Кесілетін ормандыжаппай жолақтап кесу – бұл табиғи қайта жаңаруды немесе кесiлген жерлердiң табысты қайта жаңару жағдайларын қамтамасыз ететiн ережелердi сақтай отырып, кiшкене аудандарда (мiндеттi түрде 25 га дейiн) жүргізілетін кесулер жатады. Әдетте, олар енi 100 м кеспеағаш-жолақтарымен (қылқан жапырақты алқа ағаштарда), сирегiрек, ені кiшiлеу 50 м-ге дейiн, тiптi 25 м (емен ормандарында) және ені кең 250 м-ге дейiн (жұмсақ жапырақтыларда), орамда (кварталда) немесе орманның толысқан учаскесiнде ұзына бойы жүргiзiледi.
Шоғырлап кесу – бұл транспорттық магистральдi жолдарына жақындау шоғырландырылып, үлкен ауданда (50 га–дан кем емес) жүргiзiлетiн жаппай кесу түрі. Мұндай кесулерде кесілетін орманның енi 250 м-ден асады және көбінесе 500-1000 м-ді құрайды.
Шартты жаппай(толық емес жаппай)кесу түрiнде сүрекдiң қорының 60-90 пайызы кесіледі және пайдалану жағынан төмен бағалы ағаштар қалдырылады.
2.1.5 Өскiндi сақтау. Егер орман шымылдығы астында басты ағаш түрлерінің өмiршең өскiнi болмаса, кесуден бiрнеше жыл бұрын оның шығуын мына шаралар көмегiмен жүзеге асыру қажет:
1) екiншi сатыны (қабатты) пен орман астарын сирету және жоғарғы орман шымылдығындағы кемшілікті (минусты) ағаштарды кесіп тастау;
2) тұқым жақсы беретiн жылы топырақ бетiн әртүрлi құрал-жабдықтармен минерализациялау;
3) өсіп шыққан өскiндi күтiп-батпау (бәсекелес ағаш және бұта түрлерін кесіп тастау, шөптi ору, зақымданған көшеттерді ағаш түбiріне отырғызу және т.б.).
Орман шымылдығын сирету мен топырақ қопсытуды сүрекдiңдi кесуден, шырша ормандарында 4-5 жыл бұрын, қарағай ормандарында 3-4 жыл, емен орманында 2-3 жыл бұрын жүргiзу қажет, ал қажет жағдайда өсiп тұрған өскiндерді күтiп-баптау жүргiзедi.
2.1.6 Бiртiндеп кесулер.Біртіндеп кесу деп – белгiлi бір ауданда (кесілетін орманда) орманшылыққа негiзделген уақыт аралығында бiрнеше амал қолдану арқылы сүрекдiңдер алып тасталатын орман ағаштарын кесуді ұйымдастыру мен кесу техникасын атайды. Мұнда барлық сүрекдiң бiр жас сыныбы (класы) уақытынан аспаған кезеңде кесіледі, ал ұзақ мерзiмдi бiртiндеп немесе топтық-таңдау кесулерінде, екi жас сыныбының (класының) уақытынан асырмай жүргiзiледi.
Бiртiндеп кесу жүйесi екi түрлi болады: тұқымдық-кеспеағаштық немесе бiрқалыпты, қысқа мерзiмдi кесулер мен топтық-таңдаулы немесе бiрқалыпсыз, ұзақ мерзiмді кесулер.
Тұқымдық-кеспеағаштық бiртiндеп кесулердiң негiзгi ұйымдастыру-техникалық элементтеріне мыналар жатады: 1) кесу амалдарының саны және қайталанылуы; 2) әр амалдың кесу пайызы (бастапқы қордың салмағы бойынша); 3) кесуге ағаш таңдау ретi.
Ормандар тобына, орман типiне, басты ағаш түрлерінің биологиялық ерекшелiктерiне, құрамына, пішініне, толымдылығына, бонитетiне, санитарлық және қайта жаңару жағдайларына байланысты бiртiндеп тұқымдық-кеспеағаштық кесулер жүргiзгенде, амалдар саны төртеу, үшеу немесе екеу болуы мүмкiн.
Жоғары өнiмдi, аралас, күрделi, жоғары толымдылықты алқа ағаштарда және басты ағаш түрі өскiндерi болмағанда, барлық төрт кесу амалдарын (дайындық, тұқымдану, жарықтандыру және соңғы) жобалау орынды.
Жоғары қабатының толымдылығы 0,6-0,7, басты ағаш түрлері мол жемiс салу үшiн оңтайлы жарық жағдайындағы сүрекдіңдерде дайындық кесу амалы орындалмайды, мұнда үш қарапайым амалды кесу жүргізіледі.
Бiртiндеп кесудiң амалдарын жүргiзу кезеңi қайта жаңару жағдайларымен, жетiлген сүрекдiң кесудiң жалпы мерзiмiмен (20 жылдан көп емес) анықталады және олар әдетте, екi тұқымдық жылды құрайды.
Тұқымдық-кеспеағаштық бiртiндеп кесулердiң басты артықшылықтары:
1) орманның су мен топырақ қорғау, рекреациялық және басқа пайдалы функцияларын сақтау және арттыру мүмкiндiгi;
2) жақсы тұқым беру және орманның басты ағаш түрлерінің жаңаруы үшiн қолайлы жағдай жасау мүмкiндiгi;
3) күтiп-баптау кесулерiн тиiмдi пайдалану және оның негiзiнде, басты кесулердi қарапайымдау мүмкiндiгi;
4) топырақты сақтау және өнiмдiлiгiн арттыру;
5) әр кесу амалынан кейiн қалдырылған ағаштардан қосымша өсiм алу.
Бұл кесудiң кейбiр кемшiлiктерi бар:
1) кесіп құлату және тасымалдау кезiнде басты ағаш түрлері өскiнiнiң зақымдануы және зор жойылу қауiп-қатерінің болуы;
2) бағалы ағаш түрлерінің өскiнiн екiншi дәрежелі ағаш–бұта түрлерінің және шөптесін өсiмдiктердің басып кету қаупi;
3) жел сұламасы мен дауылдан сыну қаупi жоғары ормандарда бiртiндеп кесудi жүргiзу қиындығы, ал кейбiр жағдайда мүмкiн еместiгi;
4) кесулердi жүргiзудiң тым күрделiлiгi және қиындығы;
5) бұл кесулер көптеген жағдайларда, орманның қорғаныш мiндетiн қамтамасыз ете алмайды.