Дәрігер интерн хирургтарына «Балалар хирургиясы» модулі бойынша балалар хирургиясы пәнінен тест сұрақ (720)
Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы
~1,5 айлық баланың соңғы екі күннен бері сол аяғын жазып құндақтау кезінде мазасызданады. Қарау кезінде сол аяғы ішке тартылған, өкшесі салбырайды. Белсенді қозғалыс жоқ. Жамбас-сан буындағы пассивті қозғалыс ауырсынулы. Дене қызуы 37,5 С.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
| сан сүйегінің эпифизарлы остеомиелиті
| сол өкшенің соғылуы
| өкше сүйегінің сынығы
| сол сан сүйегінің сынығы
| оң санның флегмонасы
~1,5 айлық баланың соңғы екі күннен бері сол аяғын жазып құндақтау кезінде мазасызданатына шағымданып келді. Қарау кезінде сол аяғы ішке тартылған, өкшесі салбырайды. Белсенді қозғалыс жоқ. Жамбас-сан буындағы пассивті қозғалыс ауырсынулы. Дене қызуы 37,5С. Жергілікті – буыннын көлемі ұлғайған.
Хирургтың амалы?
| Сүйектің диагностикалық пункциясы
| Антибактериальді ем тағайындау, бақылау
| Буынды дренаждау
| Остеоперфорация
| Остеопункция және сүйек ішілік қысымды өлшеу
~1,5 айлық баланың соңғы екі күннен бері сол аяғын жазып құндақтау кезінде мазасызданатына шағымданып келді. Қарау кезінде сол аяғы ішке тартылған, өкшесі салбырайды. Белсенді қозғалыс жоқ. Жамбас-сан буындағы пассивті қозғалыс ауырсынулы. Дене қызуы 37,5 С. Пункция кезінде ірің алынды.
Иммобилизацияның ЕҢ тиімдісі?
| Шеде бойынша тарту немесе Виленскийдің жақтау құрылғыны қолдану
| Санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипсті лонгета салу
| Санның жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін циркулярлы гипсті лонгета салу
| Еркін жүргекке орау
| Гипсті жамбас – сан таңғышын салу
~28 күндік баланың оң қолы дененің бойымен салбырап тұр және қозғалмайды. Киіндіру кезінде пассивті қозғалыс ауырсынулы. Объективті иық буын аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі, жергілікті дене қызуының жоғарлауы байқалады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Оң иық сүйегінің эпифизарлы остеомиелиті
| Оң иық флегмонасы
| Қолтық асты лимфаденит
| Оң иық сүйегінің сынуы
| Оң иық буынының шығуы
~9 жасар бала тұрақты дене қызуының 38,0 - 39,0С көтерілуіне, оң санының төменгі үштен бір бөлігінің ауырсынуына, екі күннен бері ақсаңдауына шағымданып келді. Қарағанда бала аяғына тұра алмайды. Жұмсақ тіндері ісінкі. Сан сүйегі перуссиясында ауырсыну байқалады.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Жіті гематогенді остеомиелит
| Иық флегмонасы
| Қолтық асты лимфаденит
| Оң иық сүйегінің сынуы
| Иық буынының шығуы
~18 күндік Д деген баланы қабылдау бөліміне алып келді. Қарап тексергенде сол жақ жауырын аймағында үлкен қызарған ошақ анықталды.Ата-анасының айтуы бойынша баланың шағымы дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Нәрестелер флегмонасы
| Фурункул
| Карбункул
| Аллергиялық реакция
| Лимфаденит
~10 күндік Д деген баланы қабылдау бөліміне алып келді. Қарап тексергенде сол жақ жауырын аймағында үлкен қызарған ошақ анықталды.Ата-анасының айтуы бойынша баланың шағымы дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық.
Сіздің амалыңыз ?
| Сау теріні қоса тілік жасау
| Крест тәрізді тілік жасау
| Ашу және дренирлеу
| Физиоем
| Ерте некроэктомия
~8 жастағы бала қабылдау бөліміне қаралды. Қарап тексеру кезінде оң жақ шап аймағында ісік тәрізді түзіліс, жан-жағы қызарғандығы, ортасында флюкуациясы бар екендігі анықталды. Шағымы мазасыздану, ден қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі.
Емдеу әдісін көрсетіңіз?
| Ашу және дренирлеу
| Креси тәрізді тілік жасау
| Сау тінді қоса шахматық тілік жасау
| Физиоем
| Компресс
~10 жастағы бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 5 – ші тәулікте мынандай шағымдарымен қаралды мойнының артқы бөлігіндегі гиперемия, ісіну, ауру сезімді, ортасында флюктуация анықталады. Баланың жалпы жағдайы қалыпты.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Фурункул
| Карбункул
| Инфицирленген жара
| Ревматоидты артрит
| Флегмона
~6 жастағы Т деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 3 – ші тәулікте келіп қаралды.Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жауырын аймағындағы ауру сезімі.Қарау кезінде ісік тәрізді түзіліс, қызарған эрозирленген бетімен, жергілікті гиперемия, сонымен қатар бірнеше жыланкөздерден іріңді бөлініс шығып тұр.Қан сынамасында эр-3,5,Нв-125 г/л,ЭТЖ-18 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Карбункул
| Фурункулез
| Фурункул
| Инфицирленген жара
| Флегмона
~6 жастағы Т деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 3 – ші тәулікте келіп қаралды.Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жауырын аймағындағы ауру сезімі. Қарау кезінде ісік тәрізді түзіліс, қызарған эрозирленген бетімен, жергілікті гиперемия, сонымен қатар бірнеше жыланкөздерден іріңді бөлініс шығып тұр.Қан сынамасында эр-3,5,Нв-125 г/л,ЭТЖ-18 мм/сағ.
Оперативті емнің көлемін көрсетіңіз?
| Крест тәрізді кесу
| Шахмат тәрізді тіліктер жасау
| Сызықты тілік жасау
| Жабық дренаж салу
| Гипертоникалық таңу салу
~14 жастағы П деген бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 1 тәуліктен соң келді. Шағымдары оң жақ жамбас бөлігіндегі ауру сезімі, гипертермия, гиперемия, жайылмалы ісінудің болуы , ортасында флюктуацич анықталады. Қан сынамасында эр-3,5 , Нв-125 г/л, лейк-15,2, ЭТЖ-10 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Флегмона
| Фурункул
| Инфицирленген жара
| Парапроктит
| Кабункул
~A. деген 9 жастағы бала ауруханаға ауруы басталғаннан кейін 8 –ші тәулікте бас ауруына, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, иықтың алдынғы бетінің ауру сезіміне шағымданып түсті.Қарап тексеру кезінде ісік тәрізді түзіліс, қызарған эрозирленген бетімен , жергілікті гиперемия, сонымен қатар бірнеше жыланкөздерден іріңді бөлініс шығып тұр. Қан анализінде эр-3,5,Нв-125 г/л, лейк -21,1,ЭТЖ-20 мм/сағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Карбункул
| Инфицирленген жара
| Флегмона
| Фурункул
| Тілмелік қабыну
~Балада сұқ саусағының соңғы фалангасы аймағында іріңдік, эпидермистің қабыршақтануы анықталған. Клиникалық көрінісі жоқ.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Терілік панариций
| Паронихий
| Теріастылық панариций
| Тырнақастылық панариций
| Флегмона
~Қыз бала 4 жаста, аппендэктомиядан кейін 3 күн. Зәр шығару мен дефекация кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Сұйық нәжіс аз мөлшерде және қан аралас, кей кезде ішінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Ректальды зерттеу кезінде - тығыз, жоғары орналасқан ауырсынатын инфильтрат.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Ішек аралық абсцесс
| Жедел аппендицит, жамбастық орналасу
| Перитонит плевритпен араласқан
| Дуглас кеңістігінің абсцессі
| Диафрагма астылық абсцесс
~Балтырында ал қызыл түсті айқын шектелген қабыну процесі бар, терісі ісінген, перефериясында ауырсынады, жайылуға ықтимал.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Тілмелі қабыну
| Шиқан
| Сыздауық
| Флегмона
| Тері асты май қабатының абсцессі
~Іріңді хирургиялық инфекцияның зақымданған ошағында флора көп кездеседі?
| Көбіне алтын түсті стафилакокк
| Грам оң микробтар
| Аралас флора
| Грам теріс микробтар
| Ішек таяқшасы
~Анаэробты газды инфекция нәтижесінде бөлінген гемотоксиннің әсері?
| Гемолиз
| Дәнекер тіндер мен бұлшық ет некрозы
| Тамыр тромбозы
| Миокард, бауыр, бүйрек зақымдалуы
| Барлық аталғандар орын алады
~Бала 5 айлық терісінде абсцестер, күмбез тәрізді, іріңді өзектері жоқ.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Жалғансыздауық
| Сыздауық
| Теріасты май қабатының абсцесі
| Флегмона
| Тілмелі қабыну
~Омфалиттің түрінде консервативті амбулаторлы емдеуге болады?
| Жай түрінде
| Іріңді омфалитте
| Кіндік флегмонасында
| Кіндік гангренасында
| Кіндік қан тамырларының тромбофлебитінде
~Іріңді жарақатта репарация нешінші тәулікте басталады?
| Екінші апта соңында
| Төртінші - алтыншы
| Жетінші - оныншы
| Екінші - үшінші
| Екі аптадан соң
~6 айлық баланың ауырғанына 8 сағат уақыт болған. Баланың анасы баласының кенеттен мазасызданып, тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Бұған дейін үлкен дәреті қалыпты болған. Ректалді саусақпен тексеру кезінде «малина тәрізді желе» бөлінді анықталады. Ішек инвагинациясына күмәндалды.
Аталған іс-шаралардың ЕҢ тиімдісі ?
| Пневмокомпрессия жүргізу
| Операциялық
| Экранда баридің жайылуы
| Тазалау клизмасы
| Лапароскопия
~6 айлық баланың ауырғанына 8 сағат уақыт болған. Баланың анасы баласының кенеттен мазасызданып, тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Бұған дейін үлкен дәреті қалыпты болған. Ректалді тексеру кезінде «малина тәрізді желе» бөлінді анықталады.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Ішек инвагинациясы
| Дизентерия
| Копростаз
| Геморрагиялық васкулит
| Тік ішектің полипі
~13 жасар қыз балада үш күннен бері іші ауырады, дене қызуының көтерілуі, құсу болған. Қарағанда қыз бала бозарған, солғын, іш ауырсынуына шағымдануда. Дене қызуы 37,9°С. Іші кеппеген, пальпацияда оң жақ мықын аймағында қозғалыссыз өлшемі 6х6 см ауырсынатын түзіліс байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцитоз 16,2 х 10 9/л.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Аппендикулярлы инфильтрат
| Копростаз
| Шажырақай торсылдағының бұралуы
| Бүйрек дистопиясы
| Ішек инвагинациясы
~13 жасар қыз балада үш күннен бері іші ауырады, дене қызуының көтерілуі, құсу болған. Қарағанда қыз бала бозарған, солғын, іш ауырсынуына шағымдануда. Дене қызуы 37,9С. Іші кеппеген, пальпацияда оң жақ мықын аймағында қозғалыссыз өлшемі 6х6 см ауырсынатын түзіліс байқалады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Лейкоцитоз 16,2 х109/л. Аппендикулярлы инфильтратына күмәндалды.
Хирургтың амалы ?
| Консервативті терапия
| Динамикада бақылау
| Лапаротомия, инфильтратты ашу және дренирлеу
| Аппендэктомия
| Айналмалы анастомоз
~Қабылдау бөліміне ауру басталғанына бір тәуліктей болған жедел аппендицит диагнозымен 2 жасар бала жеткізілді. Ауру дене қызуының 38,6°С-қа дейін күрт көтерілуімен, түшкірумен, жөтелмен басталған. Айқын ентікпе. Тынысы қатқыл, жекеленген ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ылғалды. Пульсі 106 рет/мин. Бала қарауға қарсылық білдіреді, жылайды, ішін тартады.
Тексеру әдісі жіті аппендицитті РАСТАЙДЫ немесе ЖОҚҚА шығарады?
| Ұйқы кезінде ішті пальпациялау
| Қанның жалпы анализі
| Іш қуыс органдарының кең көлемді рентгенографиясы
| Құрсақ қуысының УДЗ-і
| Тік ішекті саусақпен тексеру
~Қабылдау бөліміне ауру басталғанына бір тәуліктей болған жедел аппендицит диагнозымен 2 жасар бала жеткізілді. Ауру дене қызуының 38,6С - қа дейін күрт көтерілуімен, түшкірумен, жөтелмен басталған. Айқын ентікпе. Тынысы қатқыл, жекеленген ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ылғалды. Пульсі 106 рет/мин. Бала қарауға қарсылық білдіреді, жылайды, ішін тартады.
Баланы қарау кезіндегі хирургтың амалы ?
| Табиғи немесе медикаментозды ұйқы кезінде қарау
| Баланы үйіне жіберу
| Жатудан бас тарту жөнінде тілхат алып қалу
| Операцияға дайындау
| Жалпы жансыздандыру арқылы қарау
~3 жасар қыз бала кенеттен ауырды, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну пайда болды. Дене қызуы 39,4С. 2 рет құсты, жалпы жағдайы тез нашарлай бастады. Бала солғын. Тамақтан бас тартуда. Тілі құрғақ. Қарағанда іші қатайған және барлық бөлігінде ауырсынулы. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Аңқаның және кілегей қабаттарының қызаруы қынаптың мацерациясы және одан бөлінді анықталады. Криптогенді перитонитке күмәндану.
Хирургтың іс-әрекеті ?
| Қысқа уақыт дайындықтан кейін операция жасау
| Антибактериалді терапия тағайындау
| Лапароцентез
| Бақылау
| Соматикалық бөлімшеге науқасты ауыстыру
~14 күндік балада соңғы 2 тәулік бойы үлкен дәреті болмады. Іші кепкен, бала нашар тамақтанады, лоқсиды. Ата-анасы тазалау клизмасын жасай алмаған, себебі анальді тесігін таппаған. Қызды қарау кезінде сыртқы жыныс органдары дұрыс қалыптасқан. Бұт аралығы нәжіспен бұлғанған.
Диагнозды анықтау үшін іс-әрекеті ?
| Жыланкөз арқылы ирригография жасау
| Фиброгастроскопия
| Флюрография
| Фиброколоноскопия
| Томография
~7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Жабысқақ ауруы
| Ішек бұралуы
| Копростаз
| Ішек атониясы
| Гастрит
~7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған. Жабыспалы ішек өткізбеушілікке күмәндалды.
Хирургтың амалы?
| Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау
| Жоспарлы түрде операция жасау
| Консервативті емін жалғастыру
| Фиброколоноскопияны өткізу
| Динамикалық бақылау
~7 жасар балада күшті ұстамалы іш ауырсынуы, өт араласқан қайталамалы құсу болған. Үлкен дәреті 2 тәуліктен бері жоқ. Анамнезінде 3 жасында «аппендэктомия» жасалған.
Зерттеуді неден бастау қажет?
| Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
| Барий ертіндісін ішектен өтуін зерттеу
| Наркозбен құрсақты бимануальды пальпациялау
| Лапароскопия
| Жалпы қан анализы
~Соматикалық бөлімшеде екі жақты пневмониямен ауырған 2 жасар бала жатыр. Жүргізіліп жатқан емге қарамастан, оның іші кебулі, ұлғаюда, өт араласқан құсық, ентікпе пайда болған. 1,5 тәуліктен бері үлкен дәреті болмаған. Қарағанда іші кепкен, пальпацияда жұмсақ. Ішек перистальтикасы төмендеген.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Динамикалық ішек өткізбеушілігі
| Странгуляциялық ішек өткізбеушілігі
| Обтурациялық ішек өткізбеушілігі
| Туа пайда болған ішек өткізбеушілігі
| Аралас ішек өткізбеушілігі
~Соматикалық бөлімшеде екі жақты пневмониямен ауырған 2 жасар бала жатыр. Жүргізіліп жатқан емге қарамастан, оның іші кебулі, ұлғаюда, өт араласқан құсық, ентікпе пайда болған. 1,5 тәуліктен бері үлкен дәреті болмаған. Қарағанда іші кепкен, пальпацияда жұмсақ. Ішек перистальтикасы төмендеген. Динамикалық ішек өткізбеушілігіне күмәндалды.
Хирургтың амалы ?
| Консервативті ем
| Шұғыл операция жасау
| Консервативті емінен кейін операция жасау
| Бақылау
| Бақылаудан кейін операция жасау
~6 жасар баланы қарағанда іш қатуға бейімділігі және соңғы 2 күннен бері дефекация актісі кезінде ал қызыл қан араласқан бөлінді байқалды.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Тік ішек полипі
| Тік ішек ісігі
| Ішек туберкулезі
| Дизентерия
| Ішек инвагинациясы
~6 жасар баланы қарағанда іш қатуға бейімділігі және соңғы 2 күннен бері дефекация актісі кезінде ал қызыл қан араласқан бөлінді байқалды.
Диагнозды анықтау үшін іс-әрекет ?
| Колоноскопия, тік ішекті саусақпен тексеру
| Іш қуысының кең көлемді рентгенографиясы, эзофогоскопия
| Өңештің және асқазанның контрасты рентгенографиясы
| Фиброгастродуаденоскопия, УДЗ
| Эзофогоскопия, колоноскопия
~6 жасар баланы қарағанда іш қатуға бейімділігі және соңғы 2 күннен бері дефекация актісі кезінде ал қызыл қан араласқан бөлінді байқалды. Полипке күмәндалды.
Хирургтың амалы ?
| Полипті алып тастау
| Криодеструкция
| Рентгенотерапия
| Гормональді терапия
| Химиотерапия
~12 жасар бала ұманың оң бөлігінің жедел ауырсынуына шағымданады, басталғанына 2 сағат болған. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелері жасына сай дамыған. Оң жақ аталық без ұманың түбіріне қарай тартылған, пальпацияда ауырсынады, қозғалуы қиын. Ұма терісі қызарған.
Болжам диагнозыңыз ?
| Аталық безінің бұралуы
| Аталық без қабының шемені
| Крипторхизм
| Аталық безінің айқасқан эктопиясы
| Аталық бездің жарақаттануы
~12 жасар бала ұманың оң бөлігінің жедел ауырсынуына шағымданады, басталғанына 2 сағат болған. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелері жасына сай дамыған. Оң жақ аталық без ұманың түбіріне қарай тартылған, пальпацияда ауырсынады, қозғалуы қиын. Ұма терісі қызарған. «Аталық бездің жедел ауруы» - деген диагнозы қойылды.
Сіздің ЕҢ тиімді тәсіліңіз ?
| Шұғыл операция
| Антибактериалды ем, тыныштық, суспензорий
| 24 сағат бақылау
| Консервативті ем
| Амбулаторлы ем
~2 жасар ұл баланың мазасыздануына, соңғы 5 сағат ішінде ішінің ауырсынуына шағымданып емханаға жеткізілген. Қарау кезінде баланың сол жақ ұма аймағында қозғалуы қиын, контуры анық жұмсақ мөлшері 6 х 4 см ауырсынумен жүретін түзіліс байқалады. Екі жұмыртқа да ұмада. Лоқсу, құсу болмаған. «Қысылған шап жарығы» деген диагноз қойылды.
ЕҢ тиімді хирург амалы ?
| Шұғыл операция
| Жарықты қолмен орнына салу
| Қысқа мерзімді наркозбен орнына салу
| Ұрық шығарушы бауының новокаин блокадасы
| Жоспарлы түрде операция жасау
~Төменгі ішек өткізбеушілігінің клиникасы. Барий ерітіндісінің 24 сағат бойы кедергіден жоғары бөгелуі. Операция тағайындалды.
Операция жолының ЕҢ тиімдісі?
| Параректальді кесу
| Федоров бойынша кесу
| Оң мықын аймағында кесу
| Көлденең лапаротомия
| Оң жақ мықын бөлігінің тері қатпарлары бойымен кесу
~ Ауруханаға 8 жастағы ұл бала түсті. Шағымдары – оң жақ бел аймағында керіп ауырсыну, кіші дәретке жиі шыққысы келу. Бала биіктен арқасына құлаған. Терісі бозғылт. Тамыр соғысы 120 рет минутына. АҚ-80/60 мм сын.бағ. іші жұмсақ, іш астарының тітіркену белгісі теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде – Нв -120 г/л, эритроциттер 3,2, зәр анализінде – эритроциттер -50-60 көру аймағында.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Оң жақ бүйректің жабық жарақаты
| Құрсақтың жабық жарақаты
| Оң жақ 12 - қабырғаның жабық сынуы
| Оң жақ бел аймағының урогематомасы
| Оң жақ бел аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы
~8 жастағы ұл бала ауруханаға бел аймағындағы ауырсынуға, акрогематурияға
шағымданып түсті. 4 сағат бұрын бала биіктіктен құлаған. Қараған кезде терісі бозғылт, тамыр соғысы минутына 120 рет, АҚ-80/55 мм сын.бағ. бел аймағын пальпациялағанда ауырсынады, сол жағында ауырсыну қаттырық анықталады.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Сол бүйректің жабық жарақаты
| Сол бүйректің пиелонефриті
| Бел омыртқаларының соғылуы
| Бел омыртқаларының компрессиялы сынуы
| Сол жақ XI-XII қабырғалардың жабық сынығы
~Ауруханаға 8 жастағы ұл бала түсті. Шағымдары - оң жақ бел аймағында керіп ауырсыну, жиі жалған дәрет шығарғысы келу. Бала 6 сағат бұрын 2 м биіктен арқасына құлаған. Терісі бозғылт. Тамыр соғысы 120 рет минутына. АҚ-80/50 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, іш астарының тітіркену белгісі теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде - Нв -120 г/л, эритроциттер 3,2, зәр анализінде – эритроциттер -50-60 көру аймағында.
Шұғыл түрде зерттеу әдістерін ЕҢ тиімді?
| Бүйректі УДЗ
| Лапароскопия
| Ретроградты пиелография
| Экскреторлы урография
| Бауыр ангиографиясы
~8 жастағы ұл бала ауруханаға бел аймағындағы ауырсынуға, макрогематурияға
шағымданып түсті. 4 сағат бұрын бала 2 метр биіктіктен арқасына құлаған. Қараған кезде терісі бозғылт, тамыр соғысы минутына 120 рет, АҚ-80/55 мм сын.бағ., бел аймағын пальпациялағанда ауырсынады, сол жағында ауырсыну қаттырақ анықталады.
Тексеру әдістерінен бастау ЕҢ тиімді?
| Бүйрек УДЗ
| Ретроградты уретеропиелография
| Бүйрек ангиографиясы
| Экскреторлы урография
| Компьютерлі томография
~Бұтаралықтың жарақатымен түскен науқаста жарақат алған кезден бастап зәрі болмаған, үрпісінен қан тамшылап тұр.
Сіздің болжам диагнозыңыз ?
| Уретраның жыртылуы
| Қуықтың жыртылуы
| Бұтаралықтың соғылуы
| Қуық тас-тас ауруы
| Уретра-тас ауруы
~Аппендиксте деструкция басталғанда жіті аппендициттiң клиникасында науқаста өзгерістер байқалады?
| Жағдайының уақытша жақсаруы
| Жиi сұйық нәжiстiң болуы
| Құсу
| Іштiң ауырсынуының күшеюi
| Жалпы жағдайының нашарлауы
~ Нәрестенің жіті аппендицитінде аппендэктомия қолданады?
| Лигатуралық әдіс
| Байланбаған культясын кисетті тігіспен жабу
| Байланған культяны кисетті және S- тәрізді тігіспен жабу
| Байланған культяны кисетті тігіспен жабу
| Инвагинациялық әдіс
~Асқынбаған аппендицит кезінде аппендэктомиядан кейін науқасқа ем тағайындалады?
| Анальгетиктер
| Морфин
| Антибиотиктер
| Дезинтоксикациялық терапия
| Ішек перистальтикасын электростимуляциялау
~Ерте жастағы балаларда жіті аппендицит кезінде ұйықтатып белгі анықтаймыз?
| Қолды итеру белгiсiн
| Ровзинг белгiсiн
| Ситковский белгiсiн
| Пульспен дене қызуының әр түрлi болуын
| Тiк iшектiң алдынғы қабырғасының салбырау белгiсiн
~Қабылдау бөліміне автотравмадан кейін 10 жастағы бала жеткізілді. Жағдайы ауыр. Шағымдары: басының айналуы, құсу. Терісі бозарған, тахикардия 146 рет минутына. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға астында ауырсыну, перкуссия кезінде құрсақ қуысының синустары аймағында дыбықтың тұйықталуы. Іс астарының тітіркену симптомы мен Кулен-Камф симптомдары оң. Қан анализінде: НВ -90 г/л, эритроциттер -2,10 1012г/л, Ht-30.
Болжам диагнозыңыз ?
| Көкбауырдың жарылуы
| Бауырдың жарылуы
| Ішектің жыртылуы
| Бүйректің жарылуы
| Қуықтың жыртылуы
~Науқас 7 жаста. Ауырғанына 1 тәулік өтті. Ауру кенеттен, эпигастрий аймағында басталып, кейіннен іштің оң жақ жартысына ауысты. Дене температурасы 38С, тахикардия. Іші кеппеген, тыныс алу актіне қатысады, барлық бөлімдерінде жұмсақ және терең пальпация жүргізгендн сәл ауырсыну анықталады, ішастарының тітіркену симптомы күмәнді.
диагнозыңыз ?
| Жедел аппендицит
| Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы
| Жедел панкреатит
| Жедел гастрит
| Жедел дивертикулит
~11 жастағы қыз бала. Іштің төменгі жағында, қасағаның оң жағында қатты ауырсыну. Ауырсыну оң жақ жыныс ернеуіне және тік ішекке иррадиацияланады. Балада зәр жиі, ауырсынумен және нәжіс шырыш пен қан араласып шығады. Ректальды тексеру кезінде оң жақтан инфильтрат және ауырсыну анықталады.
диагнозыңыз ?
| Жамбастық аппендицит
| Ішек инвагинациясы
| Цистит
| Дизентерия
| Оң жақ аналық бездің кистасы
~Науқас 12 жаста. Іште ауырсыну, құсу, гектикалық температура. Жағдайы ауыр. Іштің оң жағының шығыңқы болуынан іштің асимметриясы көрінеді. Пальпация кезінде қатты ауырсынатын және флюктуациямен түзіліс анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде жоғары лейкоцитоз, қан формуласының солға жылжуы.
Диагноз бен хирургтың амалы ?
| Апппендикулярлық абсцесс, абсцесті ашу
| Ішек инвагинациясы, лапаротомия
| Аппендикулярлық инфильтрат, консервативтік ем
| Іш қуысының ісігі, ісікті кесіп алу
| Мезаденит, консервативтік ем
~10 жастағы балада ішінің қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу анықталды. Анамнезінде – мұрнына қан кету. Ішін пальпациялағанда іштің оң жақ жартысында ауырсыну және осы жақтағы бұлшық еттердің сәл қатаюы анықталады. Қан аралас нәжіс болған.
Достарыңызбен бөлісу: |