362
Сүлеймен қарақшы
— Базар аяғына дейiн күте тұрсайшы. Үлестерiңдi содан
кейiн-ақ берейiн.
— Оған уақытым жоқ. Мүмкiн сен малдарыңды тез-тез сатып,
зытып қаларсың. Мына дәу қасыңда неғып тұр өңкиiп? Кiм бұл?
— Шаһарға кеше келген қонақ қой.
Жылмақай жөйiт Сүлейменге қарап бiрдеңе деп мiңгiрледi де
шалға қарап, қайта шүйлiктi. Ол оны сөзбен қаузап жатқанда, тағы
екi жiгiт келдi. Олар да Сүлеймендi итере-итере кимелей өтiп,
аналардың жанына барды. Шалдың
әлi анаған пұл бермегенiн
бiлген соң:
— Бұл қазақ мына дәуге сенiп тұрған шығар. Әйтпесе неге
ақша бермейдi? — дедi бiрiншiсi ұртында кекесiн күлкi ойнатып.
— Кiмге сенсе де, бiзден құтыла алмайды, — дедi екiншiсi.
Сосын Сүлейменге бұрылды: —
Сен неге тұрсың мұнда
қақшиып? Бар, итiңдi суғар.
Бұл уақытта шал жанқалтасынан ақшасын шығарып, “қазiрге
осыны ала тұр” деп қасындағы жөйiтке бiр уыс пұл ұсына берген.
Оны көрген Сүлеймен:
— Бiр сом да бермеңiз, көке! — деп ақырып қалды. — Бiр сом
берушi болмаңыз! Ей, сен, жаңа не дедiң? Маған “итiңдi суғар”
деп тұрсың ба, нәлетi? Бәлкiм, өзiң суғарарсың! —
деп өзiне
қисық сөйлегендi қойып қалды.
Дәл құлақ шекеден тиген соққыдан ол сорлы байлаулы тұрған
аттардың астына бүк түстi.
— Сен, сұмырай, кәрi кiсiнi жөн-жосықсыз бұл қай тонауың?
— деп тiстене кiжiнiп тұрып, ақша алайын деп тұрғанды да бiр
пердi. Жаңа ғана зiркiлдеп, батырсынған ол
неме де шалдың
аяғын құша құлады. Өзiнiң таяқтан құры қалмайтынын сезген
үшiншiсi қонышынан ұзын, екi жүздi пышағын суырып алды:
— Кел, кел! Кәлләңдi кесiп тастайын, — деп пышағын ары-
берi сермей, бiресе олай, бiресе бұлай секiре бастады.
Ол секiре құтырынғанда Сүлеймен шекпенiн шешiп, оң
қолына орады. Бiр кезде анау «а-а!» деп айқайлады да пышағын
алға созып, Сүлейменге тұра жүгiрдi. Сүлеймен оң жаққа ыршып,
шекпенiн оған қарата лақтырып жiбердi.
Шекпен жазылып
барып, ананың бетiне сарт тидi. Алға қарай ентелей жүгiрген ол,