Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Алдын алу: шылым шегуден бас тарту, созылмалы инфекция ошақтарын санациялау, ағзаны шынықтыру, "Д" есепте науқасты қадағалау. Асқынуы



бет6/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Алдын алу: шылым шегуден бас тарту, созылмалы инфекция ошақтарын санациялау, ағзаны шынықтыру, "Д" есепте науқасты қадағалау.
Асқынуы: созылмалы обструктивті бронхит, пневмония, өкпе эмфиземасы.

БРОНХИАЛДЫ ДЕМІКПЕ (астма).
Бронхиалды демікпе - ұсақ бронхтардың тарылу салдарының нәтижесінде, тұншығу ұстамасы белгілері, бронх кілегей қабаттарының гиперсекрециясы және ісінулері дамитын созылмалы қайталамалы аллергиялық ауру. Тұншығу ұстамалры, бронх демікпесіне тән жөтел, ысқырықты сырылдар көп жағдайда түнгі уақыттарда жиі байқалады.
Этиологиясы: Бронхалды демікпенің дамуына себепкер болатын қауіп- қатер факторлары бірнеше түрге бөлінеді.
- кене аллергендері, үйдегі шаң -тозаң, жүн, малдың иісі, тарақандар, бөлме ішіндегі зеңді саңырауқұлақтар.
- генетикалық факторлар(тұқымқуалаушылық)
- вирустық инфекциялар
-зиянды әдеттер ( шылым шегу)
- ауаның ластануы( түтіндер)
- химиялық -тұрмыстық ұнтақтар (комет, кір жуатын ұнтақтар)
Патогенезі: Көптеген жағдайларда бронхиалды демікпе патогенезінің негізіне, аутоаллергиялық немесе аутоиммундық механизмдер жатады. Аурудың дамуына гормоналдық баланстың бұзылуы, яғни глюкокортикоидты жеткіліксіздік, бронхтардағы b2-адренорецепторлардың белсенділігінің төмендеуі әсер етеді.
Клиникалық көрінісі: бронхиалды демікпенің негізгі симптомдарының бірі - ол тұншығу, дем жетпеу. Ұстама басталар алдында науқаста бірнеше белгілер байқала бастайды: Алғашында аллерген ағзаға түсіп әсер еткенде, мұрынның, мойынның қышуы, түшкіру, ұстама тәріздес жөтел, мазасыздық, бозару сияқты симптомдармен басталады. Содан кейін ентігу күшейіп, науқаста экспираторлы(дем алудың қиындауы) ентігу дамып, мазасызданады. Көп жағдайда бронхиалды демікпе ұстамалары түнгі уақыттарда басталады. Науқастарды сонымен қатар жүректің жиі соғуы(тахикардия) мазалайды.
Қарап тексергенде: науқас ортопноэ жағдайда(мәжбүрлі қалыпта) отырады.Тынысы алуы жиілейді және қысқарады. Науқастың беті бозарып, мұрын-ауыз үшбұрышы көгеріп, суық тер басып,өлімнен қорқу сезімі байқалады. Дем алу актәсәне қосымша бұлшық еттер қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет