Дәріс №1. Кіріспе. Академиялық жазу ғылымдағы әрекет және қарым-қатынас тәсілі ретінде.
Оқыту әдістері/дәріс түрі: проблемалық оқыту
Оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар: слайд, презентациялар, электрондық оқулықтар
Дәрістің оқыту нәтижелері
Академиялық оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу);
Студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру;
Ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру;
Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Дәрістің мазмұны (жоспары)
Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Тілдік қатынастың түрлері: оқылым жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім.
Ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшелігі
Академиялық мәтіннің түрлері және олардың құрылымы.
Кіріспе. «Академиялық жазу» пәнінің мақсаты мен міндеттері
1.Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері
2.Тілдік қатынастың түрлері:
Оқылым,
Жазылым,
Айтылым,
Тыңдалым,
Тілдесім.
«Академиялық жазу» пәні академиялық мәтіндерді (эссе, ғылыми жоба, абстракт, пікір, аңдатпа және т.б.) жазудың әдістемелік және әдіснамалық мәселелері, атап айтқанда:
Академиялық жазу
Терминологияға қойылатын талаптарды
Библиографиялық аппаратты
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған материалдар жинақтауды қамтиды
Достарыңызбен бөлісу: |