ЛЕКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасиология, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
Сөз дегеніміз дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, белгілі сөз арқылы ойлайды. Ойлауға қатысқан сөз мағыналы дыбыстардың жүйелі түрдегі дыбысталуы, айтылуы түрінде болады.
СӨЗ БЕН ДЫБЫС
Сөз — күрделі тілдік құбылыс. Сөздің дыбыстық, мағыналық жақтары бар. Сөз — тілдің негізгі единицасы (тұлғасы), өлшеуі. Ол дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі, оның бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Бірі — сөздің дыбыстық жағы — сыртқы дыбыстық жамылғыш, екіншісі сол дыбыстық жамылғыш арқылы айтылатын я ұғынылатын сөздің ішкі мазмүны, мағыналық жағы.
Сөздің дыбыстық жағы нақтылы бір затты, қүбылысты ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, белгілі бір ұғымды, мағынаны да білдіреді, мағына мен ұғымның да таңбасы болады. Белгілі бір заттың, құбылыстың және ұғымның, мағынаның таңбасы болу — сөздің дыбыстық жағының бірден бір қызметі.
СӨЗ БЕН ҰҒЫМ
Сөз — ұғымның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Заттар мен құбылыстардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ.
Сондықтан сөз болған жерде ұғым бар.
Ұғым тек жалпылықты ғана бөліп алып қарамайды, сонымен бірге, заттарды, олардық қасиеттері мен қатынастарын өзгешеліктеріне қарай қарастырады. Мысалы, «адам» деген ұғым жалпылық мәнге ие. Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар, кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді. Демек, ұғым деп кез келген сөз табында баяндалған (есімдік, шылау, одағайдан басқаларының) ой жүйесін айтатын болсақ: сөз мағынасы деп ойың білдіретін түсінігін, сөздің өзі атау болған затқа қатынасын, сөз арқылы аталатын заттың, құбылыстың бейнесін, сәулесін айтамыз.
СЕМАСИОЛОГИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |