Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Шарт жасамай-ақ төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі



бет10/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

27-тарау. Шарт жасамай-ақ төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсыну және орындау тәртібі
      215. Мемлекеттік мекеменің Осы Ереженің 208-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда шарт жасамастан не аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуді талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып, шығыстардың түрлері бойынша төлемдер жүргізуі үшін негіздеме:
      тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелері, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрі (бұдан әрі – растаушы құжаттар);
      қолма-қол ақшаны және чекті алуға арналған өтінім;
      сот мөрінің бедерімен расталған заң күшіне енген шешім не ұйғарым не қаулы не сот бұйрығы;
      инкассолық өкім;
      жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болып табылады.
      Сатып алынуы бірнеше шығыстардың БСК бойынша жіктелетін шарт жасамай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірнеше түрлеріне бір құжатты ресімдеген жағдайда төлеуге берілетін шотты жасау әрбір шығыстардың БСК бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте құжаттың қорытынды сомасы барлық төлеуге берілетін шоттардың қорытынды сомасына сәйкес келуі тиіс.
      Шарт жасаусыз негізінде мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын құжатта мынадай ақпараттың болуы міндетті:
      мемлекеттік мекеменің атына құжат ресімделген атауы (аумақтық қазынашылық бөлімшесінің және мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі);
      ақша алушының, оның ішінде алушы банктің деректемелері,
      ағымдағы қаржы жылында жүзеге асырылуы тиіс ресімдеу күні (күн, ай, ағымдағы қаржы жылы);
      тауардың (жұмыстың, қызметтің) атаы, саны мен (ҚҚС сомасын не ҚҚС болмауын міндетті түрде көрсете отырып) сомасы.
      Ескерту. 215-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.20 N 667, 2011.08.31 N 990; 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      216. Төлемдер жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне банкте алынған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге және банк қызметтерін өтеуге төлеуге берілетін шоттармен бірге ұсынылатын қолма-қол ақшаны және чекті алуға өтінімдерді қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім - «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жасалған жағдайда, осы Ереженің 215-тармағында санамаланған құжаттарды растайтын қағаз тасығыштағы қосымшасыз төлеуге берілетін шотты ұсынады.
      Ескерту. 216-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.03  N 688(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      216-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шарт жасаспай, төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі, осы Ережеге 75-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін және нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін төлеуге берілетін шоттарды 2 данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді.
      Ескерту. 27-тару 216-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
28-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық
капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға квазимемлекеттік
сектор субъектілеріне ақша аудару тәртібі және инвестициялық
жобаларды іске асыруға оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік
тапсырманы орындауға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне
ақша аудару
      Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      217. Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға және заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшiн олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару, бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттiк тiркегеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінiң заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шотты аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттiк тiркеусiз ұсынуға жол берiлмейдi. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi заңды тұлғалардың жарияланған акцияларына ақы төлеуге берiлетiн шоттың негiздiлiгi мен заңдылығын қамтамасыз етедi.
      Жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) ақы төлеу шотына ақша аударылғаннан кейiн заңды тұлға бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамада белгiленген мерзiмде мемлекеттiк меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына төленген акцияларды есептеудi қамтамасыз етедi.
      Бюджеттiк инвестицияларды ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингiнiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асырылған кезде, көрсетiлген заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы жоқ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес ұлттық холдингтердiң және ұлттық басқарушы холдингiнiң акцияларының эмиссиясын төлей алады.
      Жарғылық капиталында мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және кейінге қалдыру шарты бар жобаларды іске асыру шеңберінде заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, олар бойынша акцияларды немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерін төлеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдау және төлемдер жасау рұқсат етілетін бюджеттік инвестициялардың тізбесімен хабарлама-хаттың көшірмесін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. 217-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      217-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе арттыруға төлем жүргізген кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және қаржылық-экономикалық негіздемесіне немесе техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттама) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындаған кезде - орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ - сканерленген бейнесін тіркейді), жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісі ұсынатын басқару органдарының тиісті шешімін ұсынады.
      Бұл ретте, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, қаржылық-экономикалық негіздеменің көшірмелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, кейіннен толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені беру арқылы әрбір инвестициялық жобаға аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір рет беріледі.
      Мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, төлемдерді жүргізген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемге шотты («Қазынашылық-клиент» АҚ - қалыптастырады) және техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлем негізділігін растайтын құжаттардың (шот-фактуралар немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжат (акт), жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде - орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелері) көшірмесін («Қазынашылық-клиент» АҚ — сканерленген бейнесін тіркейді) ұсынады.
      Көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің бедерімен расталады және орталық атқарушы органның бірінші басшысының орынбасары (ол уәкілеттік берген адам) немесе мемлекеттік мекеме басшысы (ол уәкілеттік берген адам) дәйектейді.
      Ескерту. Ереже 217-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      218. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) төлеуге арналған ақша аударылғаннан кейін бір ай өткен соң бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген сомалар шегінде жарғылық капиталды арттыруға байланысты бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына уақтылы қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілері жыл сайын 20 қаңтарға, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер нақтыланған жағдайда 30 күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама, (кіші бағдарлама) мақсатына уақтылы қол жеткізу бағытындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі ақпаратты осы Ереженің 82-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
29-тарау. Қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды жүзеге асыру тәртібі
      219. Қолма-қол ақшаны алуды мемлекеттік мекемелер банктің чектері бойынша және (немесе) корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырады және тізілімі мен мөлшерін бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша жол беріледі.
      Осы Ереженің 203-тармағында көзделген ақшаны банк кассасынан чектер бойынша қолма-қол ақша алу үшін мемлекеттік мекеме банкті өзі дербес таңдайды. Мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк кассалық қызмет көрсетуге осы Ереженің 83-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шарт жасасады.
      Қосымша аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады.
      220. Чек кітапшаларын банкте мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлғаның сенімхаты негізінде қол қою арқылы сатып алады.
      Сатып алынған чек кітапшаларын мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеу үшін ұсынады.
      221. Банк чектер бойынша мемлекеттік мекемеге берілген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргізу үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін жеке тиісті баланс шотында банкішілік шоттар ашады.
      Банкте ашылған банкішілік шоттардың ерекшелігі әрбір операциялық күннің аяғында банкішілік шоттардың қалдықтары нөл болуы тиіс.
      222. Мемлекеттік мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлімшесі банкке қойылған қолдар мен мөр бедері үлгілері бар құжатты екі данада банкке береді. Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
      223. Мемлекеттік мекеме чектер бойынша қолма-қол ақша алғанға дейін бір жұмыс күні бұрын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 84-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкте алған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шотты, банк қызметтеріне төлемді, чекті, қолма-қол ақша алуға арналған өтінімді қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттардың тізілімін береді.
      Төлеуге берілетін шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша жеке беріледі.
      Чек мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына және банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берілетін шоттардың жалпы сомасына ресімделеді. Чек мемлекеттік мекеменің қолдарын қоймай-ақ және мөр бедерінсіз беріледі.
      224. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы мөрдің таңбасымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің чектері кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде банкке беріледі.
      Чектер банкке осы Ереженің 85-қосымшасына сәйкес 5-55 нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны алуға арналған чектердің тізілімімен бірге республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке беріледі.
      225. Қолма-қол ақшаны беруді банк мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған чектердің тізілімі және атына чек берілген мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаға тікелей чек түскеннен кейін келесі жұмыс күніне банк жүргізеді.
      226. Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 86-қосымшасына сәйкес нысанда төленген чектердің тізілімін береді.
      227. Корпоративтік төлем карточкаларын қолдана отырып, бюджет ақшасы есебінен есептесулерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ағымдағы шот ашады, бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджетті бағдарламалар әкімшісі - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қолдаухат береді.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты мемлекеттік мекеменің атауы мен кодын, бюджет түрін және шығыстар бағының мақсаттарын, оған сәйкес ол қалыптасқан немесе қайта ұйымдастырлған нормативтік құқықтық актіні қамтуы тиіс.
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолдаухаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде мемлекеттік мекемеге ағымдағы шотты ашуға осы Ереженің 87-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада рұқсат береді.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бас тарту себебі көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.
      228. Мемлекеттік мекеме банкпен ағымдағы шот ашуға осы Ереженің 88-қосымшасына сәйкес нысан бойынша корпоративтік төлем карточкаларын беру және оларға қызмет көрсету туралы шарт жасасады және ҚР ҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген құжаттарды береді.
      229. Алынған корпоративтік төлем карточкалары осы Ереженің 89-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемеде тіркеу журналында тіркеледі және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен анықталған уәкілетті тұлғаларға (бұдан әрі - есеп беретін тұлға) қол қойып беріледі.
      230. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер ағымдағы шоттағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.
      Ағымдағы шотты толықтыру міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде төлеуге берілетін шот негізінде жүзеге асырылады.
      231. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімде және тәртіппен сауда чектерін, слиптерді және чектерді және (немесе) корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген төлемдерді растау болып табылатын басқа да құжаттарды қоса бере отырып, чек бойынша және (немесе) ағымдағы шоттан ақшаны пайдаланғаны туралы аванстық есеп береді.
       232. Ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін ағымдағы шоттағы ақшаның пайдаланылмаған қалдықтары және/немесе есеп беретін тұлға корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып алған пайдаланылмаған қолма-қол ақша мемлекеттік мекеменің тиісті шотына тиісінше қалпына келтірілуге тиіс. Бұл ретте егер бюджет ақшасы ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін қалпына келтірілмеген болса, келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде бюджет ақшасының қайтарылатын сомасын мемлекеттік мекеме (мемлекеттік мекеменің есеп беруші тұлғасы) тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс. Басқа қаржы көздерінен ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін тиісті шотқа аударылмаған ақшаларының пайдаланылмаған қалдықтарының қайтарылатын сомасы келесі қаржы жылының бірінші үш жұмыс күнінде тиісті шотқа қалпына келтірілуге тиіс.
      233. Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
30-тарау. Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер сомасын және ақша аударымдарын қайтару
      234. Ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдердi қайтару кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесі:
      1) орындалмаған мiндеттемелер сомасын арттыру және шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту арқылы мемлекеттiк мекеменiң кассалық шығыстарын қалпына келтiрудi жүзеге асырады;
      2) мемлекеттiк мекемеге осы 2-38 "Төлем тапсырмасы" нысанындағы есептi Ереженiң 90-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрi – 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмасы) және 5-17 "Қалпына келтiру және ауыстырулар тiзiлiмi" нысанындағы есептi осы Ереженiң 91-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бередi.
      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 2-38 "Төлем тапсырмасы", 5-17 "Қалпына келтiру және ауыстырулар тiзiлiмi", 5-56 "Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп", 5-57 "Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есептерді дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 234-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      235. Ағымдағы жылдың деректемелері дұрыс көрсетілмеген төлемдері немесе өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі мұндай төлемдерді 902 "Өзара есеп айырысулар бойынша айқындалғанға дейінгі сомалар" шотына (бұдан әрі - 902-шот) есептейді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекемеге 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасын береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жетi жұмыс күнi iшiнде олардың есептелген күнінен бастап сомалардың 902-шотқа есептелу себебiн анықтауды қамтамасыз етедi, төлемдер қате аударылған жағдайда, сома ақшаны жөнелтушiге керi қайтарылады.
      Ескерту. 235-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      236. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақша алушыға қайтарылған төлем құжатының сомасын кейін аудару үшін нақтыланған деректемелерді көрсете отырып не аумақтық қазынашылық бөлімшесі қайтарылған төлем құжатының сомасын тиісті бюджеттің кірісіне кейін аудару үшін өткен жылдардың дебиторлық берешегін растайтын хат жібереді.
      Тиісті бюджеттің кірісіне өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аударуға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің 2-38-нысаны бойынша көлем тапсырмасы мемлекеттік мекеменің есебіндегі дебиторлық берешекті есептен шығару үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 236-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      237. Ағымдағы қаржы жылы ішінде зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
      Кірістері бойынша түсімдер сомасын есептеу кезінде 902-шотқа (құжаттарда 2-28-нысан бойынша төлем тапсырмаларындағы көрсетілген деректемелер болмаған немесе дұрыс болмаған кезде) аумақтық қазынашылық органы соманы ақшаны жөнелтушіге не мемлекеттік мекеменің хаты негізінде деректемелерді нақтылаған кезде тиісті бюджеттің кірісіне есептелуі мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың ҚБШ түсімдер бойынша 902-шотына есептелген сомалар 2-38-нысан бойынша төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме хатының негізінде деректемелерді нақтылаған кезде ақшаны алушыға есептейді.
      Ағымдағы қаржы жылының соңында зейнетақылық, әлеуметтік аударымдар, жалақы, алименттер, стипендиялар бойынша төлемдерді қайтару өткен жылдардың төлемдерін қайтару мемлекеттік мекеменің хаты мен оған қоса берілген свифт-файлдың негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны жөнелтушіге одан әрі аударуы үшін 902-шотқа есептеледі.
      Ескерту. 237-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
30-1-Тарау. Есептеудің аккредитивті нысанын пайдалану
      Ескерту. Ереже 30-1-Тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      237-1. Шетел валютасында жасалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент еместерінің пайдасына шетел валютасында төлемдер және ақша аударуды жүзеге асыру кезінде құжаттық аккредитивті (бұдан әрі - аккредитив) қолдана отырып, есеп айырысу нысанын пайдалануға жол беріледі.
      237-2. Аккредитив ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының шегінде және шетел валютасындағы шарттың қолданылу мерзіміне ашылады. Бұл ретте шартты ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейінгі немесе ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімімен шарт жасасқан жағдайда аккредитивтің қолданылу мерзімі аккредитив ашылатын қаржы жылының 15 желтоқсанынан кешіктірмей белгіленеді.
      Ескерту. 237-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      237-3. Аккредитивті шетел валютасында ашу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚР ҰБ белгіленген тәртіппен ресімделетін және ұсынылатын өтінімді ұсынады. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелген аккредитивті пайдалану көзделген шарт өтінімді ресімдеу үшін негіз болып табылады.
      237-4. Аккредитив трансферленбейтін (аударылмайтын) болуы тиіс.
      237-5. Аккредитив ҚР ҰБ-да ашылады. Есептеудің аккредитивті нысанын қолдана отырып жасалған шарттың талаптарында аккредитивпен көзделген құжаттарды тиісті ұсынуға дейін банк-эмитентте (ҚР ҰБ) аккредитив бойынша жабудың болуы көзделеді.
      237-6. Аккредитивтің талаптарының мерзімнен бұрын орындалуына не аккредитивті қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты шетел валютасындағы аккредитив жабылады.
      237-7. Шетел валютасындағы аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы аккредитивтің қолданылу мерзімі аяқталған соң, қайта айырбастау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырғаннан кейін шетел валютасы айырбасталған шығыстар БСК бойынша ағымдағы қаржы жылының кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен есепке алынады.
      Ескерту. 237-7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      237-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің аккредитив сомаларының есебін жүргізеді.
31-тарау. Инкассолық өкімдерді орындау тәртібі
      238. Инкассолық өкiм соттардың заңды күшiне енген шешiмдерiне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берiлген, сондай-ақ пайда болған салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары немесе әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi, кеден органдары алдындағы берешектi өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлi түрде орындауына негiз болып табылатын құжатты бiлдiредi. Инкассолық өкiм мемлекеттiк мекеме/квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемiнiң негiздiлiгiн растайтын құжат болып табылады.
      Салық қызметi органдары мен кеден органдарының инкассолық өкiмдерiн қоспағанда, инкассолық өкiм атқару парағы немесе сот шешiмi (үкiмi, ұйғарымы, қаулысы) немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша берiлген бұйрықтың негізінде жасалады.
      Инкассолық өкiм оны жасау үшiн негiз болып табылатын атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не әрбiр бетi соттың елтаңбалық мөрiмен куәландырылған осы құжаттың көшiрмесiн қоса, Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасында белгiленген нысан бойынша 2 данада мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсетiлетiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi.
      Инкассолық өкiмдi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiм есептен шыққан күннен 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға қабылдауы тиіс.
      Инкассолық өкiмдердi қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қолдардың және мөр бедерiнiң болуына көзбен тексерудi жүзеге асырады.
      Ескерту. 238-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      239. Инкассолық өкiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, оның iшiнде осы Ереженiң 238-тармағына сәйкес болған кезде 92 және 92-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, инкассолық өкiмдердi есепке алу журналында тiркеледi, ол беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiнделген және елтаңбалы мөр бедерiмен және аумақтық қазынашылық бөлiмшесi басшысының қойылған қолымен нықталған болуы тиiс.
      Жазбалар хронологиялық тәртіппен жүргізіледі, инкассолық өкімнің түскен күні журналда көрсетілген күнге сәйкес келуі тиіс.
      Инкассолық өкімдерді есепке алу журналы бюджет түрлері және қаржыландыру көздері бойынша жүргізіледі.
      Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және атқарушы құжаттарды ұсыну үшін, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағында белгіленген мерзімі өтіп кеткен кезде инкассолық өкім екі жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен орындалмай қайтаруға жатады.
      Ескерту. 239-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      240. Салық және кеден органдарының атқарушы құжаттары бойынша мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойған инкассолық өкiмдерi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бiр мезгілде түскен кезде, оларды орындау Азаматтық кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Салық және кеден органдарының инкассолық өкiмдерi мемлекеттiк мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бiр мезгілде түскен кезде, салық берешегi сомаларын өндiрiп алуға қойылған инкассолық өкiмдер бiрiншi кезекте орындалады.
      Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      241. Инкассолық өкiмдi орындау:
      1) инкассолық өкім мемлекеттiк мекеменiң кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған мiндеттемелерi бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемi инкассолық өкiмдi орындауға жiберiледi;
      2) қабылданбаған мiндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойған жағдайда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақша;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойылған жағдайда демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;
      4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы және банктік заңнамаға сәйкес;
      5) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ шығарған жағдайда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы ақша қалдығы есебінен жүргiзiледi.
      Ескерту. 241-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      241-1. Атқару құжаттарының негізінде ұсынылған инкассалық өкімді орындау шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жасалады. Атқару құжаттарын, сот актілерін орындауға арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша қаражат жетіспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімді орындау жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 241-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      242. Инкассолық өкімді алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:
      мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;
      міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
      мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
      осы Ережеге 238-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі – хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;
      2) сол күні мыналар бойынша:
      жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлердің төлемдері;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      жәрдемақы, алимент;
      міндетті зейнетақы жарналары;
      әлеуметтік аударымдар;
      банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.
      Ескерту. 242-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      242-1. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысы инкассолық өкiмді алып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар шегінде инкассолық өкімде көрсетілген алушының пайдасына акцептсіз ақша алуды жүзеге асырады. Келесі жұмыс күні осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес 2-38-нысанды және 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысанды қалыптастырады және басып шығарады. 2-38-нысан мөртабанмен расталады және оған аумақтық қазынашылық бөлiмшенің жауапты орындаушысының қолы қойылады да ақшаның алынғанын растайтын құжат ретінде квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.
      Ескерту. 31-тарау 242-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
      243. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіріп алу туралы атқарушы құжаттар бойынша инкассолық өкімдер қойылған кезде мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру жүргізілмейді.
      244. Операцияларды тоқтата тұру, осы Ереженің 242-тармағының 2) тармақшасының екінші - сегізінші абзацында көзделген шығыстардың БСК қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелерді ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
      245. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкім деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну жолымен инкассолық өкімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы тағайындау сомасы жетіспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн инкассолық өкім қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкiмдi орындауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде инкассолық өкім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларын азайту есебінен инкассолық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы тағайындауларын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
      Инкассолық өкiмдi орындау 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде қамтамасыз етiлмеген жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженiң 242-тармағы 2) тармақшасының екiншi – сегiзiншi абзацтарында көзделген шығыстар БСК және жеке тұлғаларға трансферттер беруге, сондай-ақ соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 245-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 990 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352; 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      246. Инкассолық өкiмдi алған және мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, қабылданбаған мiндеттемелер мен бюджеттiк бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi, егер заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкiмдердi алуға және ағымдағы қаржы жылы бойы сақтауға мiндеттi.
      Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
      Бұл норма салық қызметі органдары мен кеден органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, біріңғай зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды не өндіріп алу туралы инкассолық өкімдеріне қолданылмайды.
      Ескерту. 246-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789, 2011.08.31 N 990; 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.
      Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
      Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
      Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.
      Ескерту. 247-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 990 Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкімнің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде:
      ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берілетін шотты береді;
      ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сін және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
      249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердің жоспарларына мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
      250. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сін және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
      251. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкім аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
      демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассолық өкімді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды.
      Ескерту. 251-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен.
      252. Ақылы қызметтердің не демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңғырту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабында белгіленген жағдайларда инкассолық өкімді қайтарады.
      Ескерту. 252-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 990 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      253. Инкассолық өкімді орындаған кезде инкассолық өкімдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
      Инкассолық өкім толық орындалғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
      254. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
      1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
      мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
      жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
      жәрдемақылар, алименттер;
      мiндеттi зейнетақы жарналары;
      әлеуметтiк аударымдар;
      банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;
      2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
      3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.
      Талап-арыздар талаптарын қамтамасыз етуге тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақшаның сомасы мемлекеттiк баж және сот шешiмдерiн, үкiмдерiн, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты шығыстардың мөлшерiнен аспауы тиiс. Атқарушы өндiрiсi органдары атқару құжатын орындалуын қамтамасыз етуге тыйым салған кезде ақшаның және тыйым салынған мүлiк құнының сомасы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан және атқару құжатын орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауы тиiс.
      Ескерту. 254-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650; 16.10.2013 N 1101 қаулыларымен.
      255. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық (кеден) органының салық (кеден) органдарының бірінші басшының қолы қойылған, елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің өкімі келіп түскен кезде, қазынашылықтың жауапты орындаушысы салық және кеден заңнамасында көзделген шығыстарды қоспағанда, ҚБШ өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.
      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен.
      256. Аумақтық қазынашылық органына инкассолық өкiм ұсынылғанға дейiн мемлекеттiк мекеменiң атқарушы құжатты өздiгiнен орындауы ол белгiлеген мерзiмдерде төлеуге берiлген шоттың негiзiнде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 165 «Атқарушы құжаттарды, сот актiлерiн орындау» ерекшелiгi бойынша жүзеге асырылады.
      Атқарушы құжатты өздiгiнен орындау кезінде тартылатын заңгерлердің, консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу, мемлекеттік баж төлеу Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 256-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 990 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет