Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-4-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі



бет13/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

36-4-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі
      304-17. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
      Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «№ төлем тапсырмасы» алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы – төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық төлем тапсырмаларын жасау кезінде тиісті электрондық жолда төлем түрін көрсету қажет:
      – қарапайым төлем;
      – қосымшасы бар жиынтық 10 %-дық зейнетақы төлемі;
      – еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
      – қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар;
      Ескерту. 304-17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-18. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi:
      1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн;
      2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын;
      3) ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;
      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын мынадай құжаттарды: шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынуын, ал «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде - квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы мен квазимемлекеттік сектор субъектісінің бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген бейнесі қоса тіркелуін;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне төлемнiң негiздiлiгiн растайтын құжаттарды және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесін қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздемені ұсынуды, ал «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін болса – квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтері ЭЦҚ қойған сканерленген түрінің қоса тіркелуін;
      6) «Қазынашылық-клиент» АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжаттар жинағындағы деректерге квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң бас бухгалтерінің ЭЦҚ-ларының дұрыстығын қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 304-18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      304-19. Төлемдер мен аударымдарды жүргiзу үшiн квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мыналарды қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде:
      1) жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезiнде – бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның куәлiгiн не квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиiстi шешiмiн;
      2) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде – шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмелері.
      Инвестициялық жобаны Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жүзеге асырған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне көрсетілген ұйымның уәкілетті адамы қол қойған жазбаша өтінім беріледі;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.04.2014 N 385 қаулысымен;
      4) мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде - шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да ақшалай төлемдерді аудару, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер бойынша төлемдерді жүргізу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығыштағы төлем тапсырмаларымен бірге ақшаны алушылардың тізімін ҚБЕО-да белгіленген хабарламалар форматында магниттік (электрондық) тасығышта береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша беру кезінде төлем тапсырмасының электрондық түріне ҚБЕО-да белгіленген хабарламалардың электрондық форматында ақшаны алушылардың тізімі қоса тіркеледі және бухгалтердің және/немесе мемлекеттік мекеме басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылады.
      Ескерту. 304-19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.12.2013 № 1323; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
      304-20. ҚБАЖ-да ақша алушы болмаған кезде, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушыны осы Ережеге 62-қосымшаға сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
      ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелерi болмаған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушы деректемелерiнiң өзгерiстерiн ақша алушылардың анықтамалығына енгiзуге осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi ақша алушыны енгізуге берілетін және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге берілетін өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнде ақша алушы болмаған кезде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде берілетін төлем тапсырмасын жасау кезінде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы ақша алушының ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, қажетті ақша алушы ҚБАЖ-дағы Ақша алушылардың анықтамалығында болған кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi қалыптастырады.
      Ескерту. 304-20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      304-21. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде қабылдауды жүзеге асырады.
      Қағаз тасығышта квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнен төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейiн түскен төлем тапсырмасы орындалады не орындалмай келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қайтарылады.
      Ескерту. 304-21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-22. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы түскен электрондық түрде төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күні бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
      қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
      түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
      осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған (сканерленген түрі қоса тіркелмеген немесе қоса тіркелген сканерленген түріне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған);
      талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
      қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
      түпнұсқалығын тексеру кезінде ЭЦҚ болмауы не дұрыс болмауы айқындалған;
      құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
      цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
      төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған;
      ҚБЕО белгіленген хабарламалар форматындағы магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
      төлем тапсырмасында көрсетілген мақсаты қаржылық-экономикалық негіздемеде көрсетілген жоспарланған іс-шараларға сәйкес келмеген жағдайларда орындалмай қайтарылады.
      Ескерту. 304-22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-23. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-15-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.
      304-24. Қазақстан Республикасының резидент еместерiмен шетел валютасында жасалған шарттар бойынша төлемдер жүргiзiлген кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi осы Ережеде көзделген тәртiпте аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан сол күнi шетел валютасын сатып алу үшiн екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшiн төлем тапсырмасын қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
      Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем мақсаттары» ашық жолағында:
      1) сатып алынатын валютаның түрi мен сомасы;
      2) ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
      3) резидент емеспен жасалған шарттың күнi мен нөмiрi;
      4) шарттың мәнi;
      5) құжаттың (тауарларды жеткізгені туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің), не орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, оның негізінде тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын басқа да құжаттың) атауы, нөмірі мен күні көрсетiледi.
      Шетел валютасын сатып алу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнен төлем тапсырмаларын қабылдау жергілікті уақытпен сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екiншi деңгейдегі банкте шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлерi бойынша есептелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиiс.
      Пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетiлген мерзiмi өткеннен кейiн шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотына сомасын ұлттық валютада қалпына келтiре отырып, қайта айырбасталуы тиiс.
      Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде тиiстi қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасын қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған шарт бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге төлемді ұлттық валютада жүргізу үшін квазимемлекеттiк сектор субъектiсi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне оның екінші деңгейдегі банкте ашқан шотына квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Бұл ретте төлем тапсырмасындағы «Төлемнің мақсаты» ашық жолағында квазимемлекеттiк сектор субъектiсi түпкі бенефициар-резидент еместің деректемелерін қосымша көрсетеді.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотынан оның екінші деңгейдегі банктегі шотына аударылған ақша, ол есепке жатқызылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тағайындалуы бойынша түпкі бенефициар-резидент емеске аударылуы тиіс.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiлері пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған ақшаны олар аударылған квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнің шотына көрсетілген мерзім өткенге дейін уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 304-24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-25. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шетел валютасында, құжаттық аккредитивтi қолдана отырып, есеп айырысу нысанын көздейтiн шарт жасасқан кезде квазимемлекеттiк сектор субъектiсi төлем тапсырмасын аумақтың қазынашылық бөлiмшесiне екiншi деңгейдегі банкте ашылған шотқа квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң шотынан ақша аудару үшiн және осы Ереженің 304-24-тармағында айқындалған тәртіппен дәл сол күн шетел валютасын сатып алу үшін қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде ұсынады.
      Бұл ретте квазимемлекеттiк сектор субъектiсi растайтын құжат ретінде аккредитивтiң ашылуын және акредитивтiң қолданылу мерзiмi өткен немесе ол мерзiмiнен бұрын жабылған жағдайда аккредитивтiң орындалмаған сомасын банк-эмитенттің квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң сома аударылған шотына қайтаруы туралы талапты қамтитын шартты ұсынады.
      Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi сатып алынған шетел валютасын аккредитивтік шотқа аударуды үш жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
      Егер шетел валютасындағы ақша аккредитивтік шотқа белгіленген мерзімде есепке жатқызылмаған болса, квазимемлекеттiк сектор субъектiсi оларды қайта айырбастауды және үш күндік мерзім өткеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің аумақтық қазынашылық бөлiмшесiндегі шотына қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 304-25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-26. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 31-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бөлім. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
      305. Бюджет ақшасын басқаруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      306. Төлемді уақтылы және толық жүргізуді қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет ақшасын тиімді басқару үшін қолма-қол ақша көлемін болжамдау мақсатында бюджетке түсетін түсімдер көлемін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтіліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерісі болып табылатын қолма-қол ақша тасқынның болжамын (бұдан әрі - болжам) жасайды.
      307. Болжам Бюджет кодексіне сәйкес мынадай деректер:
      тиісті қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
      түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
      тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
      ағымдағы жылдың өткен айларының түсімдер серпінін (төлеу мерзімдерін) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсімдерге салыстырмалы талдау жүргізуді есепке ала отырып, тиісті бюджеттерге түсетін ақша түсімдерінің күтілетін көлемі;
      төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негізінде жасалады.
      308. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
      бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ай сайын нақтылайды;
      ағымдағы айдың аяғында келесі айда жүргізілетін төлемдер көлемін нақтылайды.
      309. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
      бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізеді;
      бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
      уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
      310. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негізінде алдағы айға күтілетін бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргізеді және болжамды кезеңнің соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтілетін ақша қалдығын анықтайды.
      311. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кезең соңына тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, теріс те сальдо болжамдала алады.
      312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында теріс сальдо болжамы немесе бір ай ішінде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қосымша қарыз алуды жүргізу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшіру қажеттілігіне бастамашылық етеді.
      313. Жүргізілген төлемдердің болжамдық көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженің 2-бөлімінің 5-тарауында белгіленген тәртіппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгеріс енгізеді.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі
      314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
      Ескерту. 314-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 315-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      316. Орналастыру және қайтару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негізінде жүзеге асырылады.
      317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрі - Келісім) жасалады.
      Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
      318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция мәміле паспортымен ресімделеді, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректерді: орналастыру сомасының мерзімін, орналастыруды бастау және аяқтау күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиіс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгілейді.
      319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
      Ескерту. 319-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
      Ескерту. 320-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      321. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Келісім талаптарына сәйкес және мәміле паспортында көрсетілген мерзімде бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органын шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргізеді. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан шотқа ақша түскеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келесі күннен кешіктірмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
      322. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Келісімінде талапта көзделген мерзімде Келісімде көрсетілген деректерге салым сомасын аударуды жүргізеді, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғыны үшін есептелген сыйақыны (мүддені) толық көлемде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне аударады.
      323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
      Ескерту. 323-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
39-тарау. Міндеттемелерді қабылдау мен тіркеу және төлемдер жүргізу рәсімдері, құпиялық белгісі соғылған бюджеттің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
      324. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың міндеттемелерін қабылдау мен тіркеу және төлемдерді жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженің 156-161-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жол беріледі.
      325. Өздеріне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгіленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджетті атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруі тиісті мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесе отырып анықтайтын тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
8-бөлім. Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін
түсімдерді, жеке немесе заңды тұлғалар оны қайтарып алу
шартымен мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны пайдалану не нақты
жағдайлар туындаған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару
функцияларын іске асыруына бағытталған ақшаны тиісті бюджетке

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет