Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Фосфор органикалық қосындылары бар заттардан улану. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет18/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

23. Фосфор органикалық қосындылары бар заттардан улану. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Фосфорорганикалық заттарға дихлофос, тиофос, хлорофос, карбофос жатады. Олардың психотропты, нейротоксикалық әсері бар. Карбофос немесе хлорофосты ішке қабылдағанда өлімге әкелетін мөлшері - 5г, олар ағзаға түскен соң, өте улы метаболиттер
құрайды. Бұл токсикалық метаболиттердің антихолинэстераздық әсері күштірек. Уланулар аталған заттардың асқазанға тыныс жолдары мен тері жамылғылары арқылы түсуінде дамиды.
Клиникалық көріністері 3 кезеңнен тұрады:
І кезеңі : психомоторлы қозу, миоз, кеуденің қысылуы, ентігу, өкпеде ылғалды сырылдар естіледі, тершеңдік, қан қысымының көтерілуі.
2 кезеңі: клонико - тоникалық тырысулар, хореялық гиперкинездер, кеуде клеткасының кернелуі, бронхореяның өрши түсуінен тыныстың бұзылуы, брадикардия. Еріксіз үлкен дәретке шығу, жалған дәретке шақыру (тенезмдер), зәр шығарудың жиіленуі, комалық күйге ену.
3 кезеңі: Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттердің әлсізденуі мен тыныс орталығының тежелуі әсерінен тыныс тоқтап қалады. Аяқ - қол бұлшық еттері салданып, қан қысымы төмендейді. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары (брадикардия,
блокадалар, фибрилляциялар) байқалады .
Жедел жәрдем шаралары :
- Асқазанды жуу;
1 кезеңінде: 1% 2-3мл атропин ерітіндісін т/а , тәулік бойыауызы құрғағанша салуға болады. 2,5% 2мл аминазин және 25 % 10мл магний сульфат ерітіндісі бұлшық етке енгізіледі ;
2 кезеңінде: 0,1% Змл атропинді 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп көк тамырға (25-30мл 0,1% атропин ерітіндісі) қайталай отырып, бронхорея тоқтағанша және шырышты қабықтары
құрғағанша енгізіледі. Егер, кенеттен қан қысымы көтеріліп, тырысулар болса -
2,5% Імл бензогексоний, 25% 10мл магний сульфат ерітіндісі, 5-10 мг седуксен к/т енгізіледі. Холинэстераз реактиваторлары. Токсикалық шокты емдеу. Гидрокортизон 300мг б/е;
Науқасты аурухананың токсикология бөліміне жеткізу.


24. Тағамнан,улы саңырауқұлақтардан уланудың клиникалық белгілері және дифференциалды диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіптісі тағамдық токсикоинфекция және микробты табиғаттың интоксикациясы.

Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін.


Сапасыз өнімдер дегеніміз- түрлі микроорганизмдермен және токсиндермен жұқтырылған азық-түліктер. Жануарлардан алынатын өнімдер ең қауіпті болып табылады (ет, балық, шұжық, консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ). Әсіресе уақталған ет — паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады.


Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң көрінуі мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты. Тамақтан улануды болдырмаудың бірнеше, яғни тағамдарды сақтау және дайындаудың қарапайым қағидаларын орындау керек:


— қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау;


— тамақты дұрыс дайындау;


— тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану;


—жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе қуыру) ;


— шикі және піскен азық-түлік өнімдері арасындағы байланысқа жол бермеу;


— жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау, қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе ас ішер алдында және дәретханадан кейін;


— қайнатылған, бөтелденген немесе сапалы, таза ауыз суды пайдалану;


— көкөністер мен жемістерді пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру;


— тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта 2-6 С температурада сақтау;


— кремді –кондитерлік өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау;


— үйдегі қоқыстарды және тағам қалдықтарын уақытылы шығару;


— үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.:


САҢЫРАУҚҰЛАҚТАН УЛАНУ СЕБЕПТЕРІ:
Уыттары бар саңырауқұлақтардың уландыруы
Терілген саңырауқұлақтардың кулинариялық өңдеуінің сақталу ұзақтығы, немесе дайындалған саңырауқұлақтардың сақталу ұзақтығы
Саңырауқұлақтардың зиянкестермен, соның ішінде, саңырауқұлақ масаларымен бүлінуі
Алкогольдің кей түрлерімен саңырауқұлақтарды бірге қолдану
Ағзаға зиян келтіретін тамыр денелерінің саңырауқұлақтың өсу барысында жинақталуы (ауыр металлдар және т.б.)
Тамаққа саңырауқұлақтың түрлерін жиі қолдану
Жиырылмалы.ЕҢ АУЫР УЛАНУДЫ ТУДЫРАТЫН
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР:
БОЗ ПОГАНКА
МУХОМОР
САЙТАН
САҢЫРАУҚҰЛАҒЫ
ЖАЛҒАН ОПЯТА
САСЫҚ САҢЫРАУҚҰЛАҚ
ПАНТЕРЛІК САҢЫРАУҚҰЛАҚ.
САҢЫРАУҚҰЛАҚПЕН УЛАНУДЫҢ СИМПТОМДАРЫ
Саңырауқұлақпен уланудың симптомдары төмендегілерді қамтиды:
Жоғары қарқындылықты іштегі, көбінесе асқазан мен кіндіктің тұсындағы аймақта толғақ тәрізді ауырсыну.
Жүректің айнуы, көп рет қайталанушы қалжыратататын және тез арада сусыздануға әкелетін құсудың қосылуы да сирек емес.
Диарея (іш өту).
Әлсіздікке, бастың айналуы мен ауыруына әкелетін жалпы уыттану.
Жүректің уытты зақымдалуының белгілері – артериялық қысымның төмендеуі, аритмияның дамуымен жүрек қызметін ауырлату.
Сананың ауырлауы, сіңірлердің тартылуы, сезімталдықтың бұзылуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылулары және бас миына уыттардың әсер етуімен байланысты басқа белгілер.
Уытты гепатиттің (бауырдың зақымдалуы) дамуы салдарынан сары ауру.
Несеп бөлінуінің мөлшері азаю, онда қанның пайда болуы, белдің ауруы. Бұл жіті бүйрек жетіспеушілігі дамуымен бүйрек қызметінің бұзылуының белгілері.
Эритроциттердің – оттегін тасымалдау үшін жауапты қан жасушаларының ауқымды ыдырауы (гемолиз).
Саңырауқұлақпен улану кезінде алдымен асқазан-ішек бұзылыстары және жалпы уыттанудың белгілері пайда болады. Ал біршама уақыт өткеннен кейін ішкі органдардың уытты зақымдалуы орын алады, бұл бүйрек, бауыр, жүрек жетіспеушілігіне әкелетін олардың қызметінің нашарлауына апарып соғады. Және оның алдында уланған адам жағдайының біршама жақсаруы да кездеседі, оны «жақсы аралық» деп атайды. Ішкі органдардың уытты зақымдалуы – саңырауқұлақпен уланудың ең қатерлі салдары.
ЕМДЕУ
Саңырауқұлақпен улану ең қауіптілердің бірі болып саналады. Және оның салдарын дәрігер емдеуі қажет, медициналық көмекке мүмкіндігінше ерте жүгінген жөн. Зардап шегушіні шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігі де сирек емес. Бірақ уланудың алғашқы белгілері анықталғаннан бастап емдеуді маманның қарап-тексеруіне дейін бастаған жөн, ол төмендегілерді қамтуы тиіс:
Асқазанды тазарту. Артынан құсуды шақыртатын мол су ішу асқазан-ішек жолының жоғарғы бөліктерін әлі сіңіп үлгермеген уыттардың елеулі мөлшерінен босатуға мүмкіндік береді. Бірақ уланған адамның сіңірлері тартылып, санасы ауырлаған ауыр жағдайы кезінде, құсықтың тыныс алу жолдарына түсуіне жол бермеу үшін асқазанды өз бетінше тазартуды жасау ұсынылмайды.
Энтеросорбенттерді қолдану. Бұл уыттардың ішекке сіңуін азайтып, одан әрі емдеуді жеңілдетеді. Таңдаудың басымдылығы адсорбциялық қабілеті жоғары заманауи препараттарға – мысалы, Фильтрумге® беріледі.
Сұйықтықты жоғалтудың орнын толтыру үшін және уытсыздандыру мақсатымен жиі сусын ішу қажет.
Бұдан әрі қарай емдеуді дәрігер таңдайды, өз бетінше басқа да препараттарды тағайындау және қабылдау ұсынылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет