Мектептегі кәсіби бағдар беру әдістемесі
1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.
2. Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.
3. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір-талас, т.б.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация (бейімдеу).
Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б. ұйымдастырады.
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады.
Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда
Екінші кезең - V-VІІ
Үшінші кезен – VІІІ
Төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Бірінші кезең міндеті - мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Бұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат - оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.
Екінші кезең - жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс - белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат - белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кенес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болган жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр.
Үшінші кезенде – кәсіп пен мамандықты жан-жакты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама тандай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардын көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн.
Төртінші кезеңде - X-ХІ оқушылары өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың негізгі формасының бірі – кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. Кәсіптік хабардың басты міндеті - оқьш жүрген жастар мен жұмысқа орналасушы адамдарға халық шаруашылығының құрамы мен өсуін, өндірістегі жаңа техника мен технологияның, еңбек ресурстарына деген қажеттілікті, кәсіби мектептерде оқу мүмкіншілігі, әрбір кәсіп пен мамандыктың бүгіні мен ертеңін оның сан алуан сырларын жұмысқа орналастырудың мүмкіндіктері жайлы мағлұматтармен таныстыру.
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, экскурсия, әңгіме және кәсіптік бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорыңдарының жағдайын көрсететін документ, стенд, альбом, фотосуреттер жұмыс үдерісі мен өнім шығару жағдайын, еңбек озаттарының үлгілі табысын баяндайтын жарнамалар. Өнеркәсіпің даму тарихы және дәстүрімен таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күйін және еңбек озаттарымен кездесулерді ұйымдастырады. Оқушыларды өнеркәсіп орындарында нақтылы жұмыс істеуге араластыру және т.б., көптеген жұмыстарды жүзеге асырады. Олардың негізгілері шеберханалар мен оқу-тәжірибе учаскілерінде жұмыс істеу, факультативтік оку, пәндік үйірмелер, кәсіптік бағдар бригадасы, болып табылады.
Кәсіби насихат жұмысын, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, кино, баспа орындары арқылы да жүзеге асады.
Кәсіби кеңес - мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты - жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездеулер ұйымдастырады. Кәсіби кеңес жұмысын жүргізудін негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын, қабілетін, мүддесі мен мақсатын анықтау. Кеңеске келген адамдарға сол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін және білім беретін, оқуға дейінгі қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан-жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтар, медиктер, психологтар, социологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.
Кәсіптік бағдар беру — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушылығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпау, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |