Дәріс 13. Кәсіпкерлік стратегиялық өсу
Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Біз Қазакстанды жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жаткан мемлекеттердің біріне айналлыру туралы алдымызға өршіл мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру аркылы ғана кол жеткізуге болады, — деп атап керсетті Президент.
Мемлекет басшысы реформалар жүргізілген жылдар ішінде оған барлық қажетті жағдайлардын жасалғанын атап керсетті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында, тауардың мейілінше тапшы, гиперинфляция мен халыктың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарының өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол киын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарык қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері әсер етерлік сипатта болды. Ең қауіптісі — қоғамдық пікір де оған қарсы тұрды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді камтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық каты-настарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі кадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылды. Соның нәтижесінде бүгінде онеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Еллің ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайьз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халыктың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір ляцензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымландырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол “Қазақстан-2030” Стратегиясы, “2010-стратегиялық жоспарда” және Қазақстанның 2015 жылға жейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары — Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация. Инжнниринг және технологиялар трансферті орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 миллиард теңгеден асатын 90-ға тарта жоба каржыландырылуда.
Бүгiнгi таңда Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. Сондықтан елдiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және реттеу шараларының тиiмдi iске асырылу қажеттiгi туындап отыр. Кәсiпкерлiктi қолдаудың және реттеудiң келесiдей түрлерiн атап өтуге болады:
Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және реттеу;
Инновациялық қолдау және ынталандыру;
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту;
Құқықтық қолдау және заңдар қабылдау;
Қаржылық қолдау мен несиелер арқылы ынталандыру;
Салықтық жеңiлдiктер арқылы кәсiпкерлiктiң маңызды салаларын дамыту iс-шаралары жатады.
Осы жоғарыда айтылған кәсiпкерлiк қызметтi қолдау мен ерттеу шараларының iшiндегi қалған бағыттарға да әсер ететiн негiзгi реттеу мен қолдауды, кәсiпкерлiктiң дамуының стратегиясы мен даму жоспарын дайындайтын және ұсынатын мемлекеттiк iс-шаралар жиынтығы болып табылады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қаржылық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi қаражат есебiнен жыл сайын аталған мақсаттарға көзделетiн бөлiнген қаржы шегiнде, сондай-ақ ҚР-сы мемлекеттiк бюджетiнен, мемлекеттiк заемдардың, мемлекеттiк ақшалай гранттар есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен реттеудiң негiзгi бағыттарына:
Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн белгiлеу;
Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын және жұмыс істеуінің ойдағыдай құрылуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығын береді. Ұйымдастырушылық құрылымына кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында нормативті-құқықты реттеуді құратын мемлекеттік саясатты іске асырушы кәсіпкерлікті дамыту департаменті кіреді.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құрылымының келесі сатысы Астана және Алматы, қалалары және облыс әкімдері мен аппараттары. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатты іске асыру үшін әкімшілік жанында Кәсіпкерлік және өндіріс Департаменті (Басшылық) құрылған. Оның құрамына Кәсіпкерлік бөлімдері кіреді (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы Қаулысымен барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарының үлгілі құрылымдары енгізілді.).
Кәсіпкерлік және өндірістің облыстық Департаменті (сонымен қатар қалалық Алматы және Астана қ.) өз өкілеттігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыруға құқылы.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың соңғы бауы болып аймақтық атқарушы органдары табылады. Республика аудандары мен облыстардың әкімшілік аппараттарымен ұсынылған, олардың құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі немесе Экономика және қаржы бөлімі кіреді. Аймақтық атқарушы органдарына мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша шешімдерді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоспарларды іске асыру міндеттелген.
Қазіргі таңда мемлекет, орта және шағын кәсіпкерлік инновациялық экономикада өз орнын шұғыл түрде табу үшін рыноктағы шынайылықты, жеделдікті, иілмелілігін қолдану қажеттігі туындап отырғанын түсінуде. Кәсіпкерлік ортаның ынтасын дамыту үшін және Президенттің жүктеген міндеттерін іске асыру үшін Үкімет жергілікті органдардың әкім аппараттары жанында Кәсіпкерлік бойынша Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдар кестесі жасалынды, оның қызметіне мыналар кіреді:
шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
атқарушы билік жергілікті және аймақтық органдары үшін ұсыныстар мен кеңестерді жетілдіру.
Кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдары үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі міндеті:
кәсіпкерліктің дамуына және қолдауына бағытталған ұсыныстарды жетілдіру;
рынокты экономиканың дамуын ынталандырушы, мүмкіндіктерді жасау;
Қазақстан Республикасында жұмыс жасаушы кәсіпкерлік одақтар мен қауымдастықтарды, іскер ортаны байланыстыру;
Кәсіпкерлік саласындағы маңызды мемлекеттік шешімдерді шешу үшін кеңестерді дайындау.
Президент жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі, кәсіпкерлер істері бойынша комиссиялардан және қауымдастықтар мен кәсіпкерлерден Президентке, парламентке, үкіметке түскен ақпараттарды және нақты ұсыныстарды жетілдіру үшін құрылған. Сонымен қатар олардың міндетіне, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді жою жатады.
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және құру мақсатынан басқа мемлекет кәсіпкерлікке, затты – техникалық, ақпаратты – сараптамалық,, қаржылық жағынан қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруда. Қолдаудың барлық түрлері жергілікті және аймақтық атқарушы деңгейде қабылданатын түрлі бағдарламалар көмегімен атқарушы органдар арқылы жүзеге асады.Жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқарушы ұйымдарға төмендегі мемлекеттік компаниялар жатады.
«Технология трансферті және инжиниринг орталығы» АҚ-ның негізгі мақсаты жаңа технологияларды тасымалдау мақсатымен Қазақстандағы экономиканың нақты салалық секторындағы бәсекелестікті көтеру. Сонымен қатар, республикадағы инновациялық қызметті жандандыру; «Маркетингті-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты құру саласында ақпаратты-сараптамалық, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау көрсетеді; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ — шағын және орта бизнеске несие беру бойынша қаржы қолдауын жүзеге асырады; «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ — жоспарларды қаржыландыру және кәсіпкерлік ынтаға инвестиция тарту арқылы қаржылай көмек береді;
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – алдыңғы қатардағы, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып құралдар мен өнімді зерделей өндіруші кәсіпорынның жарғылық капиталына инвестициялау жолымен қаржылық қолдау көрсету; «Қазақстанның даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау; Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақ – құралды-техникалық қаржыландыру енді құрылып жатқан кәсіпкерлікке қолдау жасау.
Бұл ұйымдар мемлекетпен не үшін, қандай мақсаттарға құрылғанын және жұмыс жасау барысында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін қарастырайық.
«Технологиялар трансферті және инжиниринг орталығы»АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 «2003-2005 жылға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру бойынша шұғыл шаралар туралы» қаулысын орындау үшін құрылған.
Орталық Қазақстан экономикасының құрылымын сараптау арқылы инновациялық жоспарларды іздестіруге қатысуға бел буды. Бүгінде олар ұлттық және аймақтық технопарк жүйелерін құруды жүзеге асыруда. «Виртулды технопарк» концепциясы құрылған.
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды құру жоспарында Қазақстан бойынша таратылған дамыту институттарының барлығын біріктіру ойын жетілдіруде, оның бір жартысы Алматыда болса екінші жартысы Астанада. Бюрократиялық шығындарды барынша кеміту және оған қол жеткізу мақсатында қоғамдық салалық бірлестіктер мен халықаралық дамыту ұйымдарының, дамыту институттарын бір мекемеде «Инновациялық дамыту ұлттық орталығында» орнату жобасы қаралуда.
Орталықтың екінші қызметі – бұл инжиниринг, ол инновациялық ойды іздестіру және жіктеу, зерделеуді қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инновациялық жоспарларды іске асыру бойынша қаржы көздерін іздестіру.
Республика мемлекеттік басыңқылығының дамуына сәйкес жоспарлар мынадай белгілерге сәйкес келуі қажет — жаңа технологияларды енгізу, технологиялық шектің жоғарғы дәрежесі, экспорттық тұспал, сапаның хылақаралық стандарттары және экологиялығы.
«Маркетингті – сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ — 2003 жылы мамырда ұлттық экономикада бәсекелестікті жоғарылату және диверсификация процессін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Орталық маркетинг және менеджмент саласында зерттеулер жүргізеді, консалтингті және ақпаратты-кеңестік қызметтерді көрсетеді, маркетинг және менеджмент саласында методологиялық және ақпаратты – анықтамалық құралдарды шығарады, бағдарламалық өнімдерді құру, экономика өрісі және саласы бойынша ақпараттарды және өнімді тарату.
Қазіргі таңда Орталық тек қана ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша жобалармен жұмыс жасауда. Орталықтың Web-сайты арқылы зертеулер барысында жинақталған экономиканың өрісі және саласы бойынша ақпараттарды тарату.
Достарыңызбен бөлісу: |