Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Остеопороз: анықтау және емдеу



бет221/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Остеопороз: анықтау және емдеу
Дамуының ерте сатысында анықталған остеопорозды емдеу оңайға түседі. Сәулемен анықтау осы аурудың даму қаупіне көбірек ұшыраған емделушілерді анықтауға және әртүрлі емдеу әдістерін дер кезінде қолдануға жәрдемдеседі.
Остеопорозды клиникалық тұрғыдан анықтауға сүйек тінінің минералды тығыздығын өлшегенде ғана қол жеткізу мүмкін, нәтижесінде оның төмендегенін байқауға болады. Қанға талдама жасау остеопороздың бар екендігіне жеткілікті деректер бере алмайды, өйткені бүл ауруда кальций мен фосфаттардың деңгейі өзгермейді.
Қалыпты сүйек тіні қатты тығыз құрылым болып табылады, ол рентген суретінде анық көрінеді. Остеопорозда сүйек тіні ыдырайды, ондағы минералды заттардың мөлшері төмендейді, оның тығыздығы кемиді және кеуекті болады. Рентген суретінде остеопорозбен зақымданған аймақ қара дақ түрінде көрінеді. Алайда рентгеноскопия сүйек тінінің массасы шамамен 25%-ға төмендеген кезде ғана ауруды анықтайтындығын ескеру қажет. Емделушілер рентгенологиялық әдістер әрдайым дұрыс бола бермейтіндігін ұмытпағаны жөн.
Екі фотонды денситометрия (сондай-ақ қос энергетикалық рентгендік абсорбциометрия немесе DEXA деп аталатын) -бұл сүйек массасының минералды тығыздығын өлшеу негізінде анықтау әдісі. Жіңішке сәуле аса осал жерлеріндегі -бел бөлігіндегі немесе ортан жіліктің басындағы, яғни остеопорозға шалдыққан науқастарда жиі сынатын жердегі сүйек массасының кесіндісін сканирлейді. Сәулемен сканирлеу нәтижелері компьютерде өңделеді және экранда сандық кескіні пайда болады.
Остеопорозды алдын алу
Остеопорозбен ауырғанда оның дамуын тоқтату қиын, сондықтан осы аурудың алдын алу және сүйек сынбай тұрғанда, оның ерте сатысында анықтау айтарлықтай маңызды.
Ықтимал себептерін жою: Темекі тартудан бас тарту өте маңызды: бұл остеопороздың даму қаупін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы денсаулыққа жағымды әсерін тигізеді. Осы дәрілердың ішінен остеопороздың туындауына түрткі болатындарын қабылдамас үшін сізге басқа дәрілерді тағайындайтын дәрігерден ақыл-кеңес алыңыз.
Жаттығулар және дене белсенділігі: Спортпен айналысу және дене белсенділігі кез келген жастағы адамға қажет. Бала кездегі дене жаттығулары өсіп келе жатқан организм қаңқасында кальцийдің жиналуына жәрдемдеседі. Оның қоры адамның өмір бойғы денсаулығына оң әсерін тигізеді. Кемеліне келген жаста да дене жаттығулары қаңқада кальцийдің деңгейін сақтайды және жүрек-қантамыр жүйесіне пайдасын тигізеді.
Емдәм: Остеопороздың алдын алу мен емдеудің Ұлттық орталығы күн сайын кальцийді мынадай мөлшерде қабылдауға кеңес береді: жас адамдар мен гормонды алмастыратын емді қолданатын әйелдер: 1000 мг; жүкті әйелдер және бала емізетін аналар: 1500 мг; 65 жастан асқан еркектер: 1500 мг. менопаузадан кейінгі кезеңде, гормондық препараттарды қабылдамайтын әйелдер: 1500 мг Кальцийді қабылдаумен қатар кофеинді тұтынуды азайту және алкоголь қабылдауды шектеу маңызды.
Гормонды алмастыратын ем: Менопауза кезінде көптеген әйелдерге гормонды алмастыратын орнын басатын емді (ГАЕ) қолданады. Гормондық дәрілер таблетка түрінде немесе жапсырғыш (пластырь) түрінде үнемі немесе 21 күн бойы, етеккір оралымы кезеңінде жеті күндік үзіліс жасай отырып, қабылдануы мүмкін.
Қаңқа сүйегін остеопороздан қорғай отырып, гормондық препараттар бір мезгілде жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуда да жақсы көмектеседі. Гормондық емнің негізгі кемшілігі етеккірдің қайта басталуы болуы мүмкін. ГАЕ қабылдап жүрген әйелдерде тромбоэмболияның біршама даму қаупі бар және сүт безенің қатерлі ісігі ауруларының аздаған қаупі пайда болады. Гормондық емді менопауза алдындағы кезеңде әйелдердің, сүт безенің немесе жатыр қатерлі ісігі бар, инсультті немесе тромбоэмболияны бастан өткерген науқастардың немесе жүректің, бауырдың ауыр сырқаттары және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілердің қолдануына болмайды. Дәрігерлер қазіргі таңда ГАЕ-ні 5 жылдан 10 жылға дейінгі ұзақ уақыт бойы қабылдауға кеңес береді.
Басқа да дәрілер: Биофосфаттар (этидронаттар мен алендронаттар) — бұл қаңқа сүйектеріне тікелей әсер ететін және сүйек массасынан шайылатын кальций мөлшерін төмендететін дәрі-дәрмектер. Олар егде жастағы ер адамдарда және гормондық емге қарсы көрсетілімдері бар әйелдердегі остеопороздың алдын алу үшін пайдалы. Биофосфаттарды сынықтарда остеопорозды емдеу үшін пайдаланады. Әдеттегідей, оларды бірнеше ай бойы кальций үстемелерімен біріктіріп қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет