Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Лекция (1)

 
 
 
 


Дәріс №11 
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеудегі әлеуметтік әдістер 
Дәріс жоспары:
1. Педагогикалық зерттеудегі кездесетін әлеуметтік әдістер 
2. Іріктеме 
3. Контент талдау 
Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын әлеуметтік әдістер, олар 
тек қана психолог-педагогикалық аспаптарының санына емес, сонымен қатар 
мектеп жұмысының тәжірибесіне де еніп, бірде-бір жүйе қарсы байланыссыз, 
яғни жүйенің алдында тұрған міндеттер жоспар бойынша және табысты іске 
асырылып жатыр, тиімді қызмет көрсете алмайтынын дәлелдеді. Әлеуметтік 
әдістер зерттеуші педагогтар және тәжірибелі педагогтарға мектептің 
табысты жұмысы туралы дәстүрлі критерийлерден (статистикалық есеп, 
үлгерім көрсеткіші) басқа қосымша құндылығы кем емес, сандық 
өлшемдерден басқа, кез келген буынның жұмысын сапалы жағын да 
таңдауына, содан кейін уақытында коррекциялық әрекет істеуіне 
мүмкіншілік береді. 
Педагогикалық зерттеудегі кездесетін кеңінен тараған әлеуметтік 
әдістер: 
Сұрастыру - бұл алғашқы ақпарат жинаудың әлеуметтік әдісі, тура 
немес жанама зерттеушінің зерттелушімен (респонденттер) қатынасына 
негізделген. Тура қатынаста сұрастыру сұхбат немесе интервью ретінде, 
жанама сауалнама ретінде шығады. Ақпарат қайнары-ол респонденттің 
сөздік немесе жазба пікірі. 
Педагогикалық зерттеуде әлеуметтік сұрастыру екі бағытта бірдей 
қолданылуы мүмкін: мұғалімдердің, оқытушылардың,оқушылардың немесе 
студенттердің сырқы әрекеттері (қылық, пікір, қызығушылықтар) және осы 
қылық, пікір, қызығушылықтардың құрылудың ішкі механизмдері туралы 
тереңдетілген ақпарат алу. 
Сұхбат-ақпаратты сөз коммуникациясы арқылы жинау әдісі. Ол 
сұрастырудың басқа түрі болып саналады және зерттеуші мен респонденттің 
арасында бір белгіленген тақырыпқы еркін диалог болып табылады. Сұхбат 
зерттеудіңмәртүрлі деңгеінде қолданылады, алғашқымақпарат алу үшін де, 
басқа әдістермен алынған ақпараттардың, мысалы, байқау әдісімен алынған, 
қорытындыларды анықтау үшін де пайдаланылады. Ондай жағдайларда 
сұхбат қолдану өте құнды нәтижелер береді. 
Оқушының оқу үлгерімінің төмендігін зерттеген студент мұғаліммен 
келесі алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы сөйлесе алады. 
Мысалы, «Мұғаліммен сұхбаттасу сұрқтар»: 
1. Оқушының сабақ үлгерімі қашан төмендей бастады? 
2. Мұғалімнің пікірі бойынша, оған не себеп болды? 
3. Төмен үлгерім тұрақты ма, әлде ауық-ауық па? 
4. Оқушы барлық пәннен үлгермей ме әлде бір пәннен бе? 
5. Оқу материалдарының немесе оқудың қандай түрлері оқушыға 


қиыншылық туғызады: дерексіз материал; деректі материал; бұрын өткен 
материалды қайталау қажеттілігі; білімді тәжірибеде қолдану; тағы қандай? 
6. Оқу міндетін анықтау мен алға қоюда қиыншылықтар бар ма? 
7. Сабақта баланы оқыту индивидуализациясы бар ма? 
8. Білімді, машықты, қабілеттерді бағалау оқушыға қандай әсер береді? 
9. Бала өзін әділ бағалай ма? 
10. Үлгерімге мұғаліммен қарым-қатынас, оқушылармен қарым-
қатынас, ата-анамен қарым-қатынас әсер бере ме? 
11. Оқушы кітап оқығанды жақсы көре ме?
12. Толық отбасында тұра ма, жоқ толық емес отбсында тұра ма? 
13. Үйінде жұмыс орны бар ма? 
14.Отбасының тұрмысы қандай: 
-әлді отбасы; 
-орташа отбасы; 
-нашар тұратын отбасы. 
15. Ата-анасының қарым-қатынастары қалай? Отбасында баланы сүйе 
ме, оған қамқорлық көрсете ме? Ата-анасында жағымсыз қасиеттері бар ма? 
(арақ ішу, нашақорлық); 
16. Мұғалім баланың психологиялық ерекшеліктерін қалай бағалайды: 
назар; аңғарғыштық; жады; сезім ерекшелігі; темперамент; жалпы 
қабілеттері-арнайы қабілеттері; 
17.Баланың денсаулығы қандай? 
«Оқушыға қойылатын сұрақтар»: 
1. Мектеп саған қызықтыма? Не нәрсесі тартымды? 
2.Қандай пәндерді жақсы көресің ? Неге? 
3.Қандай пәндерді ұнатпайсың? 
4.Сабақтарда саған бәрі түсініктіма? 
5. «4» және «5»-ке оқығың келеме? 
6.Үй тапсырмаларын орындауды ұнатасыңба? 
7.Қандай қоғамдық тапсырмаларды орындайсың? 
8.Қандай қоғамдық жұмысты орындағың келеді? 
Зерттеуші барлық жауапты жазып алып, оларды талдап оқушының 
төмен үлгерімінің себептері туралы алдын ала қорытынды жасау керек. 
Сұхбат, сұрақтар қатаң бағытталған жағдайда, зерттеуші тек қана сұрақ 
қойып, респондент тек қана қойылған сұрақтарға жауап беретін болса, бұл 
сұрастырудың басқа түрі болады - интервью. Интервью деп зерттеуші 
зерттелушіден қажетті ақпаратты бағытталған тура сұхбат арқылы алған 
әдісті айтады. 
Егер сұхбат уақытпен шектелмей бастапқыда алынған бағытқа сәйкес 
келмесе, интервью кезінде зерттеуші өзі жоспарын, екпінін қолға алып, 
қарастырылатын сұрақтарды қатаң ұстанады. Сонымен қатарзерттеуші 
респонденттің жауабын тек қана жазып алады, өзін бейтарап ұстанады. Жиі 
кездесетін жағдай интервью сұрақтарын анкета типімен құрастырады, ал 
типті жауаптарды белгіленген сұрақтар санына ауап алу үшін құрастырады. 
Мұғалімнің өзіндік пәнді оқыту тәжірибесінің ерекшеліктерін зерделеу 


үшін «терең интервью» деп аталатын сұхбат сұрақтарын мысалға келтірейік: 
«Неліктен Сіз әрдайым пән үйретуде өз әдісіңіздіқұрастыруға тырысасыз, 
оның орнына дәстүрлі немесе бар жаңашылдық әдістерді қолданбайсыз? Сіз 
оларды барлық мұғалімдерге келе бермейтін немесе қолдануға қиындық 
тудырады деп санайсыз ба? Немесе өзіңіздің әдісіңіз жақсырақ, тиімдірек деп 
санайсыз ба?» 
Сұхбат пен интервью зерттеушіден икемділік пен кішіпейілділік талап 
етеді, сұхбаттасушыны тыңдай білу, сонымен қатар оны берілген арна 
бойынша жетелеу, оның көңіл-күйін түсіну, олардың өзгергенін байқап, ішкі 
өзгерістерінің сыртқы пішінінде қандай белгі, қимыл, мимика, отырған 
отырысы, интонациясын жазып алу қажет. 
Педагогикалық зерттеуде сауалнаманы қолданғанда ол психология 
педагогтық әсерлердің және оның нәтижелерініңнақты тәуелділігін 
анықтауға бағытталған. 
Сауалнама жүргізу- ол ең көп тараған ақпарат жинайтын әдісі,ол қысқа 
мерзімде адамдардың қылықтарын, әртүрлі жастағы, мамандықтар
әлеуметтік топтардың өкілдерінің пікірлерін және іс-әрекеттерінің 
үдерістерін, нәтижелерін тағы да көп нәрселерін көрсетуге мүмкіндік береді
Сауалнама – ол сұрақтардың механикалық реті емес, сұрақтар қалай 
болса солай, не зерттеушіге қалай ұнаса солай қойылған, бұнда ұрақтар 
біртұтас ретте. Сауалнама өзіндік қасиеттері бар, олар тек қана сұрақтар 
жиынтығы емес. 
Сауалнаманың сұрақтары дегеніміз барлық сөйлеу хабарлар сұрақ 
хабарлы не болымсыз сөйлем түрінде респондентті жазбаша түрде жауап 
беруге түрткі болады. 
Қойылған мақсаттарға және болжамды ақпарат мазмұны, сауалнама 
сұрақтары барлығы бір-бірінен ерекше болуы мүмкін. 
Ашық сұрақтар - ешқандай жауаптарды ұсынбайды. Бұндай жағдайда 
респондентке жауап беруде еркіндік беріледі, сонымен қатар зерттеушілерге 
кей кезде сұрақтың қай аспектісі талқылануы керек екенін білдіру қиындық 
туғызады, ал жауап берушіге сұрақ шектерін анықтауға және қандай жауап 
беру керек екені және жауапты өз бетінен дұрыс құрастыру қиындыққа 
түседі. «Сіз жұмысыңызда қандай әжебиетті жиі қооданасыз?» деген сұраққа 
респондент жауап бергенде, әдістемелік, психология педагогтік, арнайы 
әдебиет, көркем әдебиет кейбір уақытта барлығын қатарынан атайды. 
Жабық сұрақтар дегеніміз - респондентке бірнеше дайын жауаптан 
таңдау ұсынылатын сұрақ аталады, ол басынан бастап респонденттің жауап 
беру, өз пікірін білдіру еркіндігін шектейді, оны берілген жауаптар қатаң 
шегінде ұстайды. Егерде ашық сұрақ респондентті белсенділікке тартса, 
жабық сұрақ оған дайын жауап беріп, тек қана оның келісіп-келіспейтінін 
білдіруді талап етеді. 
Жартылай жабық сұрақ дегеніміз - дайын жауаптарға қосымша, кейбір 
жағдайларда респондентқалауы бойынша өз тұрғысынан жауап беруге 
мүмкіншілік береді. 
Мысалы, «Сіздің мұғалім мамандығын таңдауыңызға не әсер етті?» 


-ата-ана кеңесі; 
-мұғалімдер үлгісі немес сүйікті мұғалім үлгісі; 
-педсыныпта оқу немесе сүйікті мұғалім үлгісі; 
-балаларға деген махаббат; 
-менің таңдауым кездейсоқ; 
-басқа (көрсету); 
-жауап беру қиындық туғызады. 
Педагогикалық зерттеулерде әрдайым небір білімдерді анықтау, 
респонденттердің хабардар болғанын анықтау қажет. Білім туралы сұрақ 
қойылғанда, ол зерттеушілердің әртүрлі сұрақтарда, мәселелерде, фактілерде, 
қатынастарда, жағдайларда хабардар болғандығының деңгейін айқындау, 
Хабардар (ақпаратты) болу дегеніміз респондент білетін шындық фактілері, 
жағдаяттар, пікірлер бойынша ақпараттың мөлшерлік деңгейі. 
Хабарлықты зерделеу өте қиын міндет, неге десеңіз, түрлі мәліметтерді 
қабылдау және игеру әртүрлі деңгейде ерекше тереңдікпен орындалады. Ол 
тек қана ақпарттау үдерісінің ұйымдастыру ерекшеліктерінен емес, сонымен 
қатар респонденттердің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бір 
айта кететін жай, бұл жерде олардың білімдерінің мінезі сайлаулы 
болатынын есте сақтау. 
Алынған ақпараттың сенімділігі (деректілігі) оның бірмәнділігінде, 
келесі тексеруден өткенде және әртүрлі зерттеушілердің зерделеулерінің 
нәтижелері бір-біріне байланыссыз өткізілсе де бірдей болуға тиіс. 
Ақпараттың дәлдігі (валидтілігі) зерттеушінің қолданған әдісінің 
қасиеттерімен анықталадығ, бұл әдістің объектінің дәл сол өасиеттерін 
зерделеп,өлшеу қабілетіне байланысты. Мысалы, дәлелді деп қолданылған 
оқытуәдістердің құндылығы мен тиімділіктері тек қана мұғалімдердің жаңа 
педагогикалық технологиялары туралы білетіндіктерін сауалнама негізінде 
істелген қорытындыға сүйеніп айтуға болмайды. 
Ақпараттың нақтылығы-зерттеушінің қолданған әдістерінің оны 
қызықтыратын қасиеттерін өлшеуге сезімділігі. Мысалы, зерттеуші 
зерттелушілерді екі үлкен топқа зерделенетін сұрақ бойынша білім 
деңгейлері жоғарыларды бір топқа, белгіленген мәселе тұралы білімдері 
төмендеу топқа бөлуі мүмкін.егерде ол өз зерттеуінде олардың білімдерін 
анықтап тағы да өқосымша топтарға олардың басқа білімдерін санайиотырып 
бөлсе, оның нәтижесі бұдан да нақты болатыны күмәнсіз. 
Іріктеме - ол зерттеуге қатысушылардың бір бөлігі, бір немесе бірнеше 
зерттеушіні қызықтырған ерекшеліктері бойынша бүкіл жауап берушілерің 
қасиеттерін зерделеу үшін бөлінген. Мысалы, зерттеуге қатысушылар 
қаланың барлық мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері болса, 
іріктелген топқа биыл ЖОО бітіргендер немес ақырғы бірнеше жылда оқу 
бітіргендер, яғни әдейілеп зерттеуге қатысу үшін таңдалған мұғалімдер. 
Сонымен, бүкіл зерттеуге қатысушылар ола зерттелетін аймақ, іріктеме 
дегеніміз нақты зерттеу өткізілетін топтың бөлігі. Әрине , сұрыптауға түскен 
бөлік зерттеуге қатысушылардың бетке ұстар бөлігі болу керек, яғни, 
репрезентативті болуы қажет. 


Іріктеменің репрезентаттығы (өкілділігі) ол социумда жақсылап 
көрсетулері керек, зерттеуші оларға сандық және сапалық қорытындыларды 
таратуға үмітті. Іріктеменің репрезентаттығы көлеміне байланысты, бұл 
топтағылардың саны неғұрлғм бүкіл зерттеуге қатысушыларға жақын болса, 
соғұрлым зерттеу ақиқаттыққа тарта алады. Көбінесе зерттеушіге қиындық 
тудыратын сұрастырудан алған нәтижелерді сапалы өңдеу. 
Өте жиі педагогикалық зерттеулерде торта немесе ұжымда тұлғааралық 
қатынасты зерттецтін мақсаты бар кезде социометрялық әдіс қоланылады, ол 
нәтижелерін сипаттау мен санаудан басқа кете, диаграмма немесе сызба 
түрінде көрсете алады. 
Талдау негізінде және материалды жалпылаған кезде психологиялық-
педагогикалық 
қорытынды 
шығаруға 
мүмкіншілік 
туады: 
топты 
ұйымшылдығы туралы, психолгиялық климаты туралы, кіші топтардың 
қарым-қатынастары және топтастырулардың қарым-қатынастары туралы. 
Қажеттілік туындаған кезде түрлі құжаттарды, мағлұматтарды 
педагогикалық зерттеулерде сапалы санды тексеру үшін контент талдау 
деген әлеуметтік әдіс қолданылады. Оны нысаны ғылыми және 
публистикалық әдебиеттің мазмұны, жұрт алдында сөйлеу, интервью, 
сауалнамалардың ашық сұрақтарына берілген жауаптар болып табылады. 
Басқа 
таңдаулардан 
контент 
талдаудың 
айырмашылығы- 
оның 
қатаңдығында, жүйелілігінде, сандық көретіштерді қолдануда. Тәжірибе 
көрсеткендей, контент-талдауды қолдану нақтылықтың биік деңгейі талап 
етілгенде немесе талдаудың әділдігі қажет болған кезде, берілген 
материалдың көлемі үлкен, бірақ материал жүйеленбеген жағдайда, 
сондықтан зерттеуші оны қолданғанда қиыншылықтар туындамайды; зерттеу 
мақсатында маңызды категориялар белгілі жиілікпен зерттелетін құжаттарды 
қайталағанда; зерделенеген мәселе үшін зерттелетін ақпарат қайнарының тілі 
маңызды болғанда, оның ерекше қасиеттері болғанда құнды болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет