Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет23/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
5.Лекциялық кешен

Флороглюцидтер – флороглюцин немесе пироның моно, ди, үш және т.б. туындылары. Аз зерттелген табиғи қосылыстар мол мөлшерде усасыр (Dryopteris – щитовник) туысы өкілдерінде кездеседі.
Иридоидтар – химиялық құрамының табиғатына қарағанда бұл топ гликозидтерге жатады. Иридоидтар негізінен «қышқыл» өсімдік түрлерінде болады. Олар суда және төменгі спирттерде (метил және этил) оңай ериді, органикалық ерітінділерде (бензол, хлороформ) нашар ериді.
Илік заттар – дегеніміз бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, жиі табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі қабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек-жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйінде болады.
Изопреноидтар – изопрепеннің биогендік ауысуының өнімі, табиғи қосылыстар. Изопреноитарға әртүрлі терпендер, олардың туындылары терпеноидтар және стероидтар жатады.
Эфир майлары – алифатикалық, моноциклдік бицклдік терпен қосылыстарының жиынтығы. Өсімдіктер гүлдерінің, жемістерінің және басқа мүшелерінің иістері осы эфир майларының болуына байланысты, сондықтан эфир майлары тек медицинада ғана емес оған қосымша парфюмерияда, кондитер өндірісінде, әртүрлі ішімдіктер өндіруге пайдаланылады.
Каратиноидтар – сары және қызғылт сары табиғи пигменттердің үлкен тобы.
Химиялық табиғаты бойынша олар тетротерпендер. Олар негізінен жемістерде, гүлдерде кейде жер асты мүшелерінде жинақталады. Каротиндер және каратиноидтар «А» витаминінің провитаминдері, А – витаминінің белсенділігіне ие, дәрілік шикізат ретінде қолданылады, поливитаминдер жинағына кіреді.
Стероидтар – молекуласында циклопенганпертидрофенантрен қаңқасы бар қосылыстар класы. Стероидты стериндер; Д-тобының витаминдері, өт қышқылдары стероидты сапониндер, кардиотоникалық стероидтар, стероидты алкалоидтар және стероидты гормондар болып бөлінеді.
Өсімдіктер стериндері немесе фитостериндер құрамында 28-30 көмірсулар атомы болады. Олардың кейбіреулері медицинада қолданылады. Таза күйінде бөлінген стериндер стероидтық дәрілік заттар – стероидтық гормондар Д витаминін және т.б. заттарды алуға пайдаланылады.
Стероидты сапониндер құрамында 27 көміртегі атомы болады. Құрамында стероидты сапониндер бар өсімдіктер антисклеротикалық заттар ретінде пайдаланылады, өйткені олардан стероидты гормондар алу үшін таза жартылай синтетикалық заттар бөліп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет