1.10.2 М.Е.Ткаченко жіктеуі (классификациясы). 1939 жылы М.Е.Ткаченко орманды келесі топтарға жіктеген:
1. Су қорғау орманы – су қорының ең аз кезеңiнде судың бiршама қалыпты келуiне ықпал етедi немесе табиғи және жасанды су қоймаларын ластанудан алдын ала сақтайды.
2. Су реттеушi орман – су көздерiне жалпы судың келуiн көбейтпейдi,
бiрақ оның тасқынын жеңiлдетедi және батпақтануды болдырмайды немесе топырақтың жақсы дренаждалуына көмектеседi.
3. Қорғаныш орман – су және жел эрозиясы нәтижесiнде топырақты бүлiнуден, ал елдi мекендердi – атмосфералық қолайсыз әсерлерден қорғайды.
4. Кешендi су қорғау-қорғаныш орманы – суды күзету және қорғау мiндеттерiн орындайды.
1.10.3 Б.Д.Жилкин жіктеуі (классификациясы). Б.Д.Жилкиннiң (1940, 1958) үш мүшелi бес баллды жіктеуі орманның су күзету–қорғаныш рөлiнiң бағасын бiршама толық бере алады: бiрiншi мүше – орман өсiмдiктер аймағы, екiншi – жергілікті аймақ түрі, үшiншi – орман өсiмдiктері қауымдастығының түрi.
Орман өсiмдiктер аймағы шегiнде орманның өсіп тұрған орнына байланысты учаскеде балл арқылы бағаланады: 100 – орманды тундра, 200– солтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 300 – оңтүстіктегі қылқан жапырақты ормандар, 400 – қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар мен орманды дала, 500 – тау ормандары.
Орман өсiмдiктері қауымдастығының түрi – ағаш түрлерінің тобы және сүрекдiңнiң өнiмдiлiгi бойынша бағаланады (кесте 1.12).