Дәрістер тезисі


Девиацияны әлеуметтанулық зерттеу әдістері



бет24/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

Девиацияны әлеуметтанулық зерттеу әдістері:

  1. сұрау әдісі: анкета және тереңдетілген сұхбат (бұл әдістер арқылы девиантты іс-әрекеттің себептерін, девиацияға итермелеуші факторларды, девианттың әлеуметтік портретін анықтауға болады)

  2. құжаттарды талдау әдісі (қылмыстық іс-қағаздарды зерттеу арқылы)

  3. бақылау әдісі: іштей және сырттай бақылау

  4. эксперимент әдісі (адамдарға эксперимент жүргізу этикасы талаптарын орындай отырып жүргізілуі қажет)

  5. эксперттік сұрау (қылмыс саласын зерттеп жүрген ғалымдардан және осы салада қызмет етіп жүрген қызметкерлерден алынатын сұрау) тиімді.

Тексеру сұрақтары:

  1. Тұлғаның дивианттық мінез-құлығы дегеніміз не?

  2. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы нені зерттейді?

  3. Тұлғаның ауытқушылқ әрекетінің табиғаты мен тарихи типтері

  4. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру

  5. Микро және макрота, оның адамдардың девианттық әрекетіне ықпалы.

  6. Әлеуметтік бақылау және оның формалары.

Әдебиет:

  1. Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері: Оқулық. 9-басылым. Ұлттық аударма бюросы. Астана, 2018 жыл

  2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті, 2011 жыл

  3. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы «Қарасай» баспасы, 2013 жыл

  4. Биекенов К.Ү., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Әлеуметтану: Оқулық. Алматы, 2016 жыл

  5. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, 2014 жыл

  6. http://elib.kaznu.kz/book/ - пән бойынша әдебиеттердің электронды нұсқалары базасы


8-дәріс. Дін, мәдениет және қоғам
Дәрістің жоспары:

  1. Діннің адамзат қоғамындағы алатын орны

  2. Дін әлеуметтануының оқыту аясы

  3. Дінді зерттеген әлеуметтанушылардың дінге қатысты негізгі ойлары

  4. Мәдениет: негізгі категориялары.

Дәрістің мақсаты: дін әлеуметтануының зерттеу аясын және дін әлеуметтануындағы негізгі теорияларды қарастыру, мәдениеттің негізгі категорияларымен таныстыру.
Дін қоғамның құрамдас бөлігі, діннің адам мен қоғамға тигізетін ықпалы орасан. Әлеуметтанушылар дінді объективті түрде, ғылыми зерттеулерге сүйене отырып зерттейді. Сонымен бірге дінді құндылық ретінде қарастырады. Бүгінде дін – білімділік деңгейімен мәдениетпен, саясатпен, шиеленістермен біте қайнасып жатқан, қоғамдағы ең бір өзекті проблемаға айналып отыр.
Дін әлеуметтануы дін, қоғам, адам арасындағы байланыстарды, олардың бір-біріне тигізетін ықпалын, адамның дінге көзқарасын, адамның көзқарасындағы діннің өзгеру белгілерін, діни ұғымдарды, діннің әлеуметтік сипатын, діни біргейлікті зерттейді. Дін әлеуметтануындағы негізгі ұғымдар: дін секуляризация, діни фундаментализм, деноминация, діни бірлестіктер, конфессиялар, діни қозғалыстар, ғибадатхана, секта, т.б.
Дінді зерттеген әлеуметтанушы ғалымдар: Э.Дюркгейм, К.Маркс, М.Вебер, т.б.
Э.Дюркгейм дінді құрылымдық-функционалды мектеп тұрғысынан зерттейді (Э.Дюркгейм - әлеуметтанудағы құрылымдық-функционалды мектептің өкілі). Ол діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттеген. Дін – қоғамдағы ортақ құндылықтарды, дәстүрді және мәдениетті ұстап тұратын, нығайтатын құрал. Дін адамға жайлылық, тыныштық, қанағаттану сезімін сыйлайды, дейді француз әлеуметтанушысы.
Э.Дюркгейм дінге мынандай анықтама береді: дін дегеніміз құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастықтарға біріктіретін, тылсым және қасиетті дүниелермен байланысты танымдар жүйесі.
К.Маркс дінді зерттеудегі шиеленіс теорясы мектебінің белді өкілі. Ол діннің қоғамдағы ролін жоғары бағалаған. Ол дінді апиын деп айтқан, яғни дін арқылы үстем тап өкілдері қаналушы, кедей тап өкілдеріне билігін жүргізе алады. Жоғарғы тап өкілдері (меншік иелері) кедейлердің қаналуын байқатпау үшін, олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударады. Дін – халықты билеу үшін қажетті идеология құралы; Дін – әлеуметтік шиеленісті тежеуші құрал, яғни қарапайым халықтың дінге сенуі үстем тап үшін пайдалы деп түсіндірген. Сонымен қатар К.Маркс адамдардың тұрмысы жақсарған сайын, діннің олардың өмірінде алатын ықпалы да төмендей береді деген.
М.Вебер дінге ғылыми түсінік берген ғалым. Вебердің дін теориясында құрылымдық-функционалды түсінік те, К.Маркстің шиеленіс теорясы да көрініс тапқан. Дін – қоғамдағы өзгерістердің, тұрақсыздықтардың себебі. Дін – белгісіз дүние жайлы білім іздеу. Дін – қоршаған ортаны түсіндіре алатын әдістің бірі. Адам тіршіліктің түпнегізі, өмірдің мәні туралы сұрақтарына харизмалы діни көшбасшыға жүгіну арқылы жауап таба алады. Харизма – адамды өзге адамдардан даралап тұратын, ерекше тұлғалық қасиет. Харизмалы тұлғалар адамдарды артынан ілестіре алатын тұлғалар. Харизмалы тұлғаларға исламдағы Мұхаммед пайғамбар, христиан дініндегі Ийсус Христосты жатқызуға болады деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет