Құдайбергенова Айжамал ибрагимқызы


«1946-1959-жж. көші-қон үдерісі және оның демографиялық салдарлары»



бет15/27
Дата01.04.2022
өлшемі371.5 Kb.
#456557
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
«1946-1959-жж. көші-қон үдерісі және оның демографиялық салдарлары» атты төртінші тарауда 1946 ж. мен 1959 ж. Бүкілодақтық халық санағы аралығын қамтитын төртінші кезеңдегі көші-қон үдерістерінің саяси аспектілері, халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи өсімнің негізгі үрдістеріне әсер еткен көші-қон қозғалысының бағыттары, түрлері, оның Қазақстан қоғамының салалары мен ұлттардың даму ерекшеліктеріне ықпалы қарастырылады. Соғыстан кейінгі демобилизация, отбасылардың қайта бірігу мен некеге тұрудың өсуі табиғи қозғалыста компенсаторлық кезеңді туғызды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа өндіріс орындары (шикізаттық бағыттағы) мен әртүрлі көлік жолдарын іске қосу, жаңа қалалар мен қала типтес поселкелердің құрылуы, ауыл шаруашылығындағы реформалар, тың және тыңайған жерлерді игеру және т.б. негізіндегі көші-қонның өрістеуі мен табиғи өсім республика халқын 3360,2 мың адамға (56,6%-ға) өссе, оның
2346 мың адамы (69,8%-ы) 1955-1960 жж. тиесілі. 1939-1959 жж. республикадағы ауыл халқы 19,0%-ға, тың өлкесінде 83%-ға өсті. Тың жерлері игерілген облыстардағы механикалық өсiмнің бүкiл республикалық өсiмдегі үлесі 1952 ж. 2,3%, 1953 ж. 4,0% ғана болса, 1954 ж. 31%-ға, 1955 ж. 47%, ал 1956 ж. 49,9%-ға дейiн көтерiлді. Тың жерлері игерілген облыстарда халық 828 мың адамға (143 %-ға) өстi. Халқы ерекше қарқынды өскен Қостанай (343 мың адамға немесе 193,2%-ға), Павлодар (204 мыңдай адамға, 181,1%-ға) мен Көкшетау (187 мың адамға, 161,2%-ға) облыстары болды. Қазақтар республикада 474 мың адамға өссе, бұл өлкеде 10,5 мың адамға кемiп, 1939 ж. деңгейінің 97,9 %-ын құрады. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысының халқы осы жылдары 84,5 мыңға кеміп, 1959 ж. 1939 ж. деңгейінің 84,4%-ын құрағанда, мұндағы орыстар 106,3%-ға, немістер 151,6%-ға өсті. Ал, қазақтар (44,1 пунктке) мен украиндар (42,7 пунктке) үлесі кеміген. 20 жыл iшiнде орыстардың 1523 мыңдық өсімінің ішіндегі 435,4 мыңы тың өлкесiндегi өсiм (28,6%) есебінен. Қостанай (173 мың адамға немесе 246,5%-ға) мен Көкшетау (88 мыңнан аса адамға немесе 175,4%-ға) облыстарындағы орыстар саны өсті. Украиндар Солтүстік Қазақстан (31,6 мыңға) мен Ақмола (5 мыңға) облыстарында кемігенімен, Қостанай (46,3 мыңға, 144,5%-ға) мен Көкшетау (11 мыңға, 121,8%-ға) облыстарында көбейді. Немістер 539%-ға, тың өлкесiнде 8-9 еседей өсті [34]. Қазақтар екі санақ арасындағы өсiмнiң 14,6 %-ын, орыстар 48,2%-ын, басқа ұлттар 37,2%-ын берді. Оңтүстiк Қазақстанда ғана қазақтардың табиғи өсiмі 66 %-дық үлеске ие болды. Тың қазақты тұқыртып, 1959 ж. санақта үлесін 29,7%-ға түсірді. Тың игеру кезінде ұлттық фактор есепке алынбады, көшіп келушiлер iшінде қазақтар саусақпен санарлықтай болды. Көші-қоншылар ішінде 1954-1962 жж. шетелден келген отандастарымыз да бар. Олар саяси идеологияның қатаң бақылауында жүріп-ақ, қазақтың этномәдениетіне өзіндік үлес қосты.
Диссертацияда әр түрлi себептермен ерiктi адамдар қатарына босатыла бастаған арнайы қоныстанушылардың мәселесі де талданады.
Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық дамуында сырттан келген көші-қоншылардың демографиялық мінез-құлқы шешуші рөл атқарды. Халық құрамында славян типтес халықтардың үлесі көтерілген сайын, табиғи өсім көрсеткіштеріндегі олардың шешуші рөлі жоғары болды. Мысалы, тың және тыңайған жерлерді игеру шарасының нәтижесінде, сырттан келгендер ішінде еңбек ету және некеге тұру жасындағылар үлесі мен әлеуетінің басым болуы. 1956-1964 жж. туу көрсеткіштерінің күрт өсуіне, табиғи өсім мен халық өсімінің көтерілуіне әкелді. Сырттан келген көші-қоншылардың негізгі дені 20-35 жастағылар және ер адамдар болғанымен, жыныстық арасалмақта ерлердің жетімсіздігін туғызған Ұлы Отан соғысынан кейінгі жағдай түзелмеді: 1959 ж. ерлер – 47,5%, әйелдер – 52,5% болды. Тың және тыңайған жерлері игерілген, өндірісі дамыған аймақтарда 25-49 жастағылар үлесінің жоғары болуынан некелесу көэффициенті де жоғары болды. 1955 ж. 20-29 жастағылар некеге тұрғандардың – 64,8%-ы, 1957 ж. – 66,5%-ы болды. Некелескендердің ішінде 18-29 жастағы әйелдер 1955 ж. – 76,1%-ын, 1957 ж. – 78,3%-ы құрады.
1950-1955 жж. некелесу көрсеткіші 0,8%-ға өскенде, тың жерлері игерiлмеген Алматы (2,5%-ға), Батыс Қазақстан (1,4%-ға), Қызылорда (3,6%-ға) облыстарында төмендеп, тың жерлері игерiлген Павлодар (2,6 %-ға), Ақмола (4,0 %-ға), Көкшетау (4,2 %-ға) және Қостанай (6,0%-ға) облыстарында өскен. Некелесу коэффициентi тың игерiлген облыстарда жоғарғы, ал, Оңтүстiк және Батыс облыстарда төменгi деңгейдi көрсеттi. Мысалы, республикадағы орташа некелесу коэффициентi 1956 ж. 12,5 ‰, 1957 ж. 13 ‰ болғанда, жылдарға сәйкес, Ақмола (14,4‰; 15,3‰), Көкшетау (14,45‰; 16,2‰), Қостанай (14, ‰; 15,3 ‰) және т.б. облыстарында жоғары болды. Кейбiр аудандарда ерекше жоғары – Ақмола облысының Есiл ауданында 1956 ж. – 21‰-ге жеткен. Тың игерiлмеген облыстардағы көрсеткiш республикалық деңгейден төмен: Алматы (10,0‰, 9,7‰), Атырау (10,1‰, 10,6‰), Қызылорда (8,5‰, 9,9‰) және т.б. [35]. Тың игеру жылдарының аяғына қарай жалпы республикалық көрсеткiш барлық облыстарда бiртектес деңгейге түстi.
Қоғамдық ұйымдастыру жолымен көші-қон үдерісін мемлекеттік көлемде реттеу шараларының жетілмегендігінен елдегі әлеуметтік қайшылықтардың ұлтаралық жанжалдар түрінде көрінуі де осы кезеңге тән. Мысалы, 1959 ж. Теміртау оқиғасы осының дәлелі.
Тарауда көші-қоншылардың республика қала, село және аймақтар бойынша орналасуы, республика iшіндегi көші-қон үдерісінің барысы сараланады. Ішкі көші-қондағы басты үрдіс ауыл-қала бағыты, аймақтық ерекшеліктер мен экологиялық көші-қонның туындауының эндогендік факторлары көрсетіліп, урбанизациялау үдерісінің ішкі-сыртқы көші-қонмен тығыз байланысы нақтыланады.
1946-1959 жж. Қазақстандағы көші-қон қозғалысына 9570,7 мың адам түсті. Соның ішінде 5496,4 мың адам (57,4%) келіп, 4074,3 мың адам (42,6%) кеткен, айырмасындағы 1422,1 мың адам (14,8%) Қазақстанда тұрақтап қалды. Бұл кезеңдегі көші-қондық өсім жылына орта есеппен 12‰-ге тең болды. Көші-қоншылардың 713,9 мыңы 1946-1953 жж. тұрақтап қалғандар болса,
708,2 мыңы 1954-1959 жж. көші-қон нәтижесінде Қазақстанды тұрақты мекен етіп қалғандар (келгендердің 25,9%-ы) [32, 2-п.]. Ерекше 1946-1947 жж. келгендердің жылдық үлесі жоғары. Мысалы, 1946 ж. келгендердің 51,7%-ы тұрақтап қалған.
Диссертацияда көші-қон үдерістерінің республика халқының этно-демографиялық құрылымындағы өзгерістерге тигізген әсері талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет