(1912-1993)
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев- аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ,орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы 1988 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген.1931-19336 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
ЕҢБЕК ЖОЛДАРЫ
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
1939 жылы – Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары,Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1965 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
ИГІ ІСТЕРІ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол СОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткер бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск,Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды,Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхаммед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
МАРАПАТТАРЫ
-
8 Ленин ордені
-
Еңбек Қызыл Ту ордені
-
Медальдар
-
Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
МАҚАЛАЛАРЫ МЕН КІТАПТАРЫ
1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары»
-
1992 жылы – «О моём времени»
-
1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»
-
1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»
ҚОНАЕВ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР
-
Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
-
Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
-
Үлкен Алматы каналы.
-
Орал қаласында - шағын аудан.
-
Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
-
Талдықорғанда - көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
-
Алматы қаласында - жекеменшік университет.
-
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше.
-
1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
-
1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
-
Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
Мерзімді басылымдар
2010
Ахмет, Б.
Гүл қойылып, құрмет көрсетілді [Мәтін]: Д.А.Қонаевты еске алу / Б. Ахмет // Ақ жол: Жамбыл облыстық газеті.- 2010.- №5-6(17059-17060).- Б.1.
Әбдиев, Е.
Дінмұхамед Қонаев - халық ықыласына бөленген жан [Мәтін]: Тағзым / Е. Әбдиев // Жамбыл - Тараз: Қоғамдық саяси-апталық газет.- Тараз, 2010.- №1(975).- 6 қаңтар.- Б.5. 0 экз.
Әбдиев, Е.
Тау тұлға алыстаған сайын асқақтай береді [Мәтін]: 12 қаңтар -көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туған күні / Е. Әбдиев // Ақ жол.- 2010.- №2.- Б.2. 0 экз.
Әбіров, Д.(Абиров).
Дінмұхамед Қонаев - қоғам қайраткері [Мәтін] / Әбіров, Д.(Абиров) // Қазақ тарихы: Ғылыми - әдістемелік журнал.- Алматы, 2010.- № 4(103).- Б. 63-64. 0 экз.
Әбдиев, Е.
Тау тұлға алыстаған сайын асқақтай береді [Мәтін]: 12 - қаңтар Д. А. Қонаевтың туған күні / Е. Әбдиев // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- Тараз, 2010.- 3-4 (17.057-17.058).- 12- қаңтар.- Б.2. 0 экз.
Байқошқаров, Б.
Димекеңнің дипломатиялық қатынастардағы белгісіз қырлары [Мәтін]: 12 қаңтар-Д.Қонаевтың туған ккүні / Б. Байқошқаров // Ар-Ай.- 2010.- №2.-14қаңтар.- Б.7. 0 экз.
Ғали, Т.
Нұрғисаның шарапаты [Мәтін]: КСРО мен Қазақстанның халық әрісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев жайлы / Т. Ғали // Айқын.- 2010.- №4.-15 қаңтар.- Б.8. 0 экз.
Ғалымжанұлы, Д.
Дінмұхамед Қонаев. Кремль құшағының қыспағы [Мәтін]: Қонаев-100 / Д. Ғалымжанұлы // Егемен Қазақстан.- 2012.- №15-16.-14 қаңтар.- Б.9-10. 0 экз.
Д.Қонаевтың 98 жылдығы атап өтілді [Мәтін] // Арстан.- 2010.- №2.-15қаңтар.- Б.1. 0 экз.
Данашбаева, Р.
Ғасырдың ғажап адамы [Мәтін]: 12 қаңтар Д. А. Қонаевтың туған күні / Р. Данашбаева // Ақ жол: Қоғамдық - саяси газет.- Тараз, 2010.- 3-4 (17.057-17.058).- Б.2. 0 экз.
Дәулетхан, Ә.
Өң мен түстің арасы... [Мәтін]: Дінмұхамед Қонаев жайлы / Ә. Дәулетхан // Түркістан.- 2010.- №5.-4.02.- Б.11. 0 экз.
Қалдыбай, М.
"Тас түскен жеріне ауыр" [Мәтін]: Асанбай Асқаров өмірінен үзік сыр / М. Қалдыбай // Түркістан.- 2010.- №27-28.-8 шілде.- Б.10. 0 экз.
2011
Аймағамбетов, Е.
Көпке танылып көсем болған [Мәтін]: Қонаев - 100 / Е. Аймағамбетов // Ақиқат.- 2011.- №8.- Б.35-37. 0 экз.
Айтмағамбетов, Е.
Көпке танылып көсем болған [Мәтін]: Қонаев - 100 / Е. Айтмағамбетов // Ақиқат: Ұлттық қоғамдық - саяси журнал.- Алматы, 2011.- № 8.- Б. 35-37.
Ахмет, Б.
Жұмбақ жан [Мәтін] / Б. Ахмет // Ақиқат: Ұлттық қоғамдық-саяси журнал.- Алматы, 2011.- №12., желтоқсан.- Б.48-50. 0 экз.
Ахмет, Б.
Жұмбақ жан [Мәтін]: Қонаев - 100 / Б. Ахмет // Ақиқат: Ұлттық қоғамдық-саяси журнал.- 2011.- №12.-желтоқсан.- Б.48-50. 0 экз.
Байзақ, А.
Қонаевтың 100 жылдығы тойланады [Мәтін]: Мерейтой / А. Байзақ // Жамбыл Тараз.- 2011.- №39.-28 қыркүйек.- Б.3. 0 экз.
Демешов, Қ.
Естен кетпес ғажап сәт [Мәтін]: Солай болған / Қ. Демешов // Жамбыл - Тараз: Қоғамдық-саяси апталық газет.- 2011.- №48(1074).- Б.9. 0 экз.
Ерназаров, А.
Қонаевтың ұлылығы - жан дүниесінің тазалығында еді... [Мәтін]: 12 қаңтар - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні / А. Ерназаров // Ар-Ай.- 2011.- №2.-13қаңтар.- Б.5. 0 экз.
2012
Айткен, Д.
"Назарбаевта ғана менің мұрагерім болатын мүмкіндік бар" [Мәтін]: "Д.А.Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға боп қалары даусыз" Н.Назарбаев / Джонатан Айткен // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 4(17519).- 12 қаңтар, бейсенбі.- Б. 5. 0 экз.
Айтоқов, Ә.
Алып тұлға, байсалды [Мәтін]: Д.Қонаев - 100 жыл / Ә. Айтоқов // Ар-Ай.- 2012.- №2.-12қаңтар.- Б.7. 0 экз.
Академик Қонаев [Текст] // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.73-77. 0 экз.
Аманжол, Қ.
Нұрсұлтан Назарбаев: Елі барда ер елеусіз қалмайды [Мәтін] / Қ. Аманжол // Егемен Қазақстан.- 2012.- №13-14.-13 қаңтар.- Б.1-2. 0 экз.
Асқаров, А.
Ұлттың рухани ұстазы еді [Текст] / А. Асқаров // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.10-13. 0 экз.
Әбіл, А.
Астана құрылысында қолтаңбасы қалған [Мәтін]: Кемел шақ. Қожахмет Қабылбеков туралы бір үзік сыр. / А. Әбіл // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №14(17530).- 4 ақпан.- Б.5. 0 экз.
Әшімов, Б.
Ұлтымыздың мақтанышы [Текст] / Б. Әшімов // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.4-9. 0 экз.
Байжан, К.
Қапшағай-қымбат қолтаңба [Мәтін] / К. Байжан // Егемен Қазақстан.- 2012.- №10-11.-11 қаңтар.- Б.6. 0 экз.
Байжан, К.
Қапшағай - қымбат қолтаңба [Мәтін]: Қонаев - 100 / К. Байжан // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- №10-11.- 11 қаңтар, сәрсенбі.- Б.6. 0 экз.
Батталханов, Б.
Тұлға тұрған үй [Текст] / Б. Батталханов // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.80-86. 0 экз.
Балтағұлұлы, І.
Кемеңгермен кездескенде [Текст] / І. Балтағұлұлы // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.44-48. 0 экз.
Бекбосын, А.
Адам - Алатау [Мәтін]: Д. А. Қонаев - 100 / А. Бекбосын // Ақ жол: Қоғамдық - саяси газет.- Тараз, 2012.- 3 (17517).- 10 қаңтар.- Б.2. 0 экз.
Бекбосын, А.
Қонаевқа араша түскенімді мақтан тұтамын [Мәтін] / А. Бекбосын // Нұр Астана.- 2012.- №04(425).- 26 қаңтар, бейсенбі.- Б.7. 0 экз.
Демешов, Қ.
Ел ардақтысымен кездескен сәт [Мәтін]: Руъханият / Қ. Демешов // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- Тараз, 2012.- №2(17506).-сенбі, 7 қаңтар.- Б.4. 0 экз.
Домбай, Н.
Елінің бағына туған [Мәтін] / Н. Домбай // Ана тілі: республикалық газет.- Алматы, 2012.- №2.-12-18 қаңтар.- Б.1-5. 0 экз.
Ерболатұлы, Х.
Алатау - Адам [Текст]: Қонаев -100жыл / Х. Ерболатұлы // Жамбыл Тараз: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №4.-25 қаңтар.- С.20. 0 экз.
Ерғалиев, Х.
Жел өтінде жеке дара тұрған тұлға [Мәтін]: Д.А.Қонаев - 100 / Х. Ерғалиев // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 4(17509).- 21 қаңтар, бейсенбі.- Б. 5. 0 экз.
Жамалбаева, Қ.
Д.А.Қонаев - ХХ ғасырдың мемлекеттік және саяси қайраткері [Мәтін] / Қ. Жамалбаева // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.- Алматы, 2012.- №4.- Б.11-16. 0 экз.
Жанасыл, Ш.
Өшпес бейне: Қонаев-100жыл / Ш. Жанасыл // Жамбыл Тараз.- №3.-18 қаңтар. 0 экз.
Ескендір, Қ.
Тұлғаға тағзым [Мәтін]: Д.А.Қонаев - 100 / Қ. Ескендір // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- № 13-14(27085).- 13 қаңтар, жұма.- Б. 1. 0 экз
Жарылқасынова, Э.
Тау тұлғаға тағзым [Мәтін] / Э. Жарылқасынова // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 5(17520).-14 қаңтар, сенбі.- Б. 1. 0 экз.
Жәмкенұлы, С.
Қолында құрығы бар жібек баулы"... [Мәтін]: Зерде / С. Жәмкенұлы // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- №604-605(27678).- 14 қыркүйек, жұма.- Б.10. 0 экз.
Жиенбаев, С.
Елін танытқан ер [Мәтін] / С. Жиенбаев // Егемен Қазақстан.- 2012.- №12.-12 қаңтар.- Б.4. 0 экз.
Жолдасбеков, М.
Ақылдың кені [Текст] / М. Жолдасбеков // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.20-25. 0 экз.
Жұмабайқызы, Г.
Кеңес Аухадиев, қоғам қайраткері: Қазақтың қазақтығын көрсететін - бірінші - жері, екінші - тілі? [Мәтін]: Парасат / Г. Жұмабайқызы // Айқын: Республикалық қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №151(2062).- 15 тамыз.- Б.3. 0 экз.
Жұмағұлов, Б.
Бір сөздің қадірі [Текст] / Б. Жұмағұлов // Мәдени мұра = Культурное наследие.- Астана, 2012.- №7 қаңтар.- Б.49-52. 0 экз.
Изаева, А.
Алыптың атындағы абыройлы гимназия [Мәтін]: Қоғам. Д.А.Қонаев - 100 жыл / А. Изаева // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 5(17520).- 14 қаңтар, сенбі.- Б. 2. 0 экз.
Қылышбек, С.
Кемеңгер [Мәтін]: Д. А. Қонаев - 100 / С. Қылышбек // Ақ жол: Қоғамдық саяси газет.- Тараз, 2012.- 222-223(17.513-17.514) сенбі.- 31 желтоқсан.- Б.1. 0 экз.
Маратбекова, А.
Риддер кенішіндегі алғашқы еңбек майталмандары [Мәтін]: Гуманитарлық ғылымдар / А. Маратбекова // Ізденіс=Поиск: Халықаралық ғылыми-педагогикалық "Қазақстан жоғары мектебі" журналының ғылыми қосымшасы.- 2012.- №2.- Б.107-110. 0 экз.
Мәуленұлы, Ж.
Қазақтың Қонаевы [Мәтін]: Д.Қонаев - 100 жыл / Ж. Мәуленұлы // Ар-Ай.- 2012.- №2.-12қаңтар.- Б.6. 0 экз.
Мекенбайұлы, Ш.
Қонаев тойы жыл бойы жалғасады [Мәтін]: Қонаев -100 жыл / Ш. Мекенбайұлы // Заң газеті: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №8.-19 қаңтар.- Б.3. 0 экз.
Мұқашев, Т.
Адуын ақынның әдеби әлемі [Мәтін] / Т. Мұқашев // Ақ жол.- 2013.- №29.-16 наурыз.- Б.8. 0 экз.
Мұхтаров, А.
Мұражайды қайта жаңғартылды [Мәтін] / А. Мұхтаров // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 5(17520). 14 қаңтар, сенбі.- Б. 2. 0 экз.
Назарбаев, Н.
Қонаев-айрықша ардақтауға лайықты қарымды қайраткер [Мәтін] / Н. Назарбаев // Айқын: республикалық газет.- Алматы, 2012.- №7.-13 қаңтар.- Б.1-5. 0 эк
Омашұлы, Н.
Ет жүрегі езілген ел дегенде.... [Мәтін]: Асанбай Асқаровтың туылғанына - 90 жыл / Н. Омашұлы // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №131(17648).- 13 қазан, сенбі.- Б.3. 0 экз.
Оразбекова, Ф.
Ғасыр адамы [Мәтін]: Д.А.Қонаев - 100 жыл / Ф. Оразбекова // Университет тынысы.- 2012.- № 1.-28 ақпан.- Б. 5. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
Дінмұхамед Қонаев: "Менің халқым ақын!" [Мәтін]: Д.А.Қонаев - 100 / К. Сәттібайұлы (Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі) // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- №55.- 17 мамыр - бейсенбі.- Б.3. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
Қонаев және Аухадиев [Мәтін]: Қонаев -100 жыл / К. Сәттібайұлы // Ақ жол.- 2012.- №64-65.- Б.3. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
Мен білетін Қонаев [Мәтін]: Д.А.Қонаев - 100. "Д.Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға боп қалатыны даусыз" Н.Назарбаев / К. Сәттібайұлы // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2012.- № 4(17519).- 12 қаңтар, бейсенбі.- Б. 4-5. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
Менің халқым ақын! [Мәтін]: Д. А. Қонаев -100 / К Сәттібайұлы // Ақ жол.- 2012.- №55. -17 мамыр.- Б.3. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
"Ойдағыдай шешімге жақын маңда үміт артуға болмайды" [Мәтін]: Қонаев - 100 / К. Сәттібайұлы // Егеменді Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- Алматы, 2012.- № 9 (27080).- сейсенбі. 10 қаңтар.- Б. 6. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
"Ойдағыдай шешімге жақын маңда үміт артуға болмайды" немесе "лжемаршал" мен "маркиздің" қысастығы [Мәтін]: Қонаев-100 / К. Сәттібайұлы // Егемен Қазақстан.- 2012.- №9.-10 қаңтар.- Б.6. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
"Ойдағыдай шешімге жақын маңда үміт артуға болмайды" немесе "лжемаршал" мен "маркиздің" қысастығы [Мәтін]: Қонаев - 100 жыл / К. Сәттібайұлы // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- №9(27080), 10 қаңтар.- Б.6. 0 экз.
Сәуірбай, С.
Намыс [Мәтін]: Желтоқсан жаңғырығы / С. Сәуірбай // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- №832-833(27904).- 16 желтоқсан.- Б.6. 0 экз.
Төлепберген, Н.
Ұлт перзенті [Мәтін] / Н. Төлепберген // Егемен Қазақстан.- 2012.- №10-11.-11 қаңтар.- Б.6. 0 экз.
Төлепбергенұлы, Н.
Ұлт перзенті [Мәтін]: Қонаев -100 / Н. Төлепбергенұлы // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2012.- №10-11.- 11 қаңтар, сәрсенбі.- Б.6. 0 экз.
Түйебеков, Ж.
Кемеңгердің көлеңкесі де ыстық деген сөз дәл Димекеңе арналып айтылғандай көрінетін [Мәтін]: Қонаев - 100 / Ж. Түйебеков // Жамбыл Тараз.- 2012.- №13.-28 наурыз.- Б.4. 0 экз.
Тілепберген, Қ.
Алматының бас сәулетшісі - Қонаев, Астананың бас сәулетшісі - Назарбаев [Мәтін]: Д.А.Қонаевқа - 100 жыл / Қ. Тілепберген // Ар-Ай: Жастар газеті.- 2012.- №47(319).- Б.5. 0 экз.
2013
Аманжол, Қ.
Ұлылық пен ұлағат ордасы [Мәтін]: Мирас / Қ. Аманжол // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2013.- №220(28159).- 26 қыркүйек.- Б.5. 0 экз.
Әбдиев, Е.
Димекең фотосуреттерін жинап жүрмін [Мәтін]: Тағлым. Тұлға / Е. Әбдиев // Жамбыл-Тараз: Қоғамдық-саяси апталық газет.- 2013.- №44(1174).- 30 қазан.- Б.5. 0 экз.
Балуандарымыздың бәсі жоғары [Мәтін] // Арай.- 2013.- №44.- 31 қазан.- Б.11. 0 экз.
Бекжанов, Б.
Асқақ алатаудай айбарымыз еді... [Мәтін]: Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев... / Б. Бекжанов // Түркістан.- 2011.- № 32.- Б. 1, 9.- 11тамыз. 0 экз.
Дәуітұлы, С.
Абыз немесе Д.А.Қонаевтың Төле би туралы бала күнінде естіген аңыз-әңгімесі [Мәтін]: Халық тарих толқынында / С. Дәуітұлы // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2013.- №123(17811).- 24 қыркүйек.- Б.4. 0 экз.
Дербісәлі, Ш.Ә.қ.
Әдемі қартаю [Мәтін]: Тұлға мен тарих / Ш.Ә.қ. Дербісәлі // Дала мен қала.- 2013.- №4(485).- 28 қаңтар.- Б.10. 0 экз.
Жақсанов, О.
Қазақтың Кәмшаты [Мәтін] / О. Жақсанов // Ана тілі: ұлт газеті.- Алматы, 2013.- №10.- Б.6-7. 0 экз.
Кәтімхан, М.
Қазақтың Рахымжаны [Мәтін] / М. Кәтімхан // Арай: жастар газеті.- Тараз, 2013.- №19, 9 мамыр.- Б.6. 0 экз.
Кәтімхан, М.
Қазақтың Рахымжаны [Мәтін]: Сыры мол хаттар. 9 мамыр / М. Кәтімхан // Арай: Жастар газеті.- 2013.- №19(395).- 9 мамыр.- бейсенбі.- Б.6. 0 экз.
Димекең және "Меңді-Михайл" [Мәтін]: Қонаевтың шовенистік өктемдікке қарсылығы және М.Горбачевтың зұлымдығына төтеп, оны тойтаруы / О. Қауғабай // Қазақстан - ZAMAN.- Алматы, 2013.- №32 тамыз.- Б.8. 0 экз.
Қауғабай, О.
Тағдыр [Мәтін]: Шежіре-дерек. Тарих толқынында / О. Қауғабай // Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет.- 2013.- №219(28158).- 25 қыркүйек.- Б.14. 0 экз.
Ордабеков, С.
Кісіліктің арты аңыз, алды жарық [Мәтін]: Толғаныс / С. Ордабеков // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2013.- №39(17727).- 9 сәуір.- сейсенбі.- Б.4. 0 экз.
Сәттібайұлы, К.
Димекеңнің даналығы, Қалағаңның қалжыңы [Мәтін]: Тау-тұлға / К. Сәттібайұлы // Арай: Жастар газеті.- 2013.- №34(410).- 22 тамыз.- Б.8. 0 экз.
Сұлтанбеков, Т.
Қазақтың Қонаевы [Мәтін]: Тағзым / Т. Сұлтанбеков // Ақ жол: Қоғамдық-саяси газет.- 2013.- №107-108(17795-17796).- 24 тамыз.- Б.3. 0 экз.
Тебегенов, Т.
"Желтоқсан түні" алаңда "Менің Қазақстанымды" шырқаған жастар [Мәтін]: Намыс найзағайы / Т. Тебегенов // Ана тілі: Ұлт газеті.- 2013.- №49-50(1203-1204).- 12-19 желтоқсан.- Б.7. 0 экз.
2014
Балтағұлов, І.
Нағыз кемеңгердің жанында жүрдім. [Текст]: 12 қаңтар - Д.Қонаевтың туған күні / І. Балтағұлов // Жамбыл -Тараз: Қоғамдық -саяси апталық газет.- 2014.- №2.- 8 қаңтар.- С.5. 0 экз.
.
Достарыңызбен бөлісу: |