Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСКЕНЕЗИЯСЫ



бет123/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСКЕНЕЗИЯСЫ
Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі – бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы. Тексеру кезінде өт қабынының екі түрлі қызметінің бұзылысы анықталады – оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Статистика бойынша өт жолдарының дискинезиясы әйелдерге қарағанда, ерлерде 10 рет жиі кездеседі.
Өт қабының жиырылу деңгейіне байланысты дискенезия түрі анықталады:
гипермоторлы – ағзаның жиырылуы жиі және тез. Бұл жағдай жас адамдарда жиі кездеседі.
гипомоторлы – жиырылу түрі баяу, ағзаның белсендігі төмен. Статистика бойынша бұл жағдай қырықтан асқан адамдарда, невроз немесе психозы бар науқастарда жиі кездеседі.
Даму механизміне байланысты патология екі түрлі болады:
біріншілік дискинезия – туа пайда болған өт жолдарының аномалиясымен байланысты
екіншілік дискенезия – асқазан – ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология
Этиология:
Біріншілік түрінің себептері:

  • Өт қабынының тарылуы

  • Өт қабы мен түтіктерінің екі еселенуі

  • Өт қабы аумағында қақпақтың болуы

Екіншілік түрінің себептері:

  • гастрит

  • асқазан – жара ауруы

  • холецистит

  • панкреатит

  • дуоденит

  • вирусты этиологиялы гепатит

  • гипотериоз

  • неврозы

Салыстырмалы әсер ететін себептер:

Клиникасы:
Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, түріне байланысты әртүрлі болады:
Өт қабынының жиырылғыштығының жоғарылауы кезінде– жедел, ұстама тәрізді, жауырын және оң жақ иыққа иррадиациялы ауырсыну. Ауыр физикалық жүктемеден соң немесе майлы тағамнан соң пайда болады.Өт қабы жиырылғыштығының төмендеуі кезінде ауырсыну – тұйық, қақсамалы, үнемі, науқастар оң жақ қабырға астындағы жыртылғандай ауырсыну сезімін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет