Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы



бет1/5
Дата21.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#151878
  1   2   3   4   5


Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы N 2/337 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 маусымда N 1058 болып тіркелді


      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін:
      1) «Дәрігерді үйге шақыру»;
      2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу»;
      3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»;
      4) «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»;
      5) «Туберкулез диспансерінен анықтама беру»;
      6) «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру»;
      7) «Наркологиялық диспансерден анықтама беру».
      2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы осы қаулының Алматы қаласының әділет органдарында тіркелуін және оны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2013 жылғы 1 шілдедегі № 3/561 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 990 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі                     А. Есімов
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 11 мамырдағы N 2/337
қаулысымен бекітілген
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. Осы «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекiтiлген «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Стандартының негiзiнде әзірлендi (бұдан әрi - Стандарт).
      2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
      «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе телефон арқылы байланысқанда:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) минуттан аспайды;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      портал арқылы байланысқанда:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тікелей немесе телефон арқылы байланысқанда жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде
3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (жұмыскерлер)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
      7. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма сағат 8-00-ден бастап 20-00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9-00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерден басқа).
      8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізімі (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің):
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
      бекітілген халық тіркеліміне сәйкес осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітудің болуы қажет;
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған сұраныс.
      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітудің бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде Көрсетілетін қызметті беруші мамандарының шаралары (әрекеттері), өзара іс-қимылы кезеңділігінің толық сипатталуы, сондай-ақ Порталмен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің сипатталуы осы Регламенттің 1 және 2 қосымшасына сәйкес графикалық түрде көрсетілген.
«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне
1 қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері
(жұмыскерлері) арасындағы шаралар (іс-әрекеттер)
кезеңділігінің сипаттамасы



1

Іс-әрекет № (барысы, жұмыс ағымы)

2

3

4

5

2

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі

Көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімі

Тіркеу бөлімінің қызметкері

Тіркеу бөлімінің қызметкері

Тіркеу бөлімінің қызметкері

3

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

Сәйкестендіру үшін ЖСН бар-жоғы мен жеке басын куәландыратын құжатты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі) қабылдау

Бекітілген халық тіркелімі порталында бекітудің бар-жоқтығын Порталда салыстыру

Көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу журналына шақыруды ресімдеу үшін мәліметтерді енгізу (аты-жөні, туған жылы, тұрақты мекенжайы, үй телефоны және шақыру себебі)

Пациенттің амбулаторлық картасы және шақыруларды тіркеу журналына келуін жазумен, жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің баруы

4

Әр шараның ұзақтығы

10 минут

30 минут

30 минут

Жүгінген күні

«Дәрігерді үйге шақыру»


мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне
2 қосымша
Портал арқылы ақпараттық жүйелердің қызметтік
өзара іс-қимылының диаграммасы

«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау
жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымдар





Атауы

Заңды мекенжайы

Телефондары

1.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Гоголь көшесі, 53 үй

8 (727)
273-35-72

8 (727)
273-04-21



2.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Шухов көшесі,
37–б үй

8(727)
2311133

8(727)
2781109



3.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Розыбакиев көшесі, 74 үй

8(727)
3954540

8(727)
3793661



4.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Орбита-3 шағынауданы,
Торайғыров көшесі,
12–а үй

8(727)
2200379

8(272)
2201268



5.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Мақатаев көшесі,
141 үй

8(727)
2333960

8(727)
2333961



6.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 6 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Алтынсарин көшесі,
3-а үй

8(727)
2333960

8(727)
2333961



7.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 8 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Түркебаев көшесі,
3-а үй

8 (727)
3794480

8 (727)
3794485



8.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Шолохов көшесі,
17 үй

8 (727)
235-25-21

8 (727)
235-97-98



9.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 10 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Ақсай-4 шағынауданы,
17 үй

8(727)
2383046

8(272)
2220327



10.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 11 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Айнабұлақ - 3 шағынауданы,
Жұмабаев көшесі,
87 үй

8(727)
2522121

8(272)
2522077



11.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 12 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Попов көшесі,
23 үй

8 (727)
3871723

8 (727)
3869700



12.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 13 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Сейфуллин көшесі,
97 үй

8 (727)
2972704

8 (727)
2356903



13.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 14 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Әйгерім шағынауданы,
Ленин көшесі,
24 үй

8 (727)
2976753

8 (727)
2976090



14.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 15 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Достық
шағынауданы,
Ильич көшесі,
17 үй

8 (727)
2562367

8 (727)
2563323



15.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 16 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Шаляпин көшесі,
19-а үй

8 (727)
3032484

8 (727)
3032494



16.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 17 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Бәсенов көшесі,
2 үй

8 (727)
3378337

8 (727)
3378338



17.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 18 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Таугүл - 3 шағынауданы,
Тоқтаров көшесі,
10 үй

8 (727)
2392379

8 (727)
2262443



18.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 19 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Әйгерім шағынауданы,
Папанин көшесі,
220 үй

8 (727)
2511554

8(727)
2511190



19.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 20 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Жұлдыз - 1 шағынауданы,
5–в үй

8 (727)
2529925

8 (727)
2529760



20.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 21 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Көкжиек шағынауданы,
66 үй

8 (727)
3863541

8 (727)
3863530



21.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 22 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Шаңырақ - 2 шағынауданы,
Жанқожа батыр көш. 193-а үй

8 (727)
2718878

8 (727)
3808742



22.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 23 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Ұлжан-1 шағынауданы,
Жалайыр-34

8(727)
227-48-50

8(727)
338-68-10



23.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 24 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Земнухов көшесі
3/1 үй

8 (727)
2905766

8 (727)
3903361



24.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 25 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Дархан шағынауданы, Х.Алтай к-сі 24/1

8(727)
2328874

8(727)
2328740

8(727)
2328741

8(727)
2328906



25.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 220

8 (727)
2647040

26.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық студенттер емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Бұхар жырау көшесі,
14 үй

8 (727)
3763660

8 (727)
3763399



27.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алатау қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Алатау поселкесі
Космонавт көшесі,
28 үй

8 (727)
3865949

8(727)
3865203



28.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Құлагер» Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Құлагер шағынауданы,
Қазыбаев көшесі
34-а үй

8 (727)
3904013

8 (727)
3847254



29.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Амангелді көшесі,
41 үй

8 (727)
2925898

8 (727)
2925949



30.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 1 қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Жібек жолы көшесі,
128 үй

8 (727)
2794711

8 (727)
2794959



31.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 3 қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Төле би көшесі
157 үй

8 (727)
3797555

8 (727)
3796977



32.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 4 қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Монтажная көшесі,
33 үй

8 (727)
3861751

8 (727)
3861640



33.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 7 қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Қалдаяқов көшесі,
74 үй

8 (727)
2917506

8 (727)
2917065



34.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 8 қалалық балалар емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Алматы қаласы,
Төле би көшесі,
249 үй

8 (727)
2408547

8 (727)
2408685


Алматы қаласы әкiмдiгiнiң


2014 жылғы 11 мамырдағы N 2/337
қаулысымен бекітілген
«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
      1. Осы «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекiтiлген «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет Стандартының негiзiнде әзірлендi (бұдан әрi - Стандарт).
      2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
      «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы регламенттің 3 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде көрсетіледі.
      Мемлекеттiк қызметті көрсету мемлекеттік және орыс тілдерінде, өтінім ресімделген тілге байланысты іске асырылады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет