Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары


 Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Лекция (1)

 
2. Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы 
 
Ғылыми қызмет арнаулы әдебиетті жүйелі және мұқият оқып үйренуді 
қажет етеді. Зерттеуші ғылымның дамуында алдыңғы қолжеткен білімнің 
негізіне сүйенеді. Ол сондай-ақ аса маңызды ғылыми оқиғалардан тысқары 
қалмауға тиісті. Қандай да бір мәселені шешу барысында маман біліммен 
жан-жақты қарулануға міндетті. Әдебиеттермен, баспа материалдармен 
жұмыс істеу, зерттеу қызметінің құрамдас және біртұтас бөлшегі.
Әдебиеттерді оқып үйрену көптеген көрнекі ғалымдардың ғылыми 
қызметінде үлкен орын алады.
Шығармашылдық ізденістің барлық кезінде зерттеу қызметінің бөлшегі 
бола отырып, әдебиеттермен жұмыс істеу кез-келген ғылыми еңбектің 
бастауы да болып табылады. Бұл кезеңде тақырып таңдалып, дәлденеді, 
зерттеудің мақсаты мен жетекші идеясы айқындалады, ғылыми жұмыстың 
болжамдары мен әдістері жасалады.
Тақырыпқа кіріспес бұрын баспа материалдары бойынша мәселенің сол 
сәттегі жай-күйін, зерттелетін мәселеге қатысты барлық мәселелерді: 
тақырыптың қойылысын, пайда болу тарихын, зерттелу деңгейін, зерттеудің 
әдістері мен қолда бар шешімдерін біліп алуға тиісті.
Зерттелетін тақырыпқа қатысты әдебиеттерді жан-жақты және жүйелі 
оқу ғылыми еңбектің сауатты жүруінің басты кепілінің бірі болып табылады. 
Баспа материалдарын оқу барысында жасалған жазбалар алынған 
мәліметтерді еске сақтауға әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге адамның 
еске ұстау қабілетінің қос жиегін кеңейтеді. Сондықтан да жазбаларды хатқа 
түкен зерде деп те атайды. Соның көмегі арқылы педагогикалық зерттеу 
жүргізуге қажетті қызықты да маңызды материалды әрдайым қол астынан 
табуға болады. 
Егер, зерттеуші көп әдеби материалмен танысып, оларды ретке 
келтіріп, жүйелеп пайдаланса одан алынған мәліметтер дәл, сенімді деп 
айтуға болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу барысында кейбір ғылыми материалдар 
жинақталады. Олар оқу барысында туған болжамдар мен көз жеткізулер, 
жаңа ойлар мен мәселелер, қарсылықтар мен сындар, бағалар және болашақ 
зерттеудің жоспары мен жобасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет