Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин



бет1/90
Дата25.12.2023
өлшемі0.77 Mb.
#487940
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
эндо


20-балл
1.1.1.) Эндодонтия туралы түсінік, анықтама беріңіз
Бул ұлпа мен периодонт кабынуы кезіндегі жергілікті патологиялық үрдіске ұшырайтын тіндердің жиынтығы. Дәлелдеп айтқанда – ол ұлпа және қуыс қабырғасын құрайтын дентин (ұлпа-дентинді жиынтығы).
Клиницисттер буған тағы ұлпа-периапикальды жиынтығын қосады.Оның ішіне ұлпа мен тiс қуысының қабырғасындағы дентиннен басқа түбір ұшы маңайындағы тіндер (апикальды периодонт, цемент, кортикальды пластинка) кіреді.
Эндодонтия-тiс куысында (сауыт белiгiнде және түбір өзектерінде) орналасқан тіндерінің морфологиясы туралы, ұлпа мен периодонт тіндерінде патологиялық үрдістер пайда болуының және ағымының ерекшеліктері туралы, диагностика мен емдеу әдістері туралы ғылым.
1.1.2.) Тістердің гистологиясы
Тіс (dens) – жақ сүйектірінің альвеоласында орналасқан, дентиннен, кіреукеден, цементтен тұратын, тағамды тістеуге, шайнауға арналған құрылым. Тіс эмбрионың ауыз қуысы кілегейлі қабығының туындысы. Эпителийден кіреуке, эпителий астындағы мезенхимадан ұлпа, дентин, цемент, периодонт дамиды.
Кіреуке ( enamelum ) тістің сауытын жауып тұратын организмдегі ең қатты тін. Кіреукенің негізгі структуралық элементі – кіреуке призмалар болып табылады. Олар кіреуке-дентин байланысынан тіс сауытының беткейіне қарай радиальды бағытта өтетін, қырлы «цилиндр талшықтарына » ұқсас. Қалыңдығы 4-7 мкм, саны тістің қалыңдығына байланысты 5-тен 12 млн-ға дейін. Ұзындығы иірімдер болғандықтан кіреуке қабатының қалындығынан болуы мүмкін. Кіреуке призмалардың ішінде протоплазмалық талшықтар өтеді. Олар озара неорганикалық тұздар кристалдарының қосындысы бар жұқа органикалық тор құрайды.
Көлденең кесіндісінде призмалар созылған өсінділері бар арка немесе овал пішінді болады. Өсінді бөлімі көршілес призмалардың бастарының аркасында орналасады. Призмалардың осындай пішіні және орналасуы кіреуке құрылымының шектеп тыс қатты болуы қамтамасыз етеді. Кіреуке призмалары және призмааралық кеңістіктер ұзындығы 0,1-ден 50 нм, фторапатит Са10 ( РО4 ) 6 F2 немесе гидроксиапатит Са10 ( РО4 ) 6 кристалдарынан тұрады. Кристалдардың көлемі кіреукенің жетілуімен байланысты. Кіреуке кристалдардың беті гомогенді және ұсақ түйіршікті. Көрші кристалдармен жанасатын бүйірлік қырлары жазық беткейлі болады.
Кіреукенің органикалық құрамы бұл кіреуке пластинкалары, кіреуке шоғырлары мен ұршықтары. Дентин – жайыстырғыш аморфты заттан, колаген талшықтарынан турады. Дентиннің регенерациялық қабілеті бар.дентиннің шеткі қабатында коллаген талшықтары радиальды, ұлпа маңында радиальды және тангенциальды орналасады. Дентеннің негізгі заты – 1-5 мкм дентин түтікшілерінен турады, көп мөлшерде ұлпа маңыңда, жабында дентинде, сауытында түбіріне қарағанда көп. Одонтобластардың дентиндік өсінділері дентин каналдарында орналасады, ұлпа рецепторларына ауру сезімдерін өткізетін жол. Дентеннің негізгі заты- гидрооксиаппатит кристалдарынан турады. Дентин түтікшілерінің аймағында гиперминерализация зонасы орналасады.
Ұлпа- жұмсақ тіннен тұрады, сауыт қуысы мен түбір өзегін толтырып жатады, сауыт ұлпасы тіс сауыттының рельефін құрайды. Тістің шайнау төмпешіктерінің бойында ұлпа мүйізшілері орналасады. Ұлпа борпылдақ дәнекер тіннен, жасушалардан, олардың арасында негізгі аморфты заттан турады. Ұлпаның талшықты құрылымдары- коллаген және аргирофильды, ретикулярлы талшықтар. Ұлпаның әр бөлігінде әр түрлі жасушалар бар.үш қабат құрайда: перифериялық –одонтобластық, аралық-субодонтобластық, орталық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет