Дәріс1 Кеден төлемдерінің тарихы, дамуы



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#177219
  1   2   3   4
Дәріс1 Кеден төлемдерінің тарихы, дамуы.

Мазмұны:


1. Кеденің тарихы.

2. Кеден салықтарының тарихы.

3. Кеден бекеттері тарихы.
1. Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады. Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды.

Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады.

2. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды.

Мысалы Ежелгі Грекияда б.з.б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 1/10 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін – 1/100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 1/20 бөлігін құрады.Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытайжібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 – 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады.

Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.Баж жинаушылар Еуропа мемлекеттерінде жоғары мәртебеге ие болды. Мысалы француздарда 499 жылы олар король бишікештеріне теңестіріліп, епископтармен және графтармен бірдей дәрежеде болды, ал ұлы Карл тұсында графқа бағындырылды, ол сонымен бірге корольдің аға кеден бишікеші деп саналды. Кейін 1249 жылы Фрайбург қаласында кеден бишікештерін қызметке тағайындау және ол өз міндеттерін адал атқармаса, қызметтен босату құқығы азаматтардың өздеріне берілді.
3. 19 ғасырда Ресейде 64 кеден бекеті, Эльбада – 35, Дунайда, Төменгі Австрияда – 77 кеден бекеті болды. Тіпті өзеннен көшіп өтуге болатын жерлерде де сол жердің иелері көпір салып, олардан көлікпен және жаяу өткені үшін ақы алды.

Сонымен қатар орта ғасырлардағы қалалардың өкімет орындары шет жұрттық тауарлардың басы артық ағылып келуінен кеден шаралары арқылы қорғануға тырысты.

Парижде 12 ғасырда қалаға әкелінген барлық шетелдік тауарларға ғана емес, сонымен бірге Францияның басқа қалаларынан жеткізілген көптеген тауарларға да баж салынды. Ал мемлекеттер мен князьдіктер арасындағы экон. байланыстардың ұлғаюына байланысты 12 – 13 ғасырларда Кеден саясатында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы шекараларында ортақ жүйе жасауға ұмтылушылық күшейді.

Бірігу мен орталықтандыру үрдісі осыған жол ашуға тиіс болды. Алайда, 1707 жылы Англия мен Шотландия арасындағы кеден мүлдем жойылды, 1823 жылы бекеттер де жойылды. Ал Францияда кеден бірлігі тек 1790 жылы ғана басталды. Австрия өзінің кеден саясатын тек 1775 – 1851 жылы ғана тұжырымдады, ал Германияда кеденнің бірігуі 1888 жылға дейін созылды.

19 ғ-да Англия сауда еркіндігін бірінші болып жариялады, жергілікті буржуазия тауар әкетуге қандай да болсын сыйлық пен бажды жоюды, тауарлардың шекарада екі жаққа да еркін алып өтілуін жақтап бой көтерді. Сонан соң Франция қолдампаздық кеден тарифтерін қабылдап, еркін сауда бағытын ұстады. Ал Германияда Пруссия бастаған 18 мемлекет кеден одағын құрып, ішкі кеден қалаларын жойды. Еуропаның басқа елдері де осылай етті. Сөйтіп, 19 ғ-дың 60 – 70-жылдары еркін сауда принципі салтанат құрды, мұның өзі Кеден тыйымдары мен шектеулерінің қамқорлығынан біржолата шыққан ірі монополиялардың үстемдік құруына әкелді.
Дәріс 2.

Қазақстан Республикасының кедендік қызметін басқару.


Мазмұны:


1. Кедендік қызметті басқару.

2. Кедендік басқармалар.

3.Кедендік бөлімдер.
1. Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.

Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.

Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.

Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган- қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру жөніндегі» Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет, сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.

«Кедендік іс жөніндегі» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.

Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік: Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен міндеттерінің біртұтастығы.

Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді.

Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді.

Кеден дегеніміз – кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.

Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ болуы – жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.

Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы – Кеден крмитеті.

Кеден органдарының негізі қызметтері:

 біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау мен оны жүзеге асыруға қатысады;

 екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды;

 үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады, Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға қатысады және т.б.

Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.

Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке тікелей жетекшілік етеді.

КР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық мехнизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз етеді.

2. Кедендік басқармалар – орталық орган мен жергілікті кедендік мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады. Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы кедендік іске ғана жетекшілік етеді.

Қазақстан Республикасының кедендері – кедендік органдар жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.

Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады, нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-соңды кедендік бақылау (тексеру) кезеңдік шекарада орналасқан нүктелердн ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша жұмыстар кедендік шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылды.

Осының нәтижесінде «ішкі кедендер» құрылды және қазіргі таңда олар кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар өндірушілерді кедендік органдармен бірге байланыстарды, шекара маңындағы кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кезеңдерді «ішкі және сыртқы» деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың, соныменбірге пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына кіруі мен шығуына тексеру жасайды.

Кедендік бекет – кедендік органдар жүйесінің алғашқы буына, ол белгілі бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда кедендік құжаттарды толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.

Кедендік бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік құжаттарды толтырады.

Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып келеді.

Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.

Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4 мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы шекаралардың арақашықтығы -150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600 м-ге детеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық – 50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың километрге созылып жатыр.

3. Кедендік төлемдер бөлімі – кедендік төлемдерді (баж салығы, алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді; тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден өткізеді.

3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.

4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі – кедендік шекараны, кедендік орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді, акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді; оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі – «транзит» атты кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды.

6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі – кедендік қызмет мәліметтерін автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді; сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.

7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі – кеден қызметіндегі жемқорлық, парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне, қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады.

8. Кадрлар бөлімі – кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады; жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.

9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі – кеден органдарының қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.

10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.

11. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі – құжаттау және іс-қағаздарын толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.

12. Ақпараттарды қорғау қызметі – кедендік мекемедегі режимді қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

13. Заң қызметі – кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.

14. Пресс қызметі – халықаралық жіберулерді – ұсақ пакеттер, бандероль, сектограмма, баспа өнімдері бар «М» атты қашықтардың кедендік құжаттарын дайындайды.

15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі – кедендік қызмет мәселелері бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.

16. Акциздік кедендік бекет – тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды; акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Дәріс 3 Кедендік төлемдер және салықтар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет