Дәріс №1 Тақырыбы


Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары



бет2/8
Дата10.05.2023
өлшемі35.97 Kb.
#473469
1   2   3   4   5   6   7   8
№2 Дәріс ЛЗӘ

Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары
Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары – бұл лингвистикалық теориялардың жетістіктерін ескере отырып тілді объективті әлемнің құбылысы ретінде танып білудің амалдары мен тәсілдері. Оның негізгілері мыналар:
1) Синхрониялық-диахрониялық ұстанымдар. Олар тілді қазіргі даму кезеңінде немесе тілдің тарихи дамуындағы өзгерістерді зерттеумен байланысты;
2) Интралингвистикалық-интерлингвистикалық ұстанымдар (гр.intra –ішкі, inter – аралық) жеке алынған бір тілді іштей, басқа тілдермен салыстырмай зерттеумен байланысты, немесе жалпы адам тілі заңдылықтарын зерттеумен байланысты;
3) Микролингвистикалық-макролингвистикалық ұстанымдар. Микролингвистиканың зерттеу негізіне сөйлем, одан шығатын оның бірліктері, оның тіркесім ережелері жатады. Ал макролингвистика – сөзжасамның барлық факторларының өзара әсерін тілдік қарым-қатынаспен байланыста қарастырады;
4) Семасиологиялық – ономасиологиялық (гр. semasia – таңбалау, onoma – ат) ұстанымдар. Семасиология – формадан ұғымға апарады. Мысалы: қоян, келесі мағынаға ие: ұзын құлағы бар жануар; қорқақ (қоян сияқты). Ал ономасиологиялық тәсілде суреттеу ұғымнан формаға бағытталады. Мысалы: ұзын құлақты, кеміргіштер класына жататын үлпілдек жүні бар кішкене аң;
5) Логикалық-эксперименталды әдіс. Логикалық әдісте сөз құбылыстарын бақылау, оларға логика заңдылықтары бойынша (анализ – синтез – салыстыру) талдау жасау. Ал екінші жағдайда тілді, онымен байланысты құбылыстарды әртүрлі арнаулы таным құралдарын (тесттер, анкеталар) қолдана отырып зерттеу. Зерттеу барысында таңдап алынған ұстаным зерттеу әдісіне негіз болады.
Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері
Әдіс– қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар зерттеушінің тілдік құбылыстарды зерттеудегі әрекеттерін үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен тұрады. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу объектісі мен зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар.Тілді зерттеуде жоғарыда айтылған тілдің барлық қасиеттерінің (субстанционалды, функционалды, прагматикалық) ерекшеліктерін есепке алған жөн.
Әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы бар. Мысалы, тіл білімінде салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттамалы әдіс, салғастырмалы әдіс, статистикалық әдіс, құрылымдық әдіс т.с.с. әдістер бар.
Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет