Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет21/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
да алда бiреулердiң болуы ләзiм. Олар қашан соңғы жылқы 
шатқал iшiнен шыққанша алдағыларды қайырып, иiре тұрады.
— Тап қазiр артымыздан қуғыншы келiп қалады деп 
қорықпайсыз ба?
— Жаужүрек қуғыншы болмаса, дәл қазiр артымыздан ешкiм 
келе қоймас. Бұл жерде қуғыншының бiздi алуы оңай емес. 
Қайта бiз олардың жолын қиядан тас домалатып, оп-оңай бөгеп 
тастаймыз. Егер, Құдай бетiн аулақ қылсын, соңымызға әккi де 
күшi мол қуғыншы тобы түсетiн болса, ол бiздi ашық жерлерде 
басуға әрекеттенедi. Бiрақ қанша дегенмен, соңымызда ешкiм 
жоқ деп, босаңсуға болмайды. Қазiр шатқалдан шыққасын 
жылқыларды бүлкiлге салып қуамыз. Бүгiн түнде қалай болғанда 
да Өгемнiң шетiне жетуiмiз керек. 
Шатқал арасымен ұзақ жүрдi. Бiр уақытта жазыққа шықты. 
Үйiрдi алты ұры жан-жақтан қоршап, жылқыларға құрық басты. 
Бiрталай жер жүргенде таң қылаң бердi.
— Құдай қаласа, Аюқұлағанға келiп қалыппыз. Жыраның оң 
жағын айналып, сайға түсейiк. Аттарды жай айдаңдар. Денелерi 
қызған олар, айдауға көне бермей, арт жаққа қашуы мүмкiн. 
Шашауын шығармай, осы екпiнмен сайға бiр-ақ айдап түсiрейiк. 
Сары айғыр қайда келгенiн өзi аңдамай қалсын, — деп айқайлады 
Көбек.
Елден жырақ, тек аң мен құс қана мекен еткен тау басында 
өздерiн еркiн сезiнген ұрылар айқайға басып, аттарды сай 
табанына қарай қуды. Тер басқан жондарына құрықтардың 
сабауы тиген соң жылқылар барымташылардың айдауына 
көнбеске амалдары қалмады. Таң жарықтана түсiп, малдардың 
түр-түстерi айқын көрiндi. Сүлеймен жан-жағына көз салғанда 
күнбатыс жақтан үстерiнен төнiп тұрған бiр биiк құзды көрдi. 
Аюқұлаған құзы осы-ау. Бiрақ оған ұзақ қарай алмады. 
— Әй, бала, алақтай бермей, алдыңдағы малға қарасайшы.
Көбектiң сөзiнен кейiн мойнын бұрып қараса, тура алдында 
бiр семiз ат еңiске қарай жүре алмай, төрт тағандап тұр екен. 
Басқа аттар бiраз жер алға кетiп қалыпты. Сүлеймен қолындағы 
құрығымен оның жон арқасымен салып-салып қалды. Анау 
жануар зарлы дауыспен бiр кiсiнедi де, төмен қарай төрт аяғымен 
тайғанақтай сырғи барып, үйiрге қосылды.
— Желiнi толып қалған буаз бие екен-ау. Көкпектiгi жеткенше 
құлын тастап қоймаса болғаны. Айдауды көтере алмай, зорығатын 
түрi бар,— дедi Әмiр. 


46
Сүлеймен қарақшы
— Тастаса, тастай берсiн құлынын. Көкпектiгi жеткен соң өзiн 
сойып, бүгiнге ет қыламыз, — дедi Кендiр даусын көтере. 
— Қойыңдар-ей. Обал емес пе?
— Сен, немене, Сүлеймен? Ол биенi құлынымен бiрге көтерiп 
жүрмекпiсiң? 
— Әй, өшiрiндер үндерiндi! Жүре көремiз,— деп ақырды 
Көбек. 
Ұрылар сүт пiсiрiмдей мезгiлде үйiрдi сай табанына айдап 
түсiрдi. Сай iшi қалың ағаш басқан ну. Мұнда бiр үйiр емес, 
оншақты үйiр жылқыны жасырып отыруға болатындай. 
Сүлейменнiң қуанышына орай, манағы бие осы жерге жеткенше 
құлындаған жоқ. Ұзақ жүрiстен шаршап, бүйiрлерi солқ-солқ 
етiп тұрған жылқылардың шетiн ала басын төмен салған күйi ол 
да тұра қалды.
— Кеш батқанша, осында аялдаймыз. Сүлеймен, сенiң қандай 
қажырлы екенiңдi көрейiк. Жылқыларды бiрiншi кезекте күзетуге 
келiсесiң бе? 
— Жарайды, Көбеке. Менiмен бiрге кiмдер болады? 
— Кендiр, Әмiр үшеуiң қалыңдар. Басқамыз ұйықтайық. 
Түс болғанда бiздi оятыңдар. Кендiр, сен мына екеуiне бас бол. 
Жылқылар бiр тынығып алған соң, отығуға өздерi-ақ бас қояды. 
Абайла, сары айғыр үйiрдi бастап, керi қашып жүрмесiн. 
— Ол жағын бiлемiз ғой, Көбеке. Алаңдамай ұйықтай 
берiңiздер. 
Олар өз аттарын қосақтап, бiр шыршанын түбiне жата-жата 
кетiстi. Осы кезде Кендiр Сүлейменге қарады:
— Сен бала, мылтық атуды бiлемiсiң?
— Оны бұрын кiм атып көрген дейсiң. 
— Ата алмасаң да, мә, арқаңа асын мұны. Оқ-дәрiнiң иiсiн 
сезген аң-құс өзiңе жоламайтын болады. Қазiр үшеумiз үйiрдiң 
үш жағына шығып отырайық. Тек ұйықтап қалмаңдар. Бiраздан 
соң сары айғырды ұстап, байлап қоямыз. Ол бiр орнында болса, 
басқалары еш жаққа кетпес. Сен, Әмiр, анау етек жақты күзет. 
Сүлеймен, сен мына қия жаққа бар. Ал мен осында қалайын. 
Кендiр берген шитi мылтықты асынды да, бiр қолына құрық, 
бiр қолына сойыл ұстап, қия жаққа бет алды. Бағанағы буаз бие 
тура сол шетте тұр екен. “А, жануар, өзiм жақта тұрғаның қандай 
жақсы болды”, деп қойды iштей. 


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет