Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова



бет65/124
Дата03.01.2022
өлшемі361.51 Kb.
#451481
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқуға болады:

1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағаналарын аша кетеді.

2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіріп, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

3. Мысалдың мазмұны талданылады.

4. Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.

5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.

6. Рольге бөліп оқытылады.

Бұл көрсетілгендер өзгеріссіз осы күйінде үнемі сақталып отырылсын деген ой тумасқа тиіс. Өйткені мысалдың мазмұны мен сипатына қарай, бұл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мүмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ұстаған жөн.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, С.Көбеев мысал жанрын дамытуға зор үлес қосқан педагог. Оның И.Крыловтан аударған мысалдары да өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленеді. И.Крыловтың мысал өлеңдері мен мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің көбін Спандияр Л.Толстой («Құмырсқа мен көгершін», «Ат пен есек», «Атасы мен немересі», «Қоян мен көлбақалар», «Екі жолдас», т.б..) мен Ушинский («Екі соқа», «Түлкі мен теке»,«Сауысқан мен қарға»т.б.) кітаптарынан алған. Бұл шығармаларда педагог-жазушы балалар үшін тәрбиелік мәні бар мәселелерді көтереді. «Құмырсқа мен көгершінде» қиын жағдайда екеуінің біріне-бірінің көмектесуін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, «Ат пен есекте» жүгі ауыр есекке көмектеспей, ақырында аттың өзі бейнет көргенін сынайды. «Сауысқан мен қарғада» мыжыңдықты шенесе, «Екі соқада» еңбекқорлықты мадақтайды. Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі – рөлге бөліп оқу, сахналап көрініс жасау болып табылады. Көрнекіліктің де маңызы зор. Оқушылардағы сурет бойынша немесе басқадай ойластырып, қарапайым ғана қатты қағаздан макеттер жасап (оған бұлбұл, есек, әтеш мүсіні), мысал оқу барысында оқиға көз алдында өтіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың ынтасы, қызығушылығы артар еді.

Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мысал жанры туралы тағы да қайталап, өздері үйден танысып келген «Есек пен бұлбұлды» жазған орыс жазушысы И.Крылов, оны аударған Абай аталары туралы шағын әңгіме, дерек береді. Мысал алдын ала оқуға тапсырылған себепті, мына сұрақтармен оқушыларды пікірлесу, әңгімелесуге шақыруға болады.

- Балалар, «мысал» деген не, кім айтып береді?

- Өздерің оқыған мысалдың мазмұнын, болған оқиғасын қайсың әңгімелер едің?

- Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын нені, кімдерді сөз етпек болған. Мысал жанрына тән «Есек пен бұлбұлда» қандай астарлы ой бар деп ойлайсың?

- Өзің кімді құптайсың, ақын кімді құптайды деп ойлайсың? Ойыңды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге тырыс.

Осы мазмұнда әңгімелесу оқушылардың мысалды қай дәрежеде оқып, меңгергенін білдіреді, әрі өз пікірлерін айта білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау, сөйлей білу, тілін дамытуға игі ықпалын тигізеді. Алдын ала осындай шағын пікірлесу арқылы балалардың қаншалықты өз беттерімен оқып, меңгерегнін білгеннен кейін, мысалды мұғалім мәнерлеп оқып (мұғалім оқып тұрғанда, макетті көркемділіктерден көрініс берілсе), оқушыларды рөлге бөлгізіп оқытып, мәтінмен жұмыс істетуі керек. Түсініксіз сөздерге түсіндірме жасау да аса қажетті мәселелердің бірі. Мәтінмен жұмыстан соң мұғалім өзі сұрақ қоя, әрі жауап бере отырып, әрі оқушылар пікірін толықтыра отырып, мысалға талдау жасайды.

- Балалар, «Есек пен бұлбұл» мысалы арқылы ақын нендей мәселелер көтерген? Мысалдың негізінде қандай астарлы ой айтылған? Ең алдымен кімдерді тыңдағың келеді?

- Неге осы мысалда бас кейіпкерлер етіп есек, бұлбұл, әтеш алынған?

- Олар арқылы қандай адамдар, нелер айтылмақ болған?

- Мысалдағы негізгі ойды бер үшін, ақын қандай әдіс-тәсіл пайдаланған?

- «Есек пен бұлбұлда» мысал жанырына тән әжуә, мысқыл, ащы сын, сатира, келемеж бар ма?

Сабақты қызықты етіп өту үшін, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен мысалды сахналап, талдау алдында көрініс беріп, әншілердің айтуындағы «Бұлбұл әнін» де пайдаланса, артық емес. Бұндай сабақтарды әдеби-композициялық сабақтар деп те атайды.

а) Жалпы, қай әдеби жанрда жазылған шығармаларды талдамасын, мұғалім сабақ өткелі отырған тақырып ерекшелігі, сынып ерекшелігіне назар аударып, сонаң соң барып, пайдаланылатын көрнекілік, т.б. оқу жабдықтарын, әдіс-тәсілдерді, сабақ түрлерін үйлестіре, тиімді дегендері сұрыптап ала білу керек. «Есек пен бұлбұл» сияқты барлық мысалдар көлемі жағынан тұжырымды, қысқа, айтар ойы жағынан қомақты, салмақты болып келеді, әрі жоғарыда айтқанымыздай, айтылмақ ой жасырын жатады. Оқуға жеңіл, әрі қысқа осындай мысалдар тез оқылады, ал, түп негізіндегі салмақты мәселелерді тез аңғару оңай емес. Мысалдың осы бір ерекшелігін ескере отырып, практикалық тапсырмалар да беруге болады. «Есек пен бұлбұлды» мынандай бөлімдерге бөлуге болады:

Ι бөлім. «Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы» (Есектің бұлбұлға кездесуі).

ΙΙ бөлім. «... бір сайрап берсең...» (есектің өтініші).

ΙΙΙ бөлім. «Өнерге салды бұлбұл»... (бұлбұл әні).

lV бөлім. «... сен біраз әтеш әнін үйрен...» (есектің ақылы)

V бөлім. Авторлық қорытынды: «... құдайым бізді сақтасын...».

Осындай жұмыстарды алғашқы сабақтардан оқушылармен бірге орындап, оларға басшылық жасай отырып оқушылардың тек өздігінен,мұғалім көмегінсіз талдауына ұсынуға болады. Көркемдік тәсілін алдауға да мысалдарға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін ақын тәсіліне назар аударайық.



Мысалы:

Ι бөлімде – авторлық баяндау, суреттеу,

ΙΙ бөлімде – диалог, сұрақ;

ΙΙΙ бөлімде– баяндау, суреттеу:

lV бөлімде– диалог, ақыл:

V бөлімде–авторлық қорытынды, шешім, ақыл-нақылдардың орын алатынын ділелдеу дұрыс болып саналады.

Үйге тапсырма балалардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты беріледі. Жалпы қабілеттеріне әсер ету, білім дағдыларын жетілдіру мақсатында рөлге бөліп, жатқа мәнерлеп оқу, көрініс көрсету сияқты шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беру аса тиімді болып келеді.

ә) Әдебиет сабағы ақыл-өнегеге, ғибратқа, имандылыққа, даналыққа, адамгершілік үлгілерге толы болу керек десек, мысал туындыларынан осының бәрін кездестіруге болады. Сондықтан осы «Есек пен бұлбұл» арқылы әділдікті, өнерді, кішіпейілділікті үлгі ете отырып, әділетсіздік, тұрпайылық, топастықтан жирендіру жұмыстарын жүргізі керек.

Мысал жанрын оқытуда да оқушылардың таным белсенділігін арттыратын, әсіресе, әдеби тартысқа жетелейтін, ізденістіру, зерттеу жұмыстарына баулитын әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болмақ. 4-сынып бағдарламасы бойынша Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуда осы әдіс-тәсілді қалай пайдалануға болады, соған тоқталайық. Екі мысалды салыстыру арқылы пікірлесу, айтыс нышаны бар.

Әңгімелесуге жұмылдыру.


Сұрақ-тапсырмалар:

- Балалар, қай мысалда диалог көп пайдаланылған?

- Диалогтың атқарып тұрған маңызы туралы не айтар едің?

- Екі мысалдың соңындағы авторлық қорытындыға назар аударыңдар. Қай мысалда автордың өз пікірі айқын берілген? Қайсысында ол оқырман назарына өзгертілген.

- Осы екі мысалдағы өзіңе ұнағандар кімдер? Ойынды мәтіннен үзінді ала отырып, дәлелде. Олардың жақсы қасиеттерін салыстыр.

- Өзіңе ұнағандар туралы да пікір айт. Ұнамсыз қасиеттерін салыстыр.

Ескерту: Әрине, мұндай жұмыстарда мұғалім балаларды жетелеп, пікірлесуге, әңгімелесуге ынталандырып отыруы қажет. Бағдарламада берілген мысалдарды оқып болған соң, қорытынды сабақ өтудің тиімділігі зор. Қорытынды сабақты композициялық сабақ түрінде де, немесе «Мысал кейіпкерлері бізде қонақта»тақырыбында кездесу сабағы түрінде де өтуге болады. Сабақ-композицияда оқушылар күшімен сахналық көрініс көрсетіп, өздері оқыған мысалдарды көріністер арқылы еске түсіріп, қайталау жұмыстары жүрсе, кездесу сабағында есек, бұлбұл, арыстан, түлкімен, т.б. (кейіпкерлер рөлінде балалар болады, әрине), яғни мысалдардың бас кейіпкерлерімен кездесу өтеді. Оларға оқырмандар (сынып оқушылары) сұрақ қояды, жауапты олар мысалдан алып, жатқа айтулары керек.

Мысалы, «Шегірке мен құмырсқа» ертегісі бойынша мынандай сұрақ қоюға болады.

Шегіртке:

«Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

-Құмырсқа не деуші еді?



Құмырсқа:

Мұның, жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?...
Осындай сабаққа биология, орыс әдебиеті мұғалімдерін шақыруға болады. Себебі, биология мұғалімі мысалда кездесетін жануарлар, жәндіктер туралы қысқаша хабарлама жасаса, ал орыс әдебиеті мұғалімі қай елдің ертегісінде болмасын «қасқыр», «арыстан»–әділетсіздіктің, «қара күштің»; түлкі – қулық, зұлымдықтың: қоян– қорқақтықтың иесі болып суреттелінетінін әңгімелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет