Бөлім 1 Автомобильдердің қозғалтқыштары


Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі



бет29/34
Дата07.09.2024
өлшемі2.25 Mb.
#503448
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Жұмыс дәптері Автомобильдермен қозғалтқыштар теориясы пәнінен Автомобиль теориясы

6.11 Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі

Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесі, осының алдында қаралған карбюраторлы двигательдерден айырмашылығы, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдің ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да, ондағы ауамен араласып, жану қоспасын құрайды.


Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда, дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрі жасалады, яғни қалыпты, байытылған немесе кедейлетілген түрлері.
Дизельді қозғауыштардың тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтанда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соңында бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соңында, цилиндр ішіндегі ауа өте қатты қысылғандықтан, оның температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді.
Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкен болады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май мен ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзеді.
Дизельді қозғауыштардың осындай ерекшеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жүйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді. Олардың негізгілері жанар майды үлкен қысыммен цилиндр ішіне беретін құралмен қоса (жоғарғы қысымды жанармай насосы), оны сол үлкен қысыммен бүркіп беретін құрал (ФОРСУНКА) болып табылады. Ал ауамен қамтамасыз ететін құралдар, жоғарыда қаралған карбюраторлы двигательдердікінен онша айырмашылығы болмайды. Дизельді қозғауыштардың қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасы келесі суретте көрсетілген.


Сурет 9. Дизельді двигательдің қоректендіру жүйесі.


1-жоғары қысымды жанармай насосы; 2-жанармай багы; 3-қабылдағыш сүзгі; 4,6,7,11,12,13,15-төменгі қысымдағы түтіктер; 5-ірі сүзгі; 8-кіші қысымды насос; 9-қол насосы; 10-майда сүзгі; 14-жоғары қысымдағы түтік; 16-форсунка; 17-ауа тазартқыш; 18-қозғауыш

Ондай жүйе негізгі мынандай құралдардан жинастырылады: жанар май ыдысы (2), ірі (5) және майда (10) сүзгілер, кіші қысымды насос (8), жоғары қысымдағы насос (1), жанар май бүркіп шашатын форсунка (16) және ауа тазартқыш (17). Олар мына төмендегідей ретпен жұмыс істейді. Сору процесі кезінде цилиндр (18) ішіне ауа тазартқыш (17) арқылы таза ауа сорылып кіреді. Әрі қарай қысу процесі жүреді. Осы қысу процесінің соңында цилиндр ішіне жанар май форсунка арқылы бүркіліп беріледі.


Цилиндр ішіне жанар май берілу жұмысы мынандай ретпен атқарылады. Жанар май ыдысынан (2) тазалағыш тор (3) арқылы жанар май сорылады. Оны соруды кіші қысымды насос (8) іске асырады. Сол кезде жанар май жол жөнекей ірі сүзгі (5) арқылы өтіп, онда механикалық қоспалардан тазаланады. Жанар май әрі қарай майда сүзгіге (10) аздаған қысыммен беріледі де, онда мұқият тазаланып жоғарғы қысымды насосқа (1) жетеді. Осы насосқа дейін жанар май үнемі үздіксіз ағынмен беріліп тұрады.
Жоғарғы қысымды насос екі түрлі қызмет атқарады.
Біріншісі - жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында ғана үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді.
Екінші қызметі, двигательдің жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп қана береді.
Сонымен жоғарғы қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.



Сурет 10. КамАЗ автокөлігінің жоғары қысымды отын нососы


Жоғары қысыммен келген жанар майды форсунка ұсақ тамшыларға айналдырып, цилиндр ішіне бүркеді. Сондықтанда оның бүркетін бөлігі цилиндр ішінде орналасқан. Сонымен бүркілген жанар май әрі қарай жоғарғы ауа температурасының әсерінеи буланып, ауамен толық араласады.
Форсунка және отын өткізгіштер. Дизель қозғауыштарда форсункалардың (сурет 7.6) көмегімен отынды майда тозаңдатылған күйде және үлкен қысыммен жану камерасына тозаңдатып бүркеді. Форсунканың негізгі бөлігі корпустан және инеден (9) түратын - тозаңдатқыш (1). Ине корпустың конустік ер-шігіне штанганың (3) көмегімен серіппемен (8) қысылған. Автомобиль форсункаларының көбінде серіппелері реттегішсіз болады. 
Реттегіші бар форсункаларда серіппені белгілі бір қысымға винтпен реттейді. Реттеуіш винт форсунканың корпусында болатын стаканның түбіне винтпен бүралған. Реттеуіш винтті өздігінен бүралып кетуден қосалқы гайка сақтандырады. Үстіңгі жағынан винт қалпақпен жабылған, онда серіппе қуысына өтіп кеткен отын шығарылатын ағызу түтігін қосу үшін бүрандалы тесік болады.
Форсунка тозаңдатқыш (1) камерасындағы отын қысымы серіппе күшінен асып кеткенде, төменнен инеге әсер ететін күш, оны көтереді де, отын камерадан тозаңдатқыш тесіктерге түсіп олар арқылы жану камерасына тозаңдатылған күйінде бүркіледі.
Отын енгізілгеннен кейін тозаңдатқыш камерасындағы (1) қысым күрт төмендейді де ине серіппенің әсерімен форсунканың шығару тесігін жауып тастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет