2. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
3. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың даму және қалыптасу кезеңдері.
1. Мектепке дейінгі педагогика, оны оқытудың пәні, міндеттері.
Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, жетілдіру, оқыту және оның заңдылықтары туралы ғылым.
Мектепке дейінгі педагогика пәні алты жасқа дейінгі балаларды отбасы мен балабақшада өмір талабына сай жетілдіру процестерін зерттеп, оларды оқытту мен тәрбиелеудің ең тиімді әдіс – тәсілдерін, сондай – ақ балабақшадағы тәрбие жұмыстарын жан жақты ұйымдастырудың теориялық, практикалық жақтарын, ойын, оқу, еңбек әрекеттерін, күн тәртібін, бөбекжай мен балабақша тәрбиешілерінің ата – аналармен өткізетін жұмыстарының түрлерінде қарастырады.
Мектепке дейінгі педагогика алдыңғы қатарлы балабақша тәрбиешілерінің, отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелнрін жинақтап, қорытады. Ғылыми қортындыларды халыққа педагогикалық үгіт – насихат арқылы таратады, тәрбиешілер мен ата – аналарды педагогикалық біліммен қаруландырады.
Мектепке дейінгі жаста педагогикалық зерттеулердің әдістерін қолдану ерекшеліктері.
Әдіснама (методология) – болмысты (ақиқатты, шындықты) өзгерту немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ілім.
Мектепке дейінгі педагогиканың әдінамасы- педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеу процесінде тарихи диалектиканың көрінуі мен қолданылуы туралы ғылым.
Ол оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі мен құрылысын зерттеуге ғылыми тұрғыдан келудің әдістері мен тәсілдерін қарастырады, іздестіреді, табады.
Мектепке дейінгі педагогиканың әдінамасы- педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеу процесінде тарихи диалектиканың көрінуі мен қолданылуы туралы ғылым.
Ол оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық жүйесі мен құрылысын зерттеуге ғылыми тұрғыдан келудің әдістері мен тәсілдерін қарастырады, іздестіреді, табады.
Мектепке дейінгі педагогиканың зерттейтін мәселелері мыналар:
1) туғаннан алты – жеті жасқа дейінгі балаларды жан – жақты жетілдіру мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, ғылыми негіздерін қарастыру;
2) туғаннан алты – жеті жасқа дейінгі балаларға арналған дене, ақыл – ой, адамгершілік, еңбек, интерноцианалдық, эстетикалық тәрбиенің мазмұны, құралдарын, тиімді әдіс – тәсілдерін зерттеу;
3) мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың ғылыми – теориялық негізін, мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың жолдары мен әдіс – тәсілдерін қарастыру;
4) қазақ халқының озық салт – дәстүрлері, әдет – ғұрпы үлгісінде жеті жасқа дейінгі балалардың мінез – құлқын қалыптастыру мәселесін зерттеу;
5) қазақтың халық педагогикасы арқылы жеті жасқа дейінгі балалардың эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамытудың жолдарын зерттеу;
6) қазақ халқының ұлттық ойындары, музыкалық ойындары, ән – күйі арқылы балаларды ойшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
7) бала ойыны мен еңбегінің мазмұнын, түрлерін және оларға басшылық ету жолдарын қарастыру;
8) тәрбиелік әсері күшті ұлттық ойыншықтарды, дидактикалық ойындар мен материалдары, көрнекі және техникалық құралдарды жасаудың ғылыми негіздерін қарастыру;
9) отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшелігін ескеріп,балабақша мен отбасының тәрбиесі жұмысындағы бірлігін арттыру;
10) қоғамдық тәрбие орындарына кәсіптік жағынан жетілген мамандар даяарлау;
11) бабабақшада (қала және ауыл балабақшасы) оқыту және тәрбиелеу бағдарламасынжасаудың ғылыми негіздерін салу
12) балабақша мен мектепте оқыту және тәрбиелеу ісінің бірізділігін қарастыру;
13) түрлі ұлт халықтарының әдет – ғұрпы, әдебиеті, мәдениеті, өнер туындылыры арқылы баланың адамгершілік эстетикалық сезімін, үлкендерге қарым – қатынасын дамыту мәселелерін қарастыру.