оның шығармашылығына тән басты ерекшелік — кейіпкерлерінің ішкі әлеміне бойлай ену, сол әлемдегі сан-қилы сезімдердің шарпысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын қаhармандарының сезiм түйсiгi арқылы дәл көрсете білу.

Бауыржан Момышұлының «Москва үшiн шайқас» романы бірінші кітап, екінші кітап, үшінші кітап, төртінші кітап деген төрт бөлімнен құралған. Әр бөлім тарауларға жіктелген. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған әр тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, өзіне қызықтырып, тартып отырады. Ықшам түйілген шығарманың композициялық құрылымы жүйелi, қиыннан қиыстырар суреткер шеберлігін танытады. Романдағы оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған. Сол кездегi роман жайында Х. Бекхожин: «Міне, біз Бауыржанның «Москва үшін шайқас» деген көлемді хикаясын оқып отырмыз. Жауынгер оқушыны алапат соғыстың алғашқы ауыр шағына еріксіз тартады. Тұла бойың тітіркенерлік соғыс әлеметі көз алдына жанды қалпында елес қағады. Неміс фашистерінің қанды қалың табырлары астанамыз Москваға құтырған аңдай анталаған кездердегі біздің әскери күштеріміздің жауынгерлік әлпетін, майдан әрекетін, қатерлі қорғаныстағы ерлер айбатын сол сұрапылды өзі басынан кешкен батыл жазушы аса нанымды, әскерді суреттеген.». -деп келтiрген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет