«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік
бөлімі» ММ-нің 2007жылға арналған
қалалық бюджеттік бағдарлама
паспортын бекіту туралы»
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 33/16
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысын, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LII сессиясының «Қалалық мәслихатының кезекті XLII сессиясының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының 2007 жылғы бюджеті туралы» №5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 18 шілдедегі №4 шешімін орындауға байланысты, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің 2007 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарлама паспортын бекіту туралы» №33/16 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 қосымша 1 пункт 4685000 теңге санын 4634000 теңгеге өзгерту (Төрт миллион алты жүз отыз төрт мың теңге);
2. Бюджеттік бағдарламаның орындалуына жауапкершілік «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бастығы Бақтияр Нұркен Ғалымтайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Грибенщиков Сергей Алексеевичке жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі И.Тоғайбаев
Орын.Н.Бақтияр
«Қарағанды қаласының кәсіпкерлік
бөлімі» ММ
бюджеттік бағдарламалар паспорттарын
бекіту туралы»
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2007 жылғы « »
№ қаулысына №1қосымша
Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгері
2007 жылға арналған
Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
ПАСПОРТЫ
-
Құны: 4634 000 теңге (төрт миллион алты жүз отыз төрт мың теңге 00 тиын)
-
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 4,6,8,9-баптары; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1,39-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» 2002 жылғы 11 қаңтардағы №41 қаулысы; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметіне еңбекақы төлемінің біріңғай жүйесі туралы» №1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 02 қарашадағы «Бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр қуатын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері туралы» № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту тұжырымдамасы туралы» № 1706 қаулысы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің 2003 жылғы 12 ақпандағы «Мемлекеттік қызметшілерді оқытуды тіркеу орталықтарының тізбесін бекіту туралы» № 02-01-02/158 бұйрығы; «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті LII сессиясының 2007 жылғы 18 шілдедегі №4 шешімі.
-
Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.
-
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кәсіпкерлік бөлімнің қызметін ұйымдастырылған, заңды, материалдық-техникалық жабдықталған тұрғыда қамтамасыз ету, жергілікті бюджетті жоспарлау және қаланың даму бағдарламаларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін көтеру.
-
Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаланың экономикалық, әлеуметтік дамуының, бағдарламаларды, индикативтік жоспарлар мен болжамдарды әзірлеу және қалада олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру, бюджет қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары
Рет
№
|
Бағдар-
лама коды
|
Кіші бағ-дар-лама коды
|
Кіші бағдар-ламалар атаулары
|
Бағдарламаны іске асыру шаралары
|
Іске асыру мерзімдері
|
Жауапты орындау-шылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
001
|
003
|
Кәсіпкерлік бөлімнің қызметін қамтамасыз ету
Жергілікті органдар аппараттары
|
Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға талдау жасау, реформалар барысын бағалау. Қаржылық, ақша-несие, валюта-несие саясатының бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау және әзірлеу. Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірістерін сауықтырудың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру. Экономиканы құрылымдық қайта жаңарту, өндірісті техникалық жарақтандыру, қаланың экспорттық әлеуетін көтеру мақсатында жаңа технологиялар енгізу процестеріне шетел капиталын тартудың нарықтық стратегиясы мен тактикасын әзірлеу.
Штаттық саны шегінде бөлімді ұстау.
Қағаз, кеңсе тауарларын, почта маркаларын, принтерлер мен көшірме аппарат-тарына картридждер, принтерлер үшін тонерлер мен компьютерлік техниканың шығыс материалдары. Мерзімдік баспасөзге жазылу, шаруашылық товарларын сатып алу, оргтехниканы ұстау және техникалық қызмет көрсету, статақпарат қызметтері ақысы, банк қызметтері, «1:С» қамтамасыз ету бағдарламасын қолдау.
Коммуналдық қызметтер ақысы.
|
2006
жыл
|
Кәсіпкерлік бөлім
|
-
Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік саясатқа сәйкес қала аумағында қалалық жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы, оқытудан өткен қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиімді орындауының есебінен мемлекеттік орган жұмысының жақсаруы.
Бастықтың міндетін атқарушы Бақтияр Н
Достарыңызбен бөлісу: |