Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет89/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Дәрістер мазмұны

М ардахаев Лев Владимирович 1944 жыл Баку қаласында дүниеге келген. П.ғ.д., профессор. Ғылыми қауымдастыққа Л.В.Мардахаевтың еңбектері «Әлеуметтік педагогика тарихы мен теориясы» деген отандық ғылыми мектеп ретінде танымал. Л.В.Мардахаев-п.ғ.д., профессор, Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінің профессоры.
1994 жылдан бері Ресей мемлекеттік әлеуметтік университетінде профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
Профессор Л.В. Мардахаев А.В. Барабанщиков пен И.А. Липскийдің идеялары негізінде әлеуметтк педагогиканың әдіснамасын құрылымдады. Олардың еңбектерінде әлеуметтк педагогиканың әдіснамасы гносеологиялық, логикалық-гносеологиялық, дүниетанымдық, технологиялық және әдістемелік деңгейлерде қарастырылған.
Әлеуметтк педагогиканың әдіснамасының тұжырымдамасы алғаш рет әлеуметтік педагогика оқулығында көрініс тапқан. (Л.В. Мардахаев и И.А. Липский). Профессор Л.В. Мардахаев әлеуметтк педагогиканың әдіснамасын жасағанда В.В. Краевскийдің ғылымтанулық тұғырын басшылыққа алған. «Әлеуметтк педагогиканың әдіснамасы» кілтті ұғым әлеуметтік-педагогикалық болмысты тану, қайта жаңарту туралы әдіснамалық білімді есере отырып құрастырылған. Жасалынған тұжырымдама ғалымның әлеуметтік педагогикаға арналған бірнеше оқулықтарында, көптеген мақалаларындакөрініс тапты.
Әлеуметтік педагогиканың оқулығының авторы, танымал ғалым Л.В. Мардахаев ұстанымдарды былайша бөліп қарастырады:
ғылым ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары: жалпы әдіснамалық сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға тән болады. Мұндай ұстанымдар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның жекеше іске асырылуы. Мұндай ұстанымдарға ғылымилық, обьективтілік, тарихилық, практикамен байланыс жатады;
практика ретіндегі әлеуметтік педагогика ұстанымдары (тікелей айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін ұстанымдар). Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жоғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді;
әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру ұстанымдары - бұл ұстанымдар жоғары (орта кәсіптік) мектеп ұстанымдары, олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді. Мұндай ұстанымдарға, сондай-ақ, жалпы сипат тән, жоғары (орта кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талаптарын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет. Сонымен, бірге ғалым табиғатқа сәйкестілік, жеке тұғырлық, гуманизм, әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің тұлғаға шартты шарттылығы, әлеуметтік педагогтің кәсібилігі мен әрекетінің нәтижелілігінің өзара байланыстылығы, мәдениетке сәйкестілік, әлеуметтік байланыстылық, ортаға шартты байланыстылық, өмір мен тәрбие бірлігі; тәрбие ортасының ашықтығы ұстанымдарының мазмұнын ашып көрсеткен.
Профессор әлеуметтк педагогиканың әдіснамасының даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырады. Әлеуметтк педагогиканың әдіснамасының парадигмаларын нақтылауы да назар аударарлық. Ғалым әлеуметтк педагогиканың заңдылықтарын жүйелеген, оның ғылыми пән, білім беру кешені ретіндегі кеңістік алаңдарын бөліп көрсеткен. Әлеуметтк педагогиканың білім беру кешені ретіндегі мақсаты мен қызметтері кеңінен сипатталған. Сондай-ақ әлеуметтк педагогиканың аксиологиялық негіздері қарастырылған.
Профессор Л.В. Мардахаев әлеуметтк педагогиканың әдіснамасын жасауда гуманитарлық әдіснаманы басшылыққа ала отырып, ұлттық тәрбие мен интеллектуалдық әлеует мәселелерін терең ойластыруда. Ол Қазақстан ғалымдарымен тығыз шығармашылық байланыста замануи жастардық рухани-адамгершілік тәрбиесін зерделеуде.
Профессор Л.В. Мардахаев бес монографияның, жеті оқулықтың, он оқу құралының, 300-ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Ол зерттеушілерге арнап, зерттеудің әдіснамалық сипаттамасы, курстық, дипломдық, магистрлік жұмысты орындаудың әдіснамасы мен әдістемесі туралы көлемді еңбектер ұсынды.
Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері мен білім беру үдерісінің нәтижелерін шынайы бағалауға үлкен мән беріледі. Осыған орай ғалымдар педагогикалық болмыстың эмпирикалық нысандарын сандық және сапалық бағалау әдістемелерін жасап ұсынуда.Ресей білім академиясының білім беруді дамыту стратегиясы институтында педагогикалық өлшемдер әдіснамасы зертханасында осы бағытта іргел зерттейлер жүргізілуде. Зертхана жұмысын ұйымдастырушы Н.Н. Найденова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет