Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолданудың Әдіс-тәсілдері



бет1/7
Дата21.10.2022
өлшемі3.12 Mb.
#463141
  1   2   3   4   5   6   7
Музыка сабағындағы дидактикалық ойындар


Кіріспе

«Шығармашылық»саласында музыка оқу әрекетінің басты мақсаттары-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру,музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу,әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.


Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру,олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету,музыканың дыбысын естіп,түсінуге,адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу-осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.
Жас ерекшеліктеріне,қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды.Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін,сипатын,ырғағын,тембрін ажыратып,түсінуіне әсер етеді.
Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп,мазмұнын байыта,көркемдей түседі.Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады,балалық қиялдарын қозғап,түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілетерін дамытып,оларды әдемілікке,музыкалық үндестікке баулиды.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Ұлт ойындарының шығу тарихы жөнінде Ы.Дүйсенбаев: «Қазақта кең тараған мереке тойлардың бірі – «күзем алу». Ол «үлкенкүзем» және «кішікүзем» болып өткізіледі де үлкен той, ойын сауық түрінде өтеді. Күзем алып жатқан ауылдың сыртынан тындап тұрсаң, ығы-жығы адамдар еңбек үстінде біреуі ән салып, біреулері айтысып жатқанын естисің. Жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған әйелдер киізді қарпығанда, яки киізді шиге орап, жонасырып, бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де әзіл мен айтыс өлендерді, киіз басуды бейнелейтін өлендерді айтады. «Қойбасты – қойбасты» - деп үлкен үйлердің алдына әкеліп ырымын алады. Сол еңбек процесінен туған кейбір халық ойындарын бүгінде театр сахнасында қолданып та жүр. Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жібек» пьесасындағы жүн сабау, киіз басуды бейнелейтін «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған.


Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Моңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезінде осы өңірді мекендеген ру – тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген материалдар жинаған.
Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольд өзінің достарына жазған бір хатында: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен си – құрметі мен ойын сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек» - деген екен.
Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша.Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға, әдептілікке, мінезінжақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалы эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру –тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес, сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе. Дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы,сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады». Сондықтан балаға жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, «халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық даналығы- мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың, шешендердің сөздері толғау, өсиет сөздері арқылы баяндалып отырады. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор». Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдыққа, адалдық пен кішіпейілдікке, ибалылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.
Музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.
С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1.Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
4.Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
6. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;
8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Демек, музыка сабақтарында дидактикалық ойындарды оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

  1. Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерінен оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалык ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
2. Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін музыка сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет