БІЛІМ БЕРУ МАҚСАТЫНА ЖЕТУДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
ПСИХОЛОГО – ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПОДДЕРЖКА ОБУЧАЮЩИХСЯ ДЛЯ ДОСТИЖЕНИЯ ЦЕЛИ ОБУЧЕНИЯ
PSYCҺOLOGICAL AND PEDAGOGICAL SUPPORT FOR STUDENTS TO ACTIEVE LEAMING GOALS
Бибижан Аншыбайкызы Текебаева
Мүткенов атындағы жалпы орта білім беру мектебі,
Ақтоғай ауданы , Павлодар облысы
omarova.bibizһan@ mail.ru
Аннотация. Ауыл мектебі жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамытудың әдісі. Ол үшін бұрынғы қазақи салт санамен байланыстыра білу мен қатар жақсы нәтижеге қол жеткізетін заманауи стратегиялармен технологиялардың артықшылығы туралы. Осылайша қоғамдағы ерекше жандарға дұрыс бейімделуіне және ортамен байланыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Аннотация. Методы обучения и развития детей с ограниченными возможностями здоровья в сельской школе. Для этого преимущественна связь казахских национальных традиции с современными стратегями и технолгоями обучения, которая позволяет достичь хороших результатов. Таким образом это создает возможность для осовых детей правильно адавтироваться в овществе и общаться с окружающей средой.
Annotation. Medhods of teaching and developing children with disabllties in a rural school. For this purpose, the connection of Kazakh national traditions with modem strategies and technologies of teaching prevails/ which allows achieving good results. Thus, it enabies individual children to properly adapt to spciety and communicate with the environment.
Менің жұмыс істейтін мектебім қазақ – орыс балалары қатар оқитын аралас мектеп. Мектебімізде денсаулығына байланысты оқытуда қиындық туғызатын оқушылар бар.Оларды жеке оқытатын арнаулы мұғалімдер жоқ болғандықтан осы мәселе төңірегінде өз ойымды бөлісіп отырмын. Қазақтың сауатын ашуға ат салысқан ұлт көсемі, өз дәуірінен озып туған Мағжан Жұмабаев : - Өз оқулығында әлемдік педагогиканы арқау етеді.Атап айтсақ, бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың алатын орны ерекше екенін бірнеше мысал келтіре отырып дәлелдейді. Қазіргі кезде де қоршаған ортамен, өмірмен, әртүрлі оқиғалармен байланыстыра оқыту – басты орында. Дегенмен, бүгінде мұғалімдер бұл заңдылықты дұрыс орындай бермейтініміз анық. Мұғалімдер баланың даму өрісін шектейтіндей сезіледі. Сабақ үстінде қозғалтпай отырғызатын диктаторлық өріс алған. Қазір бірінші кінәні балаға артып,оқушының өзіне еркіндік беріп, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландырып, не нәрсеге де көзін жеткізу жұмысы жетіспейтін кездер болады. Және де Мағжан : - қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегілердің, ойынның, қиялдың маңызын жеке-жеке ашып жазады. Сондай – ақ, оқыта алмайтын мұғалім болады, оқымайтын бала болмайды – деген сөзі әлі құндылығын жойған жоқ. [1]
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ойдағыдай оқыту және дамыту ісі толыққанды шешімін таба алмаған мәселелердің бірі, әр мектепте бірдей жеке сыныптар ашылмаған.
Бұл мәселені шешу жолында білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы өмірде толық жүзеге аспай отыр. Мүмкін, мемлекеттің, жергілікті мекемелердің мүмкіндігі жетіспейтін шығар. Десе де, инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Ол үшін арнаулы мұғалімдердің сыртында мектеп мұғалімдерін оқыту, қайта даярлау ісі қолға алынса. Бір кездегі Кембридж курсы арқылы педагогикалық шеберлік орталығынан даярланған мұғалімдердің орны ерекше. Олар оқушылардың қызығушылығын оята білетін әдіс – тәсілдерді толық меңгерген. Қандай бір адамның мүмкіндігі өте көп. Инклюзивті оқытуға тура келетін балалардың ойлау жүйесі, іс құрастыру қабілеті кейбір оқушылардан артық . Сөйлей алмайтын, естімейтін, басқада өсу процесінде кемшілігі бар балалар модульдік оқытуды, видео сабақты, әр түрлі стратегияларды ұнатады. Бұл – олардың өмірге құштарлығының белгісі. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Мектеп өмірінде оқушылармен өз ара байланыс жасауда тек өздерін түсінетін, өздерін тыңдай білетін, көмектесетін оқушылармен таңдап байланыс жасайды. Мысалы, құлағы естімейтіндіктен сөйлей алмайтын бала әр түрлі стратегиямен жұмыс жасаудың арқасында тарихтан өткен тақырыптағы орындарды ешкімнің айтуынсыз көрсете білуі ойлау деңгейде екенін, ойларының озық екендігін дәлелдейді
Мысалы, мына төмендегі екі суретте құлағының мүкісі бар оқушы өз еркімен топта және тақтаға шығып өткен сабаққа байланысты көрсету арқылы баяндауда. Кей жағдайда жұптық, топтық жұмыстарда жақсы оқитын баланың көмегі арқылы түсінгенін басқаға жеткізуге асығатын кездері де байқалады. Яғни, өмірге деген құлшынысы жоғары деңгейде.
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары әр жерде әр қалай жүзеге асырылып отырғаны белгілі. Оған жергілікті жер басшыларын кіналауға болмайды. [2 ] Басты себеп нақты маманның жетіспеушілігі,яғни, жоқтың қасы.
Келесі бір мәселе мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы оқу бағдарламаларының болмауы. Қазір бастауыш сынып оқушыларына арналған бағдарламалар бойынша мұғалімдер жоспар жасайды. Менің айтайын дегенім, баланы әрбір сабақтан бөлмей әр пәнге барлық сыныптар бойынша арнайы бекітілген бағдарлама жасалса, сол бойынша ата – ана мұғаліммен бірге жұмыс жасалса тамаша болар еді. Ол бағдарламаның негізі әр пән бойынша білімнің негізін түсіндіретін, әр түрлі стратегиялар мен технологияларды қамтыған (барлық оқушымен бірге физикалық жаттығулар аралас жасалса) болса өмірге өте жақын болар еді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны баршаға аян. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалып жатырғаны қуанарлық жағдай. «Біткен іске сыншы көп» демекші, жұмыстың жүйелі болуы үшін ойымды білдірудемін.
Бағалау – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ең өзекті мәселе. Бағалау оқу сапасын, оқушылардың жеткен жетістіктерін айқындаудың кепілі. Жалпы бағалау әр кез болуы керек. Бағалау арқылы шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, алға мақсат қоя білуге ұмтыламыз. Жалпы, бүгінгі мұғалім адамның басты мақсаты оқушыны оқыту емес оқуға, үйрету емес үйренуге үйрету екендігін естен шығармауы керек. Өмірде осы жағдай қалыптасқан жағдайда ғана оқушы қалай оқып, үйренгенін сезінеді. Өзіне – өзі қорытынды жасай алатын болады. Мүмкіндігінше деректерді қолдана біледі. Біз айтып отырған мүмкіндігі шектеулі балаларда еліктейді, өзіне қорытынды жасай алатынын естен шығармауымыз керек.
Яғни, осы арада Неміс педогог-дефектологі П.Шуманның Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек – деген қағидасы орындалуды қажет етеді.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты екенін жалпы көпшілікке түсіндіру ең басты мәселе. [3 ]
Өмірде менің балам жақсы оқитын оқушылармен оқыса дейтін ата – аналар да кездесіп қалады. Барлық адам сезуге және ойлауға қабілетті. Əрбір адам басқалармен қарым-қатынас жасауға құқылы. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Əрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыруы өмір қажеттілігі. Біз – ұстаздар қауымы барлық баланың дені сау, сауатты, қоршаған ортаны аялайтын, қайырымды , еңбекке құштар болып өсуіне ықпал жасайтын болуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |