Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет12/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
33-35 тақырып
1. 1237-1242 жылдары батыс қыпшақтарға, бұлғарлар мен руське қарсы екі жорық жасады:
A) Жошы B) Бату C) Берке D) Құбылай E) Өзбек
2. Мысырдан, Римнан, Мәуереннахрдан, Еуропа мемлекеттерінен шетелдік көпестер мен елшілер келетін Жошы ұлысының астанасы:
A) Қажы-Тархан B) Сарайшық C) Сарай D) Сығанақ E) Үргеніш
3. 1245 жылы IV Иннокентий папа Алтын Ордаға елші ретінде жіберген Франциск монахы:
A) В. Рубрук B) Марко Поло C) Прийск D) Петахя E) П.Карпини
4. Берке мен Мамлюктердің қолдауымен VIII Михаил Палелог өз империясын қалпына келтірген ел:
A) Византия империясы B) Рим империясы C) Парсы империясы D) Хулагу империясы E) Латын империясы
5. 1258 жылы Бағдатты басып алып, Аббастар халифатын күйретті:
A) Берке B) Хулагу C) Құбылай D) Сартақ E) Бату
6. Алтын Орда ханы Беркемен хат алмасып, достасқан мамлюктік мысыр сұлтаны:
A) Салах ад дин B) Құтыз C) Аббас D) Бейбарыс E) Мұхаммед
7. Мысыр сұлтаны Бейбарыстың Алтын Орда ханы Беркемен одақтасуға ұмтылу себебі:
A) Византияға қарсы B) Крест жорығына қарсы C) Хулагуге қарсы D) Француздарға қарсы E) Қытайға қарсы
8. Алтын Орда мен Мысыр арасындағы қатынастарда салқындық басталды:
A) 1280 жылы B) 1290 жылы C) 1300 жылы D) 1310 жылы E) 1320 жылы
9. Берке хан мен Хулагу арасында жауласуға себеп болған, оңтүстік кавказдағы сауда жолдары түйісетін, орталығы Тебриз қаласы болған ел:
A) Грузия B) Ирақ C) Сирия D) Әзірбайжан E) Түркия
10. Берке хан Хулагу әскерін талқандады:
A) Дербент түбінде B) Мерв түбінде C) Бағдат түбінде D) Дамаск түбінде E) Тегеран түбінде
11. Хулагулер мемлекеті өмір сүруін тоқтатты:
A) Хулагудың өлімінен кейін B) Акбар ханның өлімінен кейін C) Әбу Саид илханның өлімінен кейін D) Әбу Рашид ханның өлімінен кейін E) Тоқта ханның өлімінен кейін
12. Алтын Орда ханы Тоқтамыстың Әзірбайжан жерін ұстап қалуына кедергі жасады:
A) Александр Невский B) әмір Едіге C) әмір Темір D) сұлтан Баязит E) Сұлтан Бейбарыс
13. 1223 жылы Орыстар мен моңғолдардың алғашқы қақтығысы өтіп, Жебе мен Сүбедейден орыстарды талқандаған жері:
A) Еділ бойы B) Дон өзені C) Дунай жағасы D) Днепр бойы E) Қалқа бойы
14. 1237 жылы Бату жорығынан аман қалған орыс қаласы:
A) Ұлы Новгород B) Рязань C) Мәскеу D) Владимир E) Галич
15. Алтын Ордаға бағынып, дипломатиялық қатынастармен орыс жерін көп шығыннан аман алып қалған князь:
A) А.Невский B) И.Калита C) Д.Донской D) III Василий E) Б.Годунов
16. Алтын Орданың орыс жерінен салық жинаушы лауазымы:
A) вақф B) басқақ C) харадж D) тархан E) сойырғал
17. 1380 жылы Куликова даласында Мамай әскерін жеңген орыс князі:
A) А.Невский B) И.Калита C) Д.Донской D) III Василий E) Б.Годунов
18. 1382 жылы Мәскеу қаласын басып алып, русьтің Алтын Ордаға тәуелділігін қалпына келтірді:
A) Барақ хан B) Жәнібек хан C) Тоқтамыс хан D) Өзбек хан E) Есен-Бұқа хан
19. 1480 жылы Угра өзеніндегі русьтің Алтын Орда мұрагерлеріне қарсы тұруының нәтижесінде:
A) рустің Алтын Ордаға тәуелділігі тоқтады. B) орыстар түріктерен көмек сұрады. C) Алтын Орда мұрагерлеріне бағынышты болып қала берді. D) орыс қалалары қиратылып, мәскеу өртелді. E) князь III Василий өлтірілді.
20. Алтын Орданың дінге деген ұстанымы:
A) тәңіршілдіктен басқа дінге шектеу қойылды. B) исламнан басқа дінге шектеу қойылды. C) тек християндық дінге шектеулер жасады. D) дінге еркіндік берілді. E) будда дініне қатаң шектеу қойылды.
21. Жошы ұрпағы Шайбанилердің ұлысы аталды:
A) Алтын Орда B) Ақ Орда C) Көк Орда D) Жез Орда E) Берік Орда
22. Бату ұлысы мен Орда Ежен ұлысының арасындағы шегараға айналған өзен:
A) Еділ B) Жайық C) Сырдария D) Іле E) Ертіс
23. Ақ орданы күшейтіп, Алтынордалық Сарайшық, Қажы-Тархан және Сарай қалаларын басып алды:
A) Орда Ежен хан B) Әбілхайыр хан C) Барақ хан D) Жәнібек хан E) Орыс хан
24. 1428 жылы осы ханның өлімінен кейін Ақ Орда ыдырап кетті:
A) Орда Ежен хан B) Әбілхайыр хан C) Барақ хан D) Жәнібек хан E) Орыс хан
25. Тарихта «көшпелі өзбек мелекеті» деп аталады:
A) Сібір хандығы B) Моғолстан C) Алтын Орда D) Әбілхайыр хандығы E) Хиуа хандығы
26. 1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Үз-Темір тайшыдан жеңіліс тапқаннан кейін кетуге мәжбүр болды:
A) Батыс Сібірге B) Моғолстанға C) Дешті Қыпшаққа D) Самақанға E) Мауарннахрға
27. XIV ғ. ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет:
A) Моғолстан B) Бұқар хандығы C) Қазақ хандығы D) Әбілхайыр хандығы E) әмір Темір мемлекеті
28. Моғолстан негізін құраған Маңлай Сүбе аймағын иеленуші тайпа:
A) Албан B) Дулат C) Арғын D) Қаңлы E) Үйсін
29. 1347 жылы дулаттардың әмірі Полатшы Моғолстан тағына отырғызған Шағатай ұрпағы:
А) Орыс В) Уәйіс С) Тоғлұқ Темір D) Есен-бұға Е) Ілияс-Қожа ханды
30. XIV ғ. 70-80 жылдары Моғолстанға шабуыл жасаған:
A) әмір Едіге B) Орыс хан C) Керей хан D) әмір Темір E) Жәнібек хан
31. 1452-1457 жылдары Есен Бұқа хан кезінде Моғолстан мен Сырдария қалаларына шапқыншылықтар жасады:
A) қытайлар B) өзбектер C) парсылар D) қазақтар E) ойраттар
32. 1462 жылы екіге бөлініп кеткен мемлекет:
A) Моғолстан мемлекеті B) Жоңғар мемлекеті C) Ақ орда D) Көшпелі өзбек мелекеті E) Шағатай ұлысы
33. 1450 жылдардың соңында Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы халықпен бірге көшіп барды:
A) Мәуереннахрға B) Шығыс Жетісуға C) Батыс Жетісуға D) Сырдария бойына E) Ертіс алабына
34. Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған, алғашқы қазақ хандығы болған орда:
A) Алтын Орда B) Ақ Орда C) Көк Орда D) Жез Орда E) Берік Орда
35. Контекс: Көшпелі өзбек мемлекеті

«Ақ Орда ханы Барақ қайтыс болған соң билікке Әбілхайыр хан отырды. Ол алдымен өзінің қарсыластары Махмуд-қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғ 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары - Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған. Ол Сыр бойындағы қалаларды иеленіп мәуерннахрға да жорықтар ұйымдастырды, бірақ оның ойраттармен болған соғыста жеңіліс табуы оның беделін түсіріп, қол астындағы шыңғыс тұқымдарының наразылығын туғызды».
1. Ақ Орда ханы Барақ қайтыс болды:
A) 1418 жылы
B) 1428 жылы
C) 1438 жылы
D) 1458 жылы
E) 1468 жылы
2. Әбілхайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз:
A) Еділден Жайыққа қарай
B) Сырдариядан Жетісуға қарай
C) Батыс Сібірден Оңтүстікке қарай
D) Ертістен Батысқа қарай
E) Жетісудан Мәуереннахрға қарай
3. Хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары кімнің иелігінде болды:
A) Тоқа темір иелігі
B) Махмұд-Қожа иелігі
C) Керей мен Жәнібек иелігі
D) Мұстафа хан иелігі
E) Әмір Темір ұқпақтары иелігі
4. Әбілхайырдың соңғы сәтті жорықтары жүргізілді:
A) Әмір Темір ұрпақтарына
B) Ноғай ордасына
C) Моғолстанға
D) Сібір хандығына
E) Қазақ хандығына
5. Әбілхайырдың Сырдария бойында иелік еткен қалалары:
I. Созақ. II. Сарайшық. III. Сығанақ. IV. Үзгенд. V. Алмалық. VI. Бұқара.
A) I, III, IV.
B) I, II, V.
C) II, V, VI.
D) III, IV, V.
E) IV, V, VI.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет