Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Жасушалардың қоректік заттарды қажет етуі



Pdf көрінісі
бет16/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

2.1.2 Жасушалардың қоректік заттарды қажет етуі. 
40-шы және 50-ші жылдары жасушалардың басым бөлігі фибриногенді 
қойлтпа мен ұлпа экстракттарында өсіріліп жүрді. 
Өзінің классикалық жұмыстарында Игл (Eagle) осы жасушалардың 
қоректік заттарды қажет етуін зерттеді. 
Ол жасушалардың құрамы белгілі бір амин қышқылдары, дәрімендер, 
сондай-ақ жылқы мен адамның қан сарысуы бар қоректік ортада көбеюіне 
қол жеткізді.
Бұл 
қоректік ортадағы 27 зат жасушалардың өсуі үшін 
алмастырылмайтын болып анықталды. Осы заттардың негізінде Иглдің 
базалық қоректік ортасы (ИБҚО) деп аталатын қоректік ортаның құрамына 
кіргізілді. 
Осы композициның құрамындағы 20 амин қышқылының 13-і 
алмаспайтын болып шықты және қалғандары басқа көміртек көздерінен 
синтезделе алды. Жеті дәруменнің біреуін алып тастау дәруменнің 
жеткіліксіздігі симптомдарына алып келді. 
Жасушаларды ИБҚО-да өсірген кезде, қоректік ортаны үнемі жаңартып 
тұру қажет болды, сондықтан кейінірек осы қоректік орта Иглдың 
минималды қоректік ортасына (ИБҚО) ауыстырылды. Осы қоректік ортада 
кейбір заттардың концентрациясы жоғарылатылғандықтан, жасушалардың 
культурада үздіксіз, яғни бірнеше тәулік жаңартусыз өсуі қамтамасыз етілді. 
 
 
 


31
2.1.3 Жасушалардың бекуі мен суспензиядағы өсуі. 
 
Сүтқоректілердің жасушаларының басым бөлігі басқа жасушаларға, 
коллагенге, шыныға немесе пластикке бекінгеннен кейін ғана өсуге қабілетті 
болып келеді.
7 сурет. Жасушаның субстратта бекінуі. 
Жасушаның субстратқа бекінуін зерттеу кезіндегі танымал субстраттың 
бірі желатин (денатурацияланған коллаген) болып табылады. 
Әдетте, субстраттан айырылып қалған жасушалар өсуге қабілетсіз 
болып қалады да, жылдам дегенерацияланады. Кейбір міндеттер үшін 
субстратқа бекінген жасушаларды қолдану тиімдірек болса, ал басқа 
міндерге жасушаларды суспензия түрінде қолданған тиімдірек. 
Егер L-жасушаларды 40 айн/мин жылдамдығымен айналып тұрған 
флаконда өсірілсе, онда мұндай жасушалар флакон бетіне бекімейтіні, ал 
культураны 0,1%-ға дейінгі метилцеллюлозаны қосса, олардың бір-біріне 
жабысуы жүзеге аспай, олар өміршең түрінде қала береді. Екі валентті 
иондар мен фосфат концентрациясының жоғарылауы жасушалардың 
суспензияда өсуіне жақсы әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет